жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
'' Математикалық турнир '' сыныптан тыс іс - шара.
«Математикалық турнир» сыныптан тыс іс-шара
Бұл іс-шараны математика онкүндігі шеңберінде 8-сыныптар арасында өткізуге болады. Өткізілу түрі – екі топ арасындағы сайыс.
Іс-шараның мақсаты:
1.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2.Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс.
Көрнекілік: слайд, интерактивті тақта, фигураларға кескінделген парақтар.
Жоспары:
1.Екі топтың ұйымдасуы, топтарға атау беріледі.
2.1-тур. Блиц-сұрақтар.
2-тур. Жасырылған есеп.
3-тур. Логикалық сұрақтар.
4-тур. Ұяшық таңдау (Математика тарихы жайлы сұрақтар).
5-тур. Кесуге арналған есеп.
3.Қызықты үзіліс.
4.Қорытынды-марапаттау,номинациялау(ақылды,шапшаң,тапқыр,ұтқыр).
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті оқушылар мен қонақтар!
Математикалық турнирге қош келдіңіздер.Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді!
-турнирді бастау үшін, алдымен екі топты ортаға шақырайық.
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
1-тур. Блиц сұрақтар.
Шарты: Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1-топ:
1.Бұрышты өлшейтін құрал. Транспортер
2.7 адам фотосуреттерімен алмасты. Қанша фотосурет таратылды? 42
3.1-9 ға дейінгі цифрлардың көбейтіндісінің соңында неше 0 болады? 1
4.Санды 0-ге көбейткенде ... ? 0шығады.
5.Түзудің бойынан 4 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады? 5
6.Үстелде 3 стакан сүт бар. Алмас 1 стакан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стакан бар? 3
2-топ:
1.Тәуліктің 24-тен 1-і неше сағатқа тең? 1сағат
2.Қайсысы үлкен 2-метр ме алде 198-см ме? 2 метр
3.Түзудің бойынан екі нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады? 3
4.Қолымызда 10 саусақ болса, 10 қолда неше саусақ бар? 100
5.Квадрат метрде қанша квадрат сантиметр бар? 10000см2
6.121 нешенің квадраты? 11
2.тур: Жасырылған есептер.
Шарты: Әр есеп жауабына дұрыстығына қарай 2 ұпай беріледі.
1-есеп.Тіктөртбұрыштың ауданы 24см2, ұзындығы 6см. Тіктөртбұрыштың периметрін тап.
Көмек: S=ab
Жауабы: 20см
2-есеп. Тіктөртбұрыштың периметрі 30см, ұзындығы 9 см. Тіктөртбұрыштың ауданын тап.
Көмек: P=(a+b)2
Жауабы: 56см
3-есеп. 124*36=?
Жауабы: 4464
4-есеп. 142*36=?
Жауабы: 5112
3-тур: Логикалық сұрақтар
Шарты: Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі.
1.Бір адамның 10 қойы болады. Оның тоғызының басқасының бәрі қырылып қалыпты. Сонда барлығы қанша қой қалды?
Жауабы: 9
2.Бөлмеде бар болғаны 2 адам отыр. Оның біреуі екіншісінің әкесі де, алайда екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кімі болғаны?
Жауабы: қызы
3.Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Марат 1 стакан шиені жеп қойды. Сонда үстел үстінде неше стакан қалды?
Жауабы: 3 стакан. Ол стаканды емес, шиені жеді.
4.Бөлмеде әр бұрышта 1 мысықтан және оған қарама-қарсы 3 мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
5.Отбасында анасы, әкесі және 4 баласы бар. Балалардың орташа бойы 120 см, ал ата-аналарының орташа бойы 174 см. Барлық отбасы мүшелерінің орташа бойы қанша?
Жауабы: 120*4=480 174*2=348 4+2=6 (480+348)/6=138 см
6.555555 саны 3 пен 5-ке бөлінеді ме?
Жауабы: Бөлінеді, себебі: 5-ке бөлінеді, цифрларының қосындысы 3-ке бөлінеді.
4-тур: Ұяшық таңдау.(математиканың тарихы туралы сұрақтар)
Шарты: Әр дұрыс жауапқа таңдалған ұяшық нөміріне байланысты 2 ұпай беріледі. Олжа ұяшығында 5 ұпай бар.
1.Математика қай тілден енген сөз?
Жауабы: грек сөзі
2.Геометрия грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
Жауабы: гео-жер, метро-өлшеу
3.Олжа
4.Қазіргі қолданыстағы цифрлар қай елден қолданысқа енді?
Жауабы: араб
5.Математиканың даму тартиххы шартты түрде неше кезеңге бюөлінеді?
Жауабы: 4 кезең
6.Арифметикалық неше амал бар?
Жауабы: 4 амал +-*/
5-тур: Кесуге арналған есептер
Шарты: Алдарыңыздағы фигураны кесіп,квадрат құрастыру керек.Фигураны дұрыс құрастырғанға 1 ұпай беріледі.
1-топ 2-топ

3.Қызықты үзіліс
Әділ қазылар алқасы әділ бағаларын есептегенше көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.
Шарты: Жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс-қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.
Жасырылған сөздер:
1.Қоян 2.Аю 3.Піл

4.Жылан 5.Жолбарыс

4. Қорытынды-марапаттау, номинациялау.
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапаталады. Әр топтан екі оқушы номинацияланады. Номинация атаулары - ақылды, тапқыр, шапшаң, ұтқыр.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген