400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» Мұғалімдерге арналған коучинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыңдаушыларда оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасады. Оқыту үшін бағалау үдерісінің мақсатын меңгереді және оқу үдерісін жетілдіру үшін іс-тәжірибеде қолдана білу, бағалаудың түрлерін білудің маңыздылығы туралы пікірлесу, тиімді жолдарына бағыттау, дұрыс пайдалану жолдарын үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ынтымағы жарасқан тату халық

Біздің халық- жатты жатырқамайтын, жатсынбайтын бауырмал халық. «Таспен ұрғанды аспен ұр», «кекшіл болма, көпшіл бол»дейтін кешірімшіл де кеңпейіл біздің қазекем. Алла қаласа, өзге елмен де тереземізді теңестіреміз-ау, тек қазақты кеңдігінен айырмасын. «Кең болсаң, кем болмайсың!» Жаратқан да бізге тыныштықты осы кеңдігімізге қарай беріп тұрған шығар, кім біледі... «Қайғысызға қара су да ас»дейтін қазақ үшін байлық та, бақ та- ынтымақта. Бүгінде киелі Отанымның шаңырағында жүз отыздан астам ұлт ынтымақта ғұмыр кешуде! Ал менің жанұям жақында өзге ұлттан келін түсірді!..

...Біздің ауылда дүркіреп той өтті. Ағам үйленді. Ауылға келін түсті. Анау- мынау емес,ерекше келін. Ұлты – орыс, жаны қазақ. Жаны қазақтығы сол, қазақша сөйлейді, тәрбиесі де қазақтікіндей. Бізге бәрі қызық. Сөйлегені де, жүргені де. Шайды айналып келіп қайта-қайта ішеміз.Қабақ шытпайды.Әр жұма сайын иіс нан пісіреді. Ет асып, қазанға қамырды да илеп салады. Қабыршақтанған «жайманы» салмайды. Денсаулыққа зиян деп ұнатпайды.Домбырамен ән шырқайды.Даусы керемет.Өзі көңілді.Ата-анам да көңілді. Бірақ басында бәрі де өзгеше болып еді...

Ағам мектепті бітірген соң, жоғарғы оқу орнына түсті.Студенттік бал дәуренде қазақ тобында оқитын орыс қызымен танысады.Көңілдері жарасып,үйленбекші болады.Бірақ үйдегілер қарсы болады. Бала адамның бауыр еті емес пе? Әкем де, анам да көп ойланды. Ауыл-ел болып ақыл қосып,жөн білетіндер батасын беріп, әупірімдеп келісті-ау, әйтеуір...

Бүгінде ерте тұрып шайын қайнатып,малын өріске жіберіп, отбасының ұйытқысы бола білген ибалы келінге бүкіл ауыл риза. Түтін түзу ұшты.Бір шаңырақтың ғана емес,бір ауылдың...

«Бақ, қайда барасың?» дегенде, «Ынтымаққа барамын»деген екен.

Ынтымағы жарасқан, пейілі кең халқымнан айналдым. Сүйемін туған жерімді!.. Сүйемін ата салтымды!..Сүйемін дана халқымды!..



Барханова Назерке

№2 орта мектептің 11в сынып оқушысы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
419
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі