400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

« Менің елім – Туған жерім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды туған жерін , туған елін , халқын ардақтап өтуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы : « Менің елім – Туған жерім» .

Мақсаты : Оқушыларды туған жерін , туған елін , халқын ардақтап өтуге үйрету . Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру . Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту .

Фонфары

Әнұран

Медеу Жүргізуші :

Жарқырап жанған күндей азаттығы

Көрінер ұлтымның да ғажаптығы .

Республика күнімен құттықтаймын .

Өйткені ол – Ұлт күні , Қазақ күні . Армысыздар , құрметті ұстаздар мен оқушылар және ата – аналар қонақтар . Бүгінгі мерекеміз 25 – і қазан Республика күніне арналған кешімізді ашық деп жариялаймыз

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша Республика Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды .

Айбол Жүргізуші :

Декларация – еліміз Конститутциясының негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі .Қазақ КСР – нің мемлекеттік егемендігін жариялау Қазақстан үшін өз дамуының жолын дербес анықтау мүмкіндігін ашқан тұңғыш акт болды . 1990 жылдан бастап 25 – і қазан Республика күні . Қазақстан – тәуелсіз мемлекет . Балтабай Медеудің орындауында Ән « Отаным» қабыл алыңыздар .

Поэзия Анель , Аян , Гулнур , Мейіржан

Жүргізуші : Айбол

Сен менің сүйегім мен қанымдасың

Жанымдасың , ұятым , арымдасың

Саған деген махаббат дамылдасын ,

Тек сенің топырағыңды жамылғасын .

Жүргізуші : Медеу

Қазақстан , пай – пай !!!

Пай – пай Ардағым – ай !

Сен менің шолпанымсың жанған ұдай .

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт ,

Өлмейтін махаббатым , арманым – ай .

.

Айдос қызы Аяулымның орындауында Ән «Көзімнің қарасы» . Қабыл алыңыздар

Қазақша би

Поэзия Медеу , Баука , Айбол , Әліби

Жүргізуші : Медеу

Жақсылар жанын қиды қасіретпен ,

Алаштың ерлері бар асыл өткен .

Арманым болмас еді – ау туған елім ,

Гүл жайнап , қазақ болып тасып өтсем .

Жүргізуші : Айбол

Қазақстан – атамекен , құт қонған жер

Кең дала , суы мөлдір , нұр тұнған жер .

Көкорай белестері мақпал кілем .

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер Ән «Аққу арман» қабыл алыңыздар .

Күй Адай .

Жүргізуші : Медеу

Рухынан жақсылардың нұр саулаған ,

Жанымды мейірімі құрсаулаған .

Жайсаң өлке , жайдары Қазақстан .

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған !

Жүргізуші : Айбол

Егемен елім десем , сенім кіріп ,

Бойымды билеп кетер сенімділік .

Ешкімге ауыстырмас алтын Отан .

Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп .

Анел мен Альбинаның орындауында ән «Бірге» қабыл алыңыздар .

Жүргізуші :Айбол

Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел – жұртын , жұдырықтай жүрегіне сыйғызып , қыран қанатының астына алып , барша жұрттың теңдігін , татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп , бүгінгі қазақ елін , осы дәрежеге жеткізді .

жүргізуші : Медеу

Елімізде мәңгі тыныштық болсын ! Сүйікті Отанымыз Азат Қазақстан мәңгі жайнай берсін , жарқырай берсін .Елікбай Балсұлтанның орындауында ән «Қазақстаным».

Бүгінгі 25 – қазан Республика күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз ! Мектеп басшысы Қалиев Серік Беркінұлы мырзаға сөз береміз .



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 желтоқсан
630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі