Материалдар / « Неге күзде жапырақтар сарғаяды?»

« Неге күзде жапырақтар сарғаяды?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жыл мезгілінде болатын табиғи өзгерістер туралы мағлұмат беру. Жапырақтардың ағаштан жерге қалай түсетінін бақылау. Жапырақтың құрылымына лупамен бақылау жүргізу және одан алған мағлұматты айта білуге тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Неге күзде жапырақтар сарғаяды?»

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілінде болатын табиғи өзгерістер туралы мағлұмат беру. Жапырақтардың ағаштан жерге қалай түсетінін бақылау. Жапырақтың құрылымына лупамен бақылау жүргізу және одан алған мағлұматты айта білуге тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: лупа,ақ мата ағаш қалдықтары.Үлкен - кіші тірі және кепкен жапырақтар, түрлі түсті қағаздан қырқылған әртүрлі ағаштар жапырағы талдың макеті.

Кіріспе бөлім:

-Балалар шаттық шеңберін құрып бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.

"Шұғылалы алтын Күн!

Күліп шықты ол бүгін"

Топқа Дымбілмес келеді.

Дымбілмес: Саламатсыздар ма, балалар? Менің қолымдағы қорабымда бір құрал бар. Ол қандай құрал екенін білмей отырмын. Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?

Тәрбиеші: Келе ғой, Дымбілмес, ол қандай құрал екен бәріміз көрейікші.

Балалар бұл не? Қандай құрал екен?

-Дымбілмес, бүгін бізді көптеген қызықты әрекеттер күтіп тұр. Бізді мазалап жүрген сұрақтарға өзіміз жауап іздейміз. Сен алып келген лупаны қолдансақ болады. Күз мезгілі жыл мезгілдерінің ішіндегі ең сұлуы емес пе! Күз мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады? Неге тек күз мезгілінде жапырақтар сарғаяды?

Осы сұраққа жауап алғыларың келе ма?

Ол үшін ,балалар жапырақтардың құрылысын көрейікші , бізге ол үшін үлкейткіш құрал лупа керек.

Дымбілместен осы құралды бізге алып келгені қандай жақсы болды.

Түбіртекке қарайық ол жапырақты ағашқа жалғап тұрады.

Ал, мынау талшық, жіңішке түтіктер. Ол түбіртектен бастап барлық жапырақтың бойына барады. Ол күннің көзін өзіне тартып тұрады, сондықтан да ол астыңғы қабатқа қарағанда қаралау болады.

Жапырақты теріс айналдырып көріңдер.

Жапырақтың жиегін пұшпақ деп атайды. Барлығын жапырақтың пұшпағына назар аударыңдар.

Ал, неге жапырақтар тек күз мезгілінде ғана сарғаяды?

Жапырақтың түсінің жасыл болатын себебі, оған жасыл түс беретін «хлорофил» деп аталатын заттар бар. Қазір тәжірибе жасап, хлорофилді анықтап көреміз.

Негізгі бөлім:
Тәжірибе жасайық.

«Неге жапырақтар жасыл түсті?»

Жапырақты алып, жартылай бүктелген ақ матаның арасына қоямыз. Енді оны ағаш оқтаушамен еземіз. Сол уақытта не байқаймыз? Матамызда жасыл түсті дақ пайда болады. Себебі, жасыл түсті жапырақтың бояуы ақ матаға сіңеді. Енді алдымыздағы сары жапырақты алып, жартылай бүктелген ақ матаның арасына қоямыз. Енді оны ағаш оқтаушамен еземіз.

Сол уаққытта не байқаймыз?

Күз түскен кезде күннің жылуы аз болып, күн салқындайды. Бұл жасыл зат күн көзі түспеген соң ,біртіндеп хлорофилі азаяды және жапырақтары сарғайып түрлі түске боялады.

Балалар серуенге жүрген кезде жапырақтардың жерге әр түрлі түсетінін байқадыңдар ма?

Ал, тәжірибе жасап көрейік , жапырақтар қалай, жерге қайсысы жылдам, қайсысы жәй түсетінін және қалай айналатынын байқап көрейік.

Тәжірибе:

«Жапырақтар жерге қалай түседі?»

Ол үшін орнымыздан тұрып, жапырақтарды қолымызға алып, жоғары көтеріп, жерге түсірейік. Жапырақтың жерге түскеніне мұқият назар аударайық, қайсысы жылдам, қайсысы жай түсетінін және айналатынын байқап көрейік. Қандай тұжырым жасадыңдар? Үлкен жапырақ жәй, айналмай түседі. Майда жапырақтар айналып жылдам түседі. Себебін айтыңдаршы?

Серуенге шыққанда сендер, тырма алып жапырақтарды талдың түбіне жинаңдар. Қыста жапырақтар шіріп, тыңайтқыштар болады. Неге солай істемеске, тырмамыз бар. Ал, қазір қызықты тапсырмаларымызды орындайық.

Саусақ жаттығуы: «Күз»

Күзім ау, күзім ау,

Тым жылдам түстің ау.

Келгенде суық күз

Түрленер жем мен түз.

Сап сары жапырақ

Жерге түсті сылдырап

Түрленді солай атырап

Күн жылуын аз себер

Уілдеген жел тұрар

Жылы жаққа қалқып ұшар,

Қош айтып бізге құстар.

Ойын: «Ағаштың көлеңкесін тап»

Сендердің алдарыңда боялған ағаштар мен оның көлеңкесі бар. Сендерге тапсырма әр ағаштың көлеңесін тауып, қосу керек.

-Балалар, күз мезгілінде қандай табиғи ерекшеліктер байқадыңдар?

-Дымбілмес сен бізбен бірге тәжірибе жасап отырып не ұқтың?

Күз мезгілінде серуенге шыққанда сендер қандай еңбекпен айналысасыңдар?

Дымбілмес балаларға алғысын айтып, қоштасады.

Жылдың барлық мезгілі әсем де, көрікті.

Табиғатты сүйейік, қорғайық, қамқор болайық.

-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады екен?

-Неліктен жапырақтар сарғаяды екен?

-Сендерге тәжірибе жасаған ұнады ма?

-Жарайсыңдар балалар сендер бүгін іс –әрекетке өте жақсы қатыстыңдар.



Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!