400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

" Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалды ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың алған білімдерін саралап, жан-жақты толықтыру. Пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бақылау,білімді оқушыларды анықтау,білімді,тапқыр,ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту. Ата аналарымен бірге ұйымдастырып, дарындылыққа қызығушылығын арттыру.Ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан? интеллектуалды ойыны 
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін саралап, жан-жақты толықтыру. 
Пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бақылау,білімді оқушыларды анықтау,білімді,тапқыр,ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту. Ата аналарымен бірге ұйымдастырып, дарындылыққа қызығушылығын арттыру.Ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу 
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі,әдебиеттік оқу, математика 
Көрнекілігі:Ойын үстелі, карточка,қара жәшік ,зырылдауық 
Техникалық жабдықтар:үнтаспа, интерактивтік тақта.
Ойын барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі 
Жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ата аналар, ұстаздар, оқушылар және көрермендер! 
Ғылымның сырын ұғына 
Шығыңдар білім шыңына, 
Ұқыптылық пен зеректік 
Жеткізер сіздердей өренді, 
Жеңістің мынау шыңына- деп бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» деп аталатын білім сайысына қош келдіңіздер! Өз білімдерін паш етіп, бақ сынасар сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырайық. 
Жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар, 
Жүректе от, көздерінде жалын бар. 
Білімді топты халайық, 
Қол соғып қарсы алайық. 
Жүргізуші: 
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Пайғамбардың хадистерінде білім алуға ұмтылу әрбір мұсылманның парызы делінген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаев та жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы- білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгінгі сайысымыздың ұраны: 
Білекті бірді жығады, 
Білімді мыңды жығады. 
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер «Не? Қайда? Қашан?» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер 
Ойын алаңына сайысқа қатысушы үміткерлерді шақырамыз.Сайысқа оқушылар мен ата ана қатысады.
2.Таныстыру 
Топ мүшелері таныстырылады /әр оқушының жеке жақсы қасиеттері туралы айтылады/ 
Топ басшысы: Шурабаева Сания.
Жүргізуші: Сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз, 
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар, 
Жүлдені өнерлі тапқыр алар. 
Кім өнерлі , кім тапқыр –шешу қиын. 
Қазылар алқасы болмаса нық сын алар – дегендей кез-келген сайыс бағалануы тиіс. Осының ара жігін ажырататын қазылар алқасы бар. 
Әділқазылармен таныстыру: 
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырайын. 
1. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Гүлдана Бақтыгерейқызы 2. Сынып жетекші: Қымбат Бекежанқызы

Әділқазылар сендердің бүгінгі ойындарыңа баға беріп,қорытындылайды 
3.Ойын ережесімен таныстыру: 
Сендердің алдарыңда зырылдауық қойылған ,айналдыру арқылы сұрақ таңдалып алынады.Әр тапсырманы ойлануға 2 минут уақыт беріледі.Егер тапсырманың жауабы толық болмаса есепке алынбайды. Нақты толық дұрыс жауаптар ғана есепке алынады.Құрметті сайыскерлер сайысымыздың шарттарымен таныс болдыңыздар.Енді сіздерді сәл ширатып алғым келіп тұр.Бұл кезең «Шынығу» деп аталады 
4.«Шынығу» кезеңі: Оқушыларға
1. Қазақтың тұңғыш ұстазы кім?
Жауап: Ыбырай Алтынсарин
2. Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта қара мысық отыр. Әрбір қара мысыққа қарап үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық? 
Жауап: Төртеу 
3.Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды. жауабы: ( күн)

Жүргізуші: Қандай сынақ болса дағы беріспе, 
Әрқашанда үміткерміз жеңіске. 
Армандарға қол созумен келеміз, 
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз. 
Білімменен қаруланған тобымыз, 
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз 
5.Ойын барысы: 
Сайыскерлерге қарсы сұрақ: 

1 сұрақ: Адамдар мен көліктер басып өтетін жануар қалай аталады? /зебра/

2-сұрақ: /видио сұрақ/

3-сұрақ: Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? /жоғары/

4-сұрақ /теледидардан/ 
-Менің қолымда тұрған кесе, ішінде су бар,егер ішіндегі судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады? 
Жауап: Судың бәрін ішіп қойсақ ішінде ауа қалады. 
5 сұрақ: / видио сұрақ/ 
6 сұрақ:
-Елеуішпен су әкелуге бола ма? Болса қалай әкелуге болады? 
Жауап: Болады,қар мен мұз күйінде

7-сұрақ: Моншағы көп тізілер,
Шуағын төксе күліп күн.
Соңғы әріп «К» болса,
Әжем сынды кісілер,
Қолға тағар мүлікпін.

