: «Мен өз елімді мақтан тұтамын»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

: «Мен өз елімді мақтан тұтамын»

Материал туралы қысқаша түсінік
: «Мен өз елімді мақтан тұтамын»
Материалдың қысқаша нұсқасы



ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ -ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ» МКҚК

Д.Қонаев атындағы

аграрлық техникалық

колледждің ТІЖДО

_________ Р.Абдусаметов.

«_____» «______» 2024ж.


Топ сағаты

Picture 2

Тақырыбы: «Мен өз елімді мақтан тұтамын»

Тобы: Асл 9-222

Өндірістік шебері: З.Раимкулов

Топ жетекші: М.Абдимавланова







2024 жыл.

Тақырып: Мен-өз елімнің патриотымын!

Өткізілген күні: 12.12.2024ж


Мақсаты:

Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, еліміздің даму тарихы туралы ұғым қалыптастыру, жасампаздықтың 33 жылдығына талдау жасау бүгінгі Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді зерделеу.

Студенттерді Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.


Түрі: әңгімелесу

Барысы: Ұйымдастыру.

Қаақстан Республикасының гимні орындалады. Аспаны ашық еліміздің, Көркі сұлу жеріміздің, Біз - бақытты баламыз! Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз! Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімді мақтан етемін». Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға

- Отан деген не, кім қалай түсінеді? Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Отан дейміз кең - байтақ астананы, Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ, Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

- Біздің Отанымыз қалай аталады?

Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. - Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. 1991жылы 16-желтоқсанда тәуелсіз мемлеет болып жарияланды. Мемлекетіміздің өз Астанасы бар. Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын тыідау). 1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.

- Қазақстан Республикасының президенті кім? –

Біздің еліміздің президенті Касым-Жомарт Токаев

- Президент деген кім? Президент — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; Мұғалімнің сөзі: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек? Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Дұрыс - ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?

· Ер — елінде, гүл — жерінде.

· Өз елінде көртышқан да батыр.

· Өз елінің иті де қадірлі.

· Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

· Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.

· Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.

· Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.

· Жат жердің қаршығасынан, Өз еліңнің қарғасы артық.

· Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.

· Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды.

· Отан — отбасынан басталады.

· Опасызда oтан жоқ.

· Отан оттан да ыстық.

· Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Елімізде өткен халықаралық ЭКСПО- 2017 көрмесі туралы не білесіңдер?

Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз Елбасының бастауымен экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс - шаралардың өтуіне ұйытқы болып келеді. Осындай істердің жалғасы ретінде Қазақстан ЭКСПО - 2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Астана ұсынған көрменің тақырыбы "Болашақтың энергиясы" деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және "жасыл" технологияға арналған. "ЭКСПО" атауы – өзінің аты айтып тұрғандай, "экспонат" деген сөзден шыққан. Қазақшаласақ, жәдігер болады, яғни ол – жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Онда ЭКСПО - ның кезекті таңдаған тақырыбына орай жұрттың бұрынғы - соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылады.

Мұғалім сөзі: Құрметті студенттер міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.

· Туған жерге деген ыстық сезім;

· Ата- баба өсиетіне адал болу;

· Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

· Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

· Ана тіліне деген құрмет;

· Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

· Елдің тарихын құрметтеу;

· Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

· Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

· Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

· Заңға бағыну;

· Үкіметті сыйлау;

· Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

· Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

· Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

· Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;

Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2025
693
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі