«
Мақта қызбен Мысық »
ертегісін драмалау
.
Мақсаты:
Балалардың ертегіге деген қызығушылығын
арттырып, ойлау қабілеттерін, тілін
байыту арқылы ертегіні драмалау.
Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу,
сөздерді анық айтуға, есте сақтау
қабілеттерін дамыту.Балаларды
достыққа,бірлікке баулу.Ұжымдық бірлесіп
жұмыс жасай білуге, ертегіні тыңдап ,өз
бетінше бейнелей алу қабілеттерін
дамыту.
Көрнекі
құралдар:
ертегі киімдер,маскілер.
Әдіс
–тәсілдер: сұрақ-жауап,
түсіндіру,сахналау, қортындылау,
мадақтау.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
Шаттық
шеңбері:
Жарқырап
күнде ашылды,
Айналаға
гүл шашылды,
Қайырлы
күн!
Біз
ержүрек ұлдармыз,
Біз
нәзік қыздармыз.
Тәрбиеші:Жарайсындар
балалар сөздерін қандай керемет, күн
де бүгін сондай жақсы болатын шығар.
Тәрбиеші:
Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар
:
Төрт мезгіл.
Тәрбиеші:
Аттарын атайықшы:
Балалар:
Жаз, күз,қыс,көктем.
Тәрбиеші:
Балалар,
қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
Күз
мезгілі.
Тәрбиеші:
Күз
мезгілінің ерекшеліктерін атайықшы?
Балалар:
Күн суытады, жаңбыр көп жауады,
жапырақтардың түсі сарғайып түседі,
адамдар жылы киім киеді, құстар жылы
жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші:Сеңдер
« Мақта қызбен Мысық» ертегісін білесіңдер
ме?
Балалар
:
Ия
Тәрбиеші:
Бәрекелді тағы қандай ертегіні білесіңдер?
Балалар:
Бауырсақ, Шалқан,Үйшік,Мақта қызбен
Мысық.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар
балалар өткен ұйымдастырылған оқу
қызметінде мен сеңдерге «Мақта қызбен
мысық» ертегісін айтып бердім.
Бүгін
ертегіні сахналаймыз, алдымен біз ойын
ойнайық.
Ойын:
Балалар ертегілердегі кейіпкерлерді
тауып, қай ертегінің кейіпкері екенін
ажыратып айтып беру.
Мақсаты:
Ертегідегі кейіпкерлерді дұрыс табу
және шапшандыққа баулу, кейіпкерлерді
тани білуге үйрету.
«Мақта
қыз бен Мысық» ертегісін сахналау
Мақсаты:
Сахналау арқылы балалардың
шығармашылығын,сөздік қорын дамыту.
Ертегіге
деген қызығушылығын арттыру.
Ертегіге
қатысушылар:
Алмасұлы Ырыскелді. Мысық
Айдынқызы
Дина. Мақта қыз
Амин
Нұртас. Тышқан
Амин
Кәусар. Қыз су беретін
Жаңбырбай
Дария. Қыз су беретін
Торар
Бекжан . Сиыр
Мұхтар
Аяжан. Дүкенші
Муса
Әли. Тауық
Гинаятов
Азамат. Тал
Тәрбиеші:
Жарайсындар, балалар бүгін өздерін
сахналаған ертегі ұнадыма?
-Ертегіде
қандай кейіпкерлер бар?
-Мақта
қызбен Мысық неге ренжісіп қалды?
Міне,
балалар дос болу қандай жақсы,ешкімді
ренжітпей, сыйластықпен өмір сүрген
дұрыс.
Досы
көпті жау алмайды,
Ақылы
көпті дау алмайды.
Бүгін
біз Мақта қызбен Мысықты достастырдық,еңді
ешқашан ренжіспендер. Осымен бүгінгі
ұйымдастырылған оқу қызметі аяқталды.Сау
болыңыздар.
Күтілетін
нәтижелер:
Білу:Ертегіні
сахналай біледі.
Меңгеру:Ертегіні
құрауға сахналандыруға деген
қызығушылықтарының және әртістік
бейімділіктерің меңгеру.
Игеру:
Театр туралы түсінік алады, мәдениеттілікке,
адамгершілікке тәрбиеленеді.
«Құрық
орта мектеп- гимназиясы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі жанындағы
«Жаншуақ»
шағын орталығы.
Тақырыбы:
«Мақта қызбен Мысық» ертегісін драмалау.
Орындаған:Жұмажанова
.Б.А.
Тексерген:
Шукралина.Р.Ж.
Құрық
2017