Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

. Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері.

Материал туралы қысқаша түсінік
 Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері жайлы мағлұмат беру  Молекулалардың өзара әрекеттесу күштерінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: М.Камалова


Күні:12.11

Сыныбы: 10

Пәні:физика

Сабақтың аты

§ 4.3. Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері жайлы мағлұмат беру

  • Молекулалардың өзара әрекеттесу күштерінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалай білуге баулу

Күтілетін нәтиже

  • Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері жайлы мағлұмат алады

  • Молекулалардың өзара әрекеттесу күштерінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Тебілу күштері:

1. Олар молекулалар немесе атомдардың ара қашықтығы азайғанда өте тез артады;

2. Тебілу күштеріне тән жағдай – олардың жеке молекуланың түріне тәуелділігі.

Тебілу күштері молекулалар бір-біріне жақындағанда 1/r9 –не пропорционал артады.

М олекулалық күштердің қашықтыққа тәуелділік графигі:


Молекулалар бір-біріне жақындағанда потенциалық энергия азаяды, яғни теріс мәнге ие болады. Заттың молекулалары «потенциалдық шұңқырға» түсіп кеткен секілді болады. Молекулалар одан әрі жақындағанда тез артып отыратын тебілу күштері пайда болады да, потенциалдық энергия қайтадан арта бастайды.

Газ тәрізді, сұйық және қатты денелердің құрылымдары.

Г аз өзінің көлемін де, пішінін де сақтамайды, себебі өте әлсіз өзара әрекеттесу күштері оларды бір-бірінің қасында ұстап тұра алмайды.

Сұйықтың молекулалары тығыз орналасқандықтан, оларды сығылмайды деуге болады, сондықтан олары қысым тудырады. Барлық сұйықтар аққыш, яғни олар пішінін сақтамайды, көлемін сақтайды. Сұйық молекулаларының кинетикалық энергиясы олардың потенциалдық энергиясымен шамалас.

Қатты денелер кристалдық тордың әр түрлілігімен ерекшеленеді, себебі молекулалар арасындағы өазар әрекеттесу күштері мен денелердегі молекулалардың немесе атомдардың орналасуы әр түрлі.

Тапсырмалар


Топтық жұмыс «Джигсо»

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (сурет қиындылары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Молекулалардың өлшемі жайында не білеміз?

  2. Молекулалардың массасын қалай анықтауға болады?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (4 минут)

        1. Зат молекулаларының өзара әрекеттесуінің сипаты қандай?

        2. Молекулалар арасындағы тартылыс күштері мен тебілу күштері қашықтыққа тәуелді қалай өзгереді?

        3. «Потенциалдық шұңқыр» деп нені түсінесіңдер

ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген тапсырманы, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Есептің шешуіне үлес қосу





2

Міндетін атқару





3

Топтық жұмысқа атсалысуы





Ү. Топтық жұмыс (5 минут)

Берілген cуреттерді түсіндіреді








Топтың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (12 минут)


1

Білу

Потенциалдық шұңқыр дегеніміз не?



2

Түсіну

Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері нің қасиеттерін жаз?




3

Қолдану

Молекулалық күштердің қашықтыққа тәуелділігін түсірдір?



4

Талдау

Молекулалардың ара қашықтығына байланысты өзгеруін салыстыр?



5

Жинақтау

Молекулалардың потенциалдық энергияларын салыстыру арқылы зат күйлерін қалай анықтаймыз ?


6

Бағалау

Молекулалардың өзара әрекеттесу күштерін білу қаншалықты маңызды?




Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (2 минут)

Кейінгі тапсырмалар

Эссе жазу

Кейінгі оқу

§ 4.3. Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.11.2018
1746
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12