8 сұрақ: Би жетекшісі /слайд/ 
Қазақ халқының ұлттық биін атаңыздар? жауабы: қамажай, қара жорға.

9сұрақ: видиосұрақ

10сұрақ:Сазды әуен ( видио) музыка жүргізіледі қандай ән, авторы кім? Жауабы: Менің елім. мемлекеттік ән ұран сөзін Н Назарбаев, Ш.Қалдаяқов жазды.

11сұрақ: 
Көктем кезінде қар астында бүр жарып шығатын алғашқы гүл. жауабы: Бәйшешек.

12сұрақ:/слайд/ мақалдың жалғасын тап.

Жүз теңгең болғанша ....... Жауабы:жүз досың болсын

Ата аналарға арналған сұрақтар.«Шынығу кезеңі /слайд/ 

І. сұрақ. . Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз/ шырпы/ ІІ. Сұрақ Бір бөлмеде 9 май шам жанып тұр, үшеуін сөндірсек қаншасы қалады? Үшеуі себебі қалғандары жанып, таусылып жоқ болады. ІІІ. сұрақ Логикалық сұрақ. Теректе 9 алма болды, біраз уақыт өткеннен кейін жерге 3 алма түсті...Сонда қанша алма қалды? -теректе алма өспейді

ІҮ. логикалық сұрақ Бір қаладан екінші қалаға барады. Бірақ қозғалмайды. Ол не?

Ү.сұрақ .Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып тұрған сауысқанды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны?

ҮІ. видио сұрақ

ҮІІ. сұрақ. Қара шәшік Ұшып түсер күн бiтсе,

Жоғалады жыл бiтсе.   (Күнтiзбе)

ҮІІІ. сұрақ Дина Нұрпейісоваға күй тартуды үйретіп, домбырасын сыйлаған атақты күйші кім? жауабы: Дина Нұрпейісоваға күй тартуды үйретіп домбырасын сыйлаған күйші Құрманғазы Сағырбайев.

ІХ.сұрақ. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. ауылға неше машина бара жатыр? жауабы: ауылға бір ғана мотоцикл жүргізушісі бара жатыр.

Х. сұрақ-Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы. Кез келген қиын сұрағыңды бүкіл ел болып, тіпті дүние жүзі болып шешуге көмектеседі. Осының бәрі ненің көмегімен жүзеге асырылады. 
Жауап:Интернет 

ХІ. сұрақ. ХІІ.сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі? 
Жауап: -Жолда жүру ережелерін жақсы білетін жасы 14 –ке толған балаларға ғана көше бойымен жүруге рұқсат етіледі. 

Тым-тырыс қарап отыру жараса ма? 
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес, 
Соқ қолыңды білімді жас талапқа – 
Білім деген биік шың, 
Бақытқа сені жеткізер. 
Білім деген ақылшың 
Қиындықтан өткізер! –деп, бүгінгі « Не? Қайда? Қашан?» деп аталатын атты білім сайысымызды аяқтай отырып, соңғы сөзді әділқазыларға береміз 
-Бүгінгі біздің ойыншыларымызға айтатын өз ойларыңызды ортаға салыңыздар. 
Қорытындылау: әділқазыларға сөз 
Марапаттау: Топ басшысына және топ мүшелеріне сыйлық үлестіру 

- Ағашты тазалайтын орман санитары / тоқылдақ/ 
- Әлемдегі ең үлкен жануар. /кит/ 
- Үш тәттіні атаңыз? / ананың сүті, баланың тілі, жарың / 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 мамыр
1594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі