15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
« Ойын және олардың түрлері»
Тақырыбы: « Ойын және олардың түрлері»
Білімділігі: Балаларға сезім дамыту оқу і- әрекеті бойынша өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту. Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажырытып білуге үйрету. Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру. Тәрбиелік: Балаларды қамқорлыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына деиін жеткізуге білуге тәрбиелеу.. Қолданылатын көрнекі құралдар: Пішіндер, әр түрлі ойыншықтар, үлестірмелі құралдар. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Қайталау, сұрақ-жауап, көрсету, ойын ойнату. Танымды оятушулық-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге қонақтар келді. Бәріміз амандасып алайық. –Сәлеметсіз бе! -Балалар дөңгеленіп тұрады. Қонақтармен амандасады.
Сергіту сәті -Балалар, бүгінгі сабағымызға бізге қоян да қонаққа келемін деп, орманда адасып қалыпты. Қане, орманға барып оны тауып алайық. –Балалар, орманға қандай көлікпен барайық? -Олай болса, қане поезд болып тұра қалайық. –Балалар, орманға келдік қане қарайықшы қоян қайда адасып жүр екен. Оңға қарайық, солға қарайық. –Өте жақсы, олай болса оны тобымызға алып кетеиік. Қане, поезға отырайық.(Пуф- чик- чик, пуууф- чик -чик) -Балалар, қоянмен амандасып алайықшы . – Жарайсыңдар, балалар біз бүгін жылдың басынан үйренген білімдерімізді ойын арқылы ортаға саламыз. –Балалар, үстелдің үстіне қараңдаршы, қандай заттар тұр? -Ендеше біздің бірінші ойынымыздың аты. « Түсін ажырат» деп аталады. –Балалар, қоянға мына шарлардың түсін ажыратуға көмектесейікші. –Өте жақсы, түсін ажыраттық. Ендеше шарларға қарайықшы, шарларда суреттер бейнеленген екен.Бұл ненің суреттері? -Дұрыс айтасыңдар олай болса, келесі « Пішіндерді дұрыс орналастыр» деген ойын ойнаймыз.
-Өте жақсы, енді қоянның ойыншықтарына қарайықшы. Келесі ойын «Салыстыр» деп аталады. –Балалар, мына ойыншық қалай аталады? Мына машина қандай? Ал мына машина қандай? Осылай барлық ойыншықтарды салыстырады -Мына доп қандай? -Мұнда бір доп, ал мұнда қанша доп?
Олай болса, балалар сендермен осы доптар арқылы алақанымызға жаттығу жасап алайық. Сиқырлы доптарды қолымызға алып доп туралы тақпағымызды айтайық. Добым, добым домалақ Қайда кеттің домалап Үстел үстін бүлдірдің Тәрелкені сындырдың. –Өте жақсы балалар, келесі ойынымыз « сәбіз теру». Қане, жылдам-жылдам қоянға сәбіз теріп берейік? -Балалар, менің қолымда неше сәбіз? -Ал, сендер қанша сәбіз жинадыңдар? -Өте жақсы -Балалар, сабағымыз осымен аяқталды, айтыңдаршы, бүгінгі сабақ ұнадыма сендерге? -Бүгін біз нені қайталадық? -Қандай ойын ойнадық? -Сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар білімдеріңді көрсеттіңдер. Ал енді қоян орманға қайтам дейді. Оған « Сау бол» деп айтайық. Мынау қояннан сендерге естелік сыйлық. Жарайсыңдар балалар! Балаларды мадақтау. Күтілетін нәтиже: Білу керек: Пішіндерді. Көлемді, санауды, салыстыруды. Игеру керек: Заттар көлемі бойынша үлкен және кіші болатынын, олардың түсү, саны болатынын Үйрену керек: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерімен іс- әрекет жасауды үйренді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген