400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Менің Отаным-Қазақстан» тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды 1-қыркүйек білім күнімен таныстыра отырып,құттықтау.Жас ұрпақты Отанын сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балалардың білімге деген ынталарын,жігерлерін арттыру. Әр оқушы сапалы білім алуға,өнегелі азамат,өз Отанына зор үлес қосатын оқушы болуға тәрбиелеу.Ата Заңымыздың 20 жылдығын әңгімелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы : « Менің Отаным-Қазақстан»

Мақсаты:Балаларды 1-қыркүйек білім күнімен таныстыра отырып,құттықтау.Жас ұрпақты Отанын сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Балалардың білімге деген ынталарын,жігерлерін арттыру. Әр оқушы сапалы білім алуға,өнегелі азамат,өз Отанына зор үлес қосатын оқушы болуға тәрбиелеу.Ата Заңымыздың 20 жылдығын әңгімелеу.

Көрнекілігі:Білім күніне арналған суреттер, «Әліппе» оқулығы, рәміздер.Елбасының портреті.

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Танысу.

3.Кіріспе әңгіме.

4.Рәміздермен таныстыру.

5.Қорытынды.

Сабақтың барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныпқа алғаш келген оқушыларды білім күнімен құттықтау.

Құрметті балалар, ата-аналар,аталар-әжелер,бүгін міне көптен күткен ұлы той «Білім күні».Барлықтарыңызды осы күнмен шын жүректен құттықтаймын!

Әнұран айтқызу.

Балалар жан-жақтарыңа қараңдаршы –бұл біздің сынып мұнда біз 4 жыл бойы оқып ,білім аламыз.Біз сыныпты таза ,ұқыпты ұстасақ,ол бізге әр уақытта өз жылуын шашып тұрады.Бізге жылу шашып тұратын не? Әрине күннің көзі.

Ал олай болса біз сендермен танысайық.Менің аты жөнім Қымбат Мырзабековна.Қазір мен әрқайсыңа барып күннің сәулесін таратамын алған оқушы орнынан тұрып өзін таныстырады.(мұғалім өзінен бастайды)Енді әрқайсыларыңда біздің сынптың шуақты күніміздің сәулелері бар.Сендер өздеріңнің сәулелеріңді білу үшін таратқан сәулеге өз аттарыңды жазасыңдар.(балалар өз аттарын жазады)

Балалар, сәулелер күннің көзісіз тіршілік ете алмайды, сондықтан біз қазір күннің көзін құрастырайық. Мен сендердің аттарыңда есте сақтадымба тексерейік,кімнің атын дұрыс айтсам сол өзінің шуағын тақтаға іледі.

Ал енді қараңдаршы қандай әдемі күннің көзі шықты,біз жақсы таныстық .Енді білім әлеміне аттануға болады.

Отан туралы әңгіме.

Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.   

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық  
2. Елордамыз қай қала Астана  
3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ   
4.Мемлекеттің рәміздерімізді ата.

5.Елбасы кім?

Көрнекілікпен жұмыс.

Елтаңба,ту,Астана суреттері,Елбасының сыйлығы туралы айтып кету.Кітаппен жұмыс жүргізу.

Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы,   
Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды.  
Көк аспанда алтын күн. Көк аспанда жас қыран,  
Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың астынан.  

Қыран құсым көк аспанда самғасын  
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр  
Жас ұландар, берік ұста туыңды  
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.   
Еліміздің рәміздерін атайық.   
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)  

Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Байтақ дала – жерім менің  
Арта берсін жерің сенің  
Көк байрағың желбіресін  
Егеменді елім менің!  

Елбасы сыйлаған кітаптарды табыс ету.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі