Тақырыбы:
“ Мектеп жасына дейінгі балаларды
дәстүрлі емес тәсілдермен сурет салуға
үйрету ”
Мақсаты:Сурет
салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерімен
студенттерді таныстыру.Сурет салудың
дәстүрден тыс тәсілдерін пайдалана
отырып, өзіндік қайталанбас бейне
жасауға үйрету.
Көрнекілігі:Слайд,сурет
салуға қажетті материалдар.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру:
-Сәлемдесу
-Жағымды
психологиялық ахуал қалыптастыру
“Жүректен
жүрекке” әдісін қолдану
-Үй
тапсырмасын сұрау
ІІ.Жаңа
сабақты түсіндіру
Бейнелеу
шығармашылығы – қызықты бейнелер мен
ашық бояулар әлемі.Кішкентай бүлдіршіндер
өздерінің ғажайып қиялымен, ерекшелігімен
ересектерді талай таңғалдырады.Балалар
суретті ерекше ықыласпен,қызығушылықпен
және жиі салады. Оларды айналадағы
қоршаған дүние әлемі өз қызығымен
еліктіріп әкетеді. Балалардың сурет
салу әдісін меңгеруі, олардың қабілеті
дамуы болып табылады. Қазіргі кезеңде
жаңа адамды қалыптастыру, оның шығармашылық
белсенділігін дамыту басты назарға
алынған. Сондықтан, сұлулықты сезіну,
жоғары эстетикалық талғам қалыптастыру,
өнер туындысын, туған табиғаттың
сұлулығын түсіну және бағалауды жетілдіру
қажет.
Қазіргі
кезде балалар бақшасындағы балаларды
көркем өнерге баулуда дәстүрден тыс
тәдіс-тәсілдермен бірге бейнелеу
құралдарының да көптеген түрлері
пайдаланылады. Солардың біразына тоқтала
кетейік:
Дәстүрлі
емес әдістермен сурет салуға байланысты
слайд көрсетіледі
Монотипия
әдісі
Саусақпен
сурет салу әдісі
Алақанмен
сурет салу әдісі
Жіппен
сурет салу әдісі
Губка
немесе поролонмен сурет салу әдісі
Шашырату
әдісі
Балауыз
шаммен сурет салу әдісі
ІІІ.Жаңа
материалды меңгеруін тексеру
Қыздар
сіздер болашақ тәрбиеші болғандықтан,еліміздің
ертеңі жас бүлдіршіндерге тәлім- тәрбие
беріп,білім нәрімен сусындататын,баланың
ең алғашқы ұстазысыздар.Енді
бүлдіршіндеріміз ойы ұшқыр,қиялы жылдам
болып өсуі үшін олардың шығармашылық
қабілеттерін ашуымыз керек,бұл ретте
жаңа слайдта көрсетіліп кеткендей түрлі
әдістерді қолдануымыз қажет.
Ал
олай болса жұмысқа кірісейік қыздар,егер
сіздерді қызықтырған сұрақтарыңыз
болса ,қысылмай менен сұрай беріңіздер.
Топтағы
қыздардың жұмыс жүргізу барысында әдемі
әуен ойнатылып тұрады.
ІV.Дайын
болған жұмыстарды көру,бағалау,жаңа
материалды түсінгенін тексеру үшін
сұрақтар қою.
-Монотипия
әдісі дегеніміз не?
-Балауыз
шаммен сурет салуда басты назар қай
материалға аударылады?
-Губка
және мақтаны қолдана отырып сурет
салудың тиімді жақтары қандай?
Саусақпен
сурет салу дегеніміз қандай әдіс?
V.Қорытындылау:
Жарайсыздар
қыздар,бүгінгі тақырыбымыз түсінікті
болды деген сенімдемін.
Жақсы
жұмыс атқарып,жылдам нәтиже көрсеткен
қыздарымызды смайликтер арқылы бағалап
кетемін.(смайликтер арқылы)
Ал
енді құрметті қонақтар бүгінгі біздің
сабағымызды және қыздарымыздың еңбегін
сіздер де бағалап кетсеңіздер.Сіздердің
алдарыңызда себетте түрлі-түсті аламалар
тұр.Мына тұрған шығармашылық алма
ағашымызға өздеріңіздің ойларыңызды
білдіріп
жақсы
орташа
жасыл
тағы
біршама жұмыс жүргізу керек деген
мағынаны білдіреді.
Келгендеріңізге
көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!