400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Менің сүйікті ісім »

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға әр адамның сүйікті ісі болатындығы жайында түсінік бере отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Міндеттері: - сүйікті істерімен айналысу арқылы табандылық қасиеттерін қалыптастыру; - өз істері арқылы еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыту; - әр істі жасауда адал еңбек етуге тәрбиелеу.)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану 3 сынып

Тақырып: « Менің сүйікті ісім »

Мақсаты: Оқушыларға әр адамның сүйікті ісі болатындығы жайында түсінік бере отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- сүйікті істерімен айналысу арқылы табандылық қасиеттерін қалыптастыру;

- өз істері арқылы еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыту;

- әр істі жасауда адал еңбек етуге тәрбиелеу.)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. (1 минут)

Оқушыларды түгендеу, кітап, дәптер, қалам, күнделіктерін тексеру.

«5-Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті. Жағымды жағдай туғызу. (5 минут)

«Теңіз түбіне саяхат».

Ой бөлісу: Тыныштық сәтінде қандай сезімде болдыңыздар?

Дәйексөз (3 минут)

«Сүйіп істеген іс шаршатпайды»

Халық мақалы

Ұлдар қосылып дауыстап мақалды оқиды. Қыздар қосылып дауыстап мақалды оқиды. Ұлдар мен қыздар бірге қосылып оқиды.

Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендердің сүйікті істерің бар ма?

Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Түйін: Балалар яғни, сүйікті іс дегеніміз – әр адамның өз жан - дүниесімен атқарған ісін айтады. Өзі сүйіп жасаған іс адамды ешқашанда жалықтырмайды.

Шығармашылық жұмыс (15 минут)

I – сүйікті іс туралы төрт жол өлең шығару

II – еңбек туралы мақал-мәтел айту

III – сүйікті істерін суреттеу

IV – сүйікті іс туралы құрастырма жұмыстар (түрлі-түсті қағаздармен)

Топпен ән айту (3 минут)

Болайықшы осындай

Үй тапсырмасы (1 минут)

Балаларға өздерінің айналысып жүрген ісінен көрініс дайындап келу тапсырылады. Ол сурет салу, аппликация, қол өнер түрлерінен дайындалады. Сол жөнінде әр оқушы өз жұмысын қорғайды.



Соңғы тыныштық сәтi. (1 минут)

Баяу музыка қосылады

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, барлық ізгілікті қасиеттер мен іс - әрекеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қараша
1474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі