400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Мен - өз Отанымның патриотымын! »

Материал туралы қысқаша түсінік
Отанын сүюге,рәміздерді ,Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу,достықты күшейту,ынтымақтастыққа баулу,патриоттық сезімдерін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Мен - өз Отанымның патриотымын! » танымдық-тәрбие сағаты 

Мақсаты: а) білімділік: «Қазақстан» тақырыбы бойынша оқушылардың 
білімдерін толықтыру,тиянақтау,дүниетаным- 
дарын кеңейту; 
ә)дамытушылық:оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, 
сөйлеу тілдерін жетілдіру; 
б ) тәрбиелік : Отанын сүюге,рәміздерді ,Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу,достықты күшейту,ынтымақтастыққа баулу,патриоттық сезімдерін ояту. 
Түрі: танымдық-тәрбие сағаты 
Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,сұрақ-жауап, 
Көрнекі құралдары: рәміздер,Елбасының портреті,Қазақстанның әсем қалалар- 
ының суреттері.

 
І.Ұйымдастыру кезеңі. 

-Сәлеметсіздер ме ата-аналар!
-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Бүгін сендер мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырсыңдар. Қадамдарың құтты болсын!
-Балалар,сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып,бір-бірімізге мейіріммен қарап,амандасайық (оқушылар хормен). 
Аспаны ашық еліміздің, 
Көркі сұлу жеріміздің, 
Біз-бақытты баламыз! 
Ақпыз,қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз! 
-Орындарына отыра қойыңдар. 
ІІ.Негізгі бөлім.

Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін! –

деп Қасым Аманжолов ақын ағамыз жырлағандай,бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: 
« Мен өз отанымның патриотымын » деп аталады. 
Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз 
жерін жаудан қорғап,бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. 
Қазақстан-тәуелсіз,егеменді,көпұлтты мемлекет.Онда қазақтар,орыстар,ұйғырлар, 
өзбектер,корейлер,украйндар және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады.Олар тату-тәтті,бірлікте өмір сүріп жатыр. 
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.

Мемлекетіміздің Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 
Қазақстанда үлкен қалалар көп.Олар:Алматы,Астана,Қарағанды,Шымкент, 
Көкшетау ж.т.б.Бұлар-әдемі қалалар. 
Астана-Отанымыздың бас қаласы,астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 
Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Биыл Астана қаласында үлкен ЭКСПО – көрме кешені өткізілді. Онда көп ұлттар да қатысып өз өнерлерің көрсетті, және бұл көрме әлі де жалғасуда.
Туған жер-тірегім, 
Сенде өстім түледім, 
Бір сен деп үнемі 
Соғады жүрегім. 
Асқарлы,қарлы шың, 
Аялаған ән құсым, 
Туған жер,армысың! 
Саған мың алғысым. 
Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы,мемлекеттік рәміздері бар.1993 жылы 
28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды.1995 жылы 30 тамызда 
еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. 
Адам дүниеге шыр етіп келген күннен оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын 
мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.Әр оқушы тұңғыш мектеп табалдырығын 
аттаған күннен бастап Конституцияда жазылған өз құқығы жайлы білуі керек. 
Мектепте ол өзінің білім алу құқығын пайдаланады.Құқық бойынша мемлекет 
оны ақысыз оқытады.Оқушының бұдан кейінгі мақсаты,борышы-жақсы оқу, 
терең білім алу. 
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар:ту,елтаңба,әнұран.Тудың 
түсі-көк.Көк түс-бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.Тудың ортасында күн орналасқан.Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген.Ені-1 метр,ұзындығы-2 метр. 
Көк аспандай көкпеңбек, 
Қазақстан жалауы, 
Көк емес ол тектен-тек, 
Елдің ашық қабағы. 
Елтаңбаның авторлары:Шота Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібеков.Елтаңбаның
реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті.Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі-
шаңырақ.Шаңырақтың айналасында уықтар.Оны пырақтар қанаты қоршап тұр.Елтаң 
баның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз , астыңғы жағында «Қазақстан»жазуы 
орналасқан. 
Елтаңбасы елімнің, 
Неткен әйбәт,әдемі! 
Тұнығындай көңілдің 
Ортада аспан әлемі. 

Құт,береке-шаңырақ, 
Орын алған ол төрден. 
Қанатты қос арғымақ, 
Екі жақтан көмкерген. 
2006 жылдың 6 қаңтарында жаңа әнұран қабылданды.Әнұранның сазын,яғни әуенін 
жазған «қазақ вальсінің королі» атанған атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов,ал сөзін жазған көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеднеов және Нұрсұлтан Назарбаев. 
ІІІ. Қорытындылау. 
Ақ сандығым ашылды, 
Ішінен сұрақ шашылды.(оқушыларға жоғарыда айтылған 
материалдар бойынша сұрақтар қойылады). 
1.Қазақстан қандай мемлекет? 
2.Елбасы кім? 
3.Қазақстанның астанасы қай қала? 
4.Астана қандай қала? 
5.Мемлекеттік тіл қай тіл? 
6.Мемлекеттік рәміздерді ата. 

Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Отан - әр адам үшін оттан да ыстық.Сабағымызды жақсы оқып,еліміздің адал,еңбекқор азаматы болайық.Ер жетіп 
еліміздің одан әрі көркеюіне ,гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. 









КММ № 4 орта мектебі.








Мен-өз Отанымның

патриотымын!







Сынып жет: Каримова А.Е

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі