400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Ойна да ойлан демекші...»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Ойна да ойлан демекші...»

Қоршаған ортаны толық күйде қабылдау қасиетін қалыптастыруға бағытталған сенсорлық тәрбие дунемен танысудың негізіне жаттады.

Табиғи, эстетикалық, заттың тәрбиелеудің жемісті болуы баланың сенсорлық қабылдау деңгейіне тәуелді,яғни қоршаған ортаны анық есту,көру, сезінуіне байланысты. Баланың әр жастағы ерекшелігі алдағы жүйке психикалық дамуына оң әсер етеді. Баланың жасы кіші болса оның сезіну тәжірибесі көп маңызға ие болады.Бала өзінің әр жас денгейінде қандай да болсын әрекеттерді қабылдауда, сезінуде ерекше сезімтал болып келеді.

Күнделікті өмір жағдайында ойнау барысында және еңбек етуде балалар құбылыстардың әр түрлі қасиеттерін басқа қырынан қабылдап, танысады. Балалардың қандай да бір затты сырттай біртұтас қабылдау қасиеттері жақсы дамыған. Мен әр түрлі мазмұндағы әрекеттер барысында балаларға Монтессори элементін қолдана отырып, сенсорлық тәрбиесін ескере отырып №24 « Алма» бөбекжай-бақшасының ІІ-сәбилер тобында «Пысықтар әлемі» атты ашық оқу қызметын ұйымдастырдым. Ондағы мақсатым балалардың танымды көзқарасын қалыптастыра отырып, заттардың айырмашылығы мен кемшіліктерін таба білуге , ойлау , есте ұзақ сақтау қабілеттерін арттыра отырып, сұрақ қою арқылы тілдерін дамыту. Зат құралдарымен әрекет жасау арқылы ұсақ қол маторикасын даму жолдарын көрсету. Балалар заттарды көзбен көре отырып түр –түстерін, көлемін, пішіндерін ажыратуды меңгерулері қажет. Балаларға шынайы өмірде қолданатын заттармен жұмыс жасауларын үйрету басты мақсат.

Балалар оқу қызметынде түрлі-түсті тұздарды пайдалана отырып, саусақтарымен сурет салады, құмның ішінен түрлі-түсті губкаларды елеп, қысқыштармен қысып алып, түстерін ажыратады. Күнделікті қолданатын ыдыс-аяқтарды жуып, орындарына жайғастырады. Ұсақ қол маторикасын қолдана отырып түрлі-түсті,кіші, үлкен түймелерді қадап, сырмаларын сыру, тесікке бау өткізу, түрлі-түсті моншақтардың түстерін ажыратып орналастырады.

Балалар бұл жұмысты орындау арқылы өздерінің киімдерін киюге, түймесін қадауға, киімдерін ажырата білуге, өз заттарын таза, ұқыпты ұстауға үйренеді. Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ маторикасының жақсы жетілуі мен дамуы ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты.

Қорытындылай келе, бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болмақ. Осылайша біздің бөбекжай-бақшамыздағы «Пысықтар әлемі» атты оқу қызметы қызықты болып өтті. Сөйтіп, балалар өз беттерінше еркін жұмыс жасай алатындарын, біраз түсінік алғандарын көрсетті.



№ 24 «Алма» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі. Қ.А.Исаева





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
603
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі