Материалдар / “ Менің қиялымдағы болашақ қазақ ауылы қандай болмақ?”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“ Менің қиялымдағы болашақ қазақ ауылы қандай болмақ?”

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға эссе немесе шығарма жазуга үлгі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
1642
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің қиялымдағы болашақ қазақ ауылы қандай болмақ?”


ХХІ ғасыр тарих табалдырығынан аттағалы бері, бүгінде Қазақстан мемлекеті ғаламдастыру атты үлкен кезеңдерден сүрінбей өтіп, керемет жаңалықтар мен жетістіктерге толы, сұрапыл сан ғасырды артқа тастап алға қарыштап дамуда. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйіткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салиқалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылық пен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Мемлкетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конституциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы, үмітін үзеңгі қылған елдің перзенттері ретінде түп-қазығымыз АТА ЗАҢЫМЫЗды, ТІЛІМІЗДІ, ДІНІМІЗДІ, ДІЛІМІЗДІ ардақтасақ, осынау істе бірігіп қимылдасақ еліміз әлі-ақ талай белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жететіні сөзсіз. Оған дәлел ретінде әлем картасынан ойып тұрып орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Н.Ә Назарбаев –артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаттылығы мен пайымы, ұлтжандылығы арқасында бүгінгі уақытқа дейін бейбіт әрі тыныш өмір сүрудеміз.

Ең асылы – біз көп ұлтты мемлекет, ел бола отырып, халықтар арасындағы достықты, тыныштықты сақтай білдік. Бұл қазақ халқының ауыз бірілігінің арқасында жүзеге асырылып келеді. Ғылым мен техниканың жетістігін пайдалану арқылы ХХІ ғасырдағы менің қиялымдағы ауыл болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, рухани табыстарға қол жеткізетініне сенімдімін. Ұлттар бірлігін қамтамасыз ете отырып Елбасымыз өз халқына, ұлтына зор сенім жүктейді: «Өз ұлтын сүю, шын мәнінде нағыз қазақ болу – өзге ұлт өкілдеріне астамшылдықпен қарау деген сөз емес», - деп ескерте келе: «Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында», деп өз халқының алдына ауыр міндеттер қойды. Әрбір жылды қоғамымыздағы өзекті бір салаға арнап келе жатқаны көкейге қонады. «Ауылдың амандығы, елдің амандығы», «ХХІ ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыры болатынына сенемін» - деп Елбасы өзі атап айтқан сөздеріне үлкен үмітпен қараймын.

Ауыл жағдайын көтеру, жастарды ауылға тарту сияқты мәселелерді ыңғайлы шешіп, ендігі жерде ауыл жастары ауылда тұрақтап еңбек етуі үшін жастарға ауылдық жерден жұмыс көзі қажет. Ауылдық жерлерге жастарды тұрақтандыру үшін қалалық жерлердегідей барлық қазіргі заман талабына сай техникалық құралдармен жабдықталыуы тиіс. АҚШ мен Канададағы, Австралиядағыдай ауылдар мен қалалардың айырмашылығы мүлде өзгеше, барлық жұмыс механикаландырылған.

Менің ойымша ауылға жастардың тұрақтауы үшін ауылда тұрып жатқан жастарды еңбекпен қамтамасыз ету және еңбек төлемі саясатын жаңғырту керек. Жас отбасылардың ауылда тұрақтап қалуы үшін тегін үй берілсе, жастардың жағдайын оңтайландыру саясатын түбегейлі іс жүзінде жүзеге асыру қажет. Ауыл жастарының несие алып өз кәсібін жетілдіруі үшін барлық мәселені қағаз бастылықпен шектемей жеңілдіктер жасалса.?

Ауылдық жерлерде жастардың ақпарат алмасуы үшін интернет – клубтар ашылса. Мәдениет үйінде аптасына бір рет кино немесе театрландырылған көріністер ұйымдастырылса ауылдық жерлердегі жастардың қызығушылығы қалаға емес ауылға ауады деп сенемін.

Ауыл жастарын көтеру керек, оларға стимул беретіндей қызметтер ұсыну керек. «Ақыл жастан, асыл тастан» - дейді қазағым жастарға сенім арта білуіміз керек. Өз беттерінше жұмыстануға жоғарғы басшылықтан қысым жасамай, қолдау көрсетуіміз керек.

Менің туған өлкем - Тасқұдық өңірі ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше қолайлы, жері, топырағы құнарлы, жайылымдық далалары кең байтақ, ойдым – ойдым сай салаларымен аяулы, ыстық өлке ! Осынау аталар аманатындай ғажайып аймақта жоғарыдағы аталынған менің қиялым мен арманымдағы болашаққа аттанған Тасқұдық ауылы мен жалпы қазақ ауылдарының бейнесі өз кезегінде өмір шындығына айналары хақ.

Қазірдің өзінде мұндай ауылдардың нышаны байқала бастағанына күнделікті ақпарат көздері айғақ бола алады.

Сары қымыз сапырып,

Тамсандырған ауылым.

Әнмен таңды атырып,

Ән салдырған ауылым, - деп әйгілі «Ауылым» әнінде жырланғандай ауасы мен суы таза, келешекте мейлі қалада, мейлі ауылда тұрсам да осынау Отанымның ұлтжанды азаматы ретінде түпқазығымыз – ауылдың болашағына өз үлесімді қосу менің - басты арманымның, мақсатымның бірі болмақ. Менің болашақ таңдауым да осы мақсатқа байланысты.

Еліміздің өткен тарихына үңілсек, көкірегі нұрлы, санасы сәулелі жұртымыздың баға жетпейтін баяны жатыр. Халқымыздың білімі мен ғылымы, рухани кемелденуі мен өсуі жолында бастарын бәйгеге тіккен арыстарымыз бен абыздарымыздың есімдері әрқашан есте сақталып, олар бастаған ұлы мұраттардың орындалуына баршамыз болып білек қосып, тілек тоғыстырғалы келдік.

«Ойдағымыз болды. Ортамыз толды. Төбедегі келді. Төрелескенде де ренжитін ретіміз жоқ. Тек ұзағынан сүйіндіргей. Ақ жолдың алдындамыз. Үлкен тілектің үстіндеміз. Жан-жағымызға бірдей әділ, өткенімізге бірдей сергек бола білсек болғаны. Өйткені, бағзыдағыларымыздың аруағы жебегесін, бүгінгілеріміздің тілегі демегесін бүгінгі күнге жетіп отырмыз!» -деген екен.

Өр елім маңдайыңнан жарық көрдім,

Бабалар өнегесін алып келдім.

Ескерткіш елім үшін орнатпасам,

Мына жалған өмірге неғып келдім.

Жарқырап жанған күндей азаттығы,

Көрінер ұлтымның – да ғажаптығы,

Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Өйткені ол – Ұлт күні, Қазақ күні

Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды тарихта қалдырайық. Ұрпаққа ұялмай тарту ететін мұрамыз да, мұрағатымыз да осы тәуелсіздіктің ақ таңындай негізі көріністер болсын! Бізді алда нұрлы болашақ күтіп тұрғанына сенемін. Жасай бер, жайнай бер, қасиетті ауылым!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!