15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
« Математикалық сандық» ойыны
« Математикалық сандық» ойыны
7 СЫНЫП
« Математикалық сандық» ойыны. 7 СЫНЫП
Сабақтың тақырыбы: « Математикалық сандық» ойыны.
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау
қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Бәйге (логикалық есептер)
3. Математикалық хоккей
4. Кім жылдам.
5. Эссе
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
«Математикалық сандық » ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді
Ортаға — шеңбер, - тіктөртбұрыш,
топтарын шақырамыз.
Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
Көңілді тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Есептен сайысады үш тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік білімдерін сараламақ
Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.
І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)
ІІ тур «Бәйге» (Әр топ 1 минут ішінде 13 сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер)
І топқа:
1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы? Шыныбеков
2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)
3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
5. 1/10 санының кері саны? (10)
6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
7. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)
8. Жарты түзу. (сәуле)
9. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)
11. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
12. 225 нешенің квадраты (15)
13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)
ІІ топқа:
1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)
2. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)
3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?
6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)
7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
8. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)
9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. ( негізгі ұғымдар)
10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)
11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)
12. Ең үлкен хорда. (диаметр)
13. 35 -тің квадраты (1225)
ІІІ тур. Математикалық хоккей.
Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.
(43*19-26928 : 33)*(16112 : 53 — 304)
Ж: 0
(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
Қасқыр-100
Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.
(әзіл есеп) «Қу түлкі»
Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.
Ж: 127
“Тосап жеу”Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді?
Жауабы: 2 мин
Ең алғаш Еуропаға “миллион” сөзін әкелген кім?
Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323)
Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі.
Жауабы: Гарриот
1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі.
Жауабы: Рене Декарт
XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім?
Жауабы: Лейбниц
«Парабола» деген атауды енгізген біздің заманымыздан бұрыңғы
(262-190) жылдарда өмір сүрген грек ғалымы.
Жауабы: Аполлони
«Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик.
Жауабы: Лейбниц
ІV тур. «Кім жылдам?»
Геометриялық фигуралардың аттарын табу.
1. апрцетяи -трапеция
2. еңшбре - шеңбер
3. шұбршүы - үшбұрыш
4. трұбышрөт-төртбұрыш
5. рвадкат - квадрат
V.Эссе («Математикасыз өмір жоқ»)
VIІ. Қорытынды.
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген