400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Мен өзім туралы не білемін?»

Материал туралы қысқаша түсінік
« Мен өзім туралы не білемін?»
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні, айы,жылы: 09.11.2018 ж

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: « Мен өзім туралы не білемін?»

Мақсаты:

Білімділік:  өзі және өзінің жағдайы, көңіл күйі туралы түсініктерін

кеңейту. Өзінің дене мүшелері (қол, аяқ, бас, көз, құлақ т.б.), олардың

атқаратын қызметі туралы түсініп,

айтып беруге үйрету.

Дамытушылық:  Өзіне деген сенімділігін нығайтып, құрметі мен дербестігін арттыру. Тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:  Өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларына тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:дене мүшелерінің суреттері.

Сөздік жұмыс: Мен, ұл,қыз

Блингвалды компонент: Ұл-мальчик, қыз –девочка, қол-рука, аяқ-нога,т.б.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың

қызметі

Мотивациялық – қозғау

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Қол алысып кәне біз,

Достасайық бәріміз!

Айтарым бар сендерге

Тез тұрыңдар шеңберге.

Шаттық

шеңбері:

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз

Сәлемет пе! Міне мен!

Доспын енді сенімен.

Балаларды шеңбер бойында тұрғанда сұрақтар қойылып әңгіме

жүргізіледі. Кімнің жанында кім тұрғанын сұрау, ұл немесе қыз екендерін айту.

-Сәлеметсіздер ме!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қимыл қозғалыстарды орындайды.

Балалар

педагогтің

сұрақтарына

жауап береді.

 

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Балалар, ұл, қыз бала туралы біледі

екенсіңдер. Ал өздеріңнің дене мүшелерің туралы білесіңдер ме?Бүгін  біз өзіміз және өзіміздің дене мүшелеріміз

туралы толықтай ақпарат аламыз.

- Балалар, алдарында тұрған айнаны алыңдар, не байқадыңдар?

Кімді көрдіңдер?

- Ал, енді бастарыңды алдыға, артқа, оңға, солға қозғалтып

көріңдерші, қозғала ма?

- Демек, басты не қозғалтып тұр?

- Яғни біздің басымыз мойында орналасқан екен.

- Енді мен қазір допты

лақтырамын,

сендер қағып алуға тырысыңдар. (педагог допты жоғарыға лақтырғандай қимыл жасайды,

бірақ лақтырмайды).

- Сендер допты қағып

алу үшін не

істедіңдер?

- Яғни қол бізге не үшін керек екен?

- Енді үстелдің үстінде тұрған дәптерді

алыңдар.

- Дәптерді ұстап түру үшін не қажет екен?

- Саусақ қайда орналасқан?

- Ал қолымыз қайда орналасқан?

- Аяқ адамға не үшін керек?

-Бас, қол, аяқты бір сөзбен қалай айтуға болады екен?

-Мен

қазір сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін тауып, сол жұмбақтың шешуіне

байланысты алдарындағы тұрған суретте жұмбақтың жауаптарын түрлі түсті

қарындаштармен сурет салу керексіңдер. Педагог ауыз, мұрын,

құлақ туралы жұмбақтар

жасырады.

-    

Екі бала қатар тұрса да,

Бірін –бірі көрмейді.(Көз)

-Алқапта бар биiк тау,

Алды тiк жар қиық тау.

Қос үңгiрi желдетiп,

Ауа жұтар селдетiп.    (Мұрын)

-Бір нәрсе жегеніне  тіпті қоймас

-Адамның ол нәрсесіз күні болмас

Жіберсе қарап қалар жердің бәрі

Кішкене болса-дағы кемдік қылмас (Ауыз)

Сергіту

сәті.

Ән «Көңілді күн» (музыка қойылып

экрандағы қимыл –қозғалысты қайталай отырып сергіту сәтін орындайды).

-Кәне, көздеріңді қолдарыңмен жабыңдар.

-Ал енді көздеріңді ашыңдар да, үстелдің үстінде

жатқан заттарды атап беріңдерші?

-  

Оны қалай

білдіңдер?

-    

Демек, көз, балалар, көру

үшін керек екен.

-Енді құлақтарыңды жауып, маған қараңдар. Мен сендерге шағын

ғана өлең оқып беремін. Сендер өлеңнің мазмұнын маған айтып

бересіңдер (педагог өлең шумақтарын оқып

береді).

- Не себепті

естімей қалдыңдар?

- Демек, құлақтың қызметі қандай екен?

- Жарайсыңдар балалар

 

 

- Білеміз.

- Бар.

 

- Өзімізді

көрдік

Балалар

бастарын

қозғалтып,

қозғалатындығын айтады.

- Мойын

қозғалтады.

Балалар қолдарын жоға­рыға созып,

допты қағып алатындай қимыл жасайды.

- Қолымызды жоғарыға создық.

«Еңбек ету үшін», «бір затты алу үшін», «зат­ты бір жерге қою

үшін», «бетімізді жуу үшін» керек.

Балалар дәптерді алып, ұстап тұрады.

-    

Саусақтар

қажет.

-  

Қолымызда.

-    

Денемізде.

-Аяқ жүру

үшін, жүгіру үшін, отырып- тұру үшін керек.

- Адамның дене

мүшелері

 

 

 

 

 

Жұмбақтың жауабына қарай көз, мұрын, ауыздың суретін салады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар көздерін жұмады немесе алақандарымен басып тұрып ештеңе

көрмей тұрғандығын айтады.

Балалар үстелдің үстінде тұрған зат­тарды

атап береді.

Өйткені, үстелдің үстіндегі зат­тарды көріп тұрмыз.

 

 

Балалар құлақтарын жауып, педагогке қарайды. Балалар

педагогтің оқыған өлеңін естімегендерінің себеебін айтады.

Балалар өздерінің

пікірлерін айтады.

Балалар қапшықтағы заттарды көрмей алып

қандай зат екенін айтады.

 

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балалардан

бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін

сұрайды. Өздеріне дене мүшелері не үшін қажет екендігін сұрап

қорытындылайды

 

Өздерінің көңіл күйлері туралы айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: адамның дене

Нені игереді: өз денемүшелерінің (бас, мойын,қол, аяқ, көз, құлақ) атқаратын қызметін біледі.

Нені меңгерді:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
2252
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі