Материалдар / : Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

: Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану

Материал туралы қысқаша түсінік
Тозаңдану мен ұрықтанудың өсімдік тіршілігіндегі маңызын ұғыну. Гүл – тұқыммен көбею мүшесі екендігі туралы қорытынды пікірге негіз қалау. 2. Гүл, гүлдің құрылысы, көбею жөніндегі білімдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту. 3. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
753
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:____________Оқу ісінің орынбасары
Күні:
Сыныбы:6
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы:
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану
Сабақтың
мақсаты:
1. Тозаңдану мен ұрықтанудың өсімдік тіршілігіндегі маңызын ұғыну.
Гүл – тұқыммен көбею мүшесі екендігі туралы қорытынды пікірге негіз қалау.
2. Гүл, гүлдің құрылысы, көбею жөніндегі білімдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.
3. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысы: экологиямен, әдебиетпен, тілмен, халық педагогикасымен.
Сабақтың көрнекілігі: Гүлдің моделі, «Гүлдің құрылысы», «Тозаңдану», «Ұрықтану», Гүлшоғырлар сызбалары. Сөзжұмбақтар, Венн диаграммасы, вагон суреттері, т. б.
Сабақты өткізу әдісі: Аралас, ойын сабақ. Оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасын анықтап болған соң сабақты мынадай өлең жолдарымен бастадым.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Кел, балалар, ойлайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Оқушылар ойын сабақ екенін бірден сезеді. Оқушыларға ойын шарты түсіндіріліп, тапсырманың ұраны мен мақсаты хормен плакаттан оқылады.
Сабақтың ұраны: Тіршіліктің тірегі өсімдікті қорғайық.
Тұқымдарын молайтып өсіруді ойлайық!
Сабақтың мақсаты:
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің?!
Ойын шарты:
Пойызда 4 вагон бар, әр вагон тапсырмамен келген, сол тапсырманы орындап болған соң «белгісіз әлемге» саяхатқа аттану.
(вагон суреттері жапсырылған)
№1 вагон тапсырмасы – сұрақтар.
1. Мүше деген не? Өсімдік мүшелері нешеге бөлінеді?
2. Көбею мүшелеріне нелер жатады?
3. Гүл деген не? Гүлдің бөлімдері қандай? Аталықтың, аналықтың бөлімдері қандай?

№2 вагон тапсырмасы тест.
1. Гүл шығаратын өркенде белгілі бір ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.
А) гүлшоғыр
Ә) гүлсағақ
Б) гүлтабан
2. Бидай мен қарабидайдағы гүлшоғыр түрі.
А) собық
Ә) шашақ
Б) күрделі масақ
3. Аналығы да, аталығы да бар гүл
А. Дара жынысты
Ә) қос жынысты
Б) екеуі де
4. Аталық гүлі бір өсімдікте, аналық гүлі бір өсімдікте болса
А) бір үйлі
Ә) дара жынысты
Б) қос үйлі.

№3 вагон тапсырмасы гүлге қатысты сөз.
1. Жайгүл сағақ есуге келгенде бір тостаған шай мен май ала келген, майын аузыма, мойныма жақтым. (гүлсағақ, тостағанша, аузы, мойны)
2. Майгүл Серікке: «Тозаң толып тұрған қаптың аузындағы жіп шешіліп кетпесін»- деді. (гүлсерік, тозаңқап, аузы, жіпше)

№4 вагон тапсырмасы – формула, жұмбақ.
1. Картоп гүлі.
♂ Т (5) К(5) А 5 Ж(2)
2. Қызғалдақ.
♂ К 3+3 А 3+3 Ж(3)
3. Асбұршақ
♂ Т (5) К1+2+(2) А(9)+1 Ж1
4. Іші жұмсақ, сырты қатты.
Еті қызыл, сүті тәтті.
Соғым сайлап қойдым
Кіндігінен байлап қойдым. (қарбыз)
5. Аласа ғана бойы бар, қабат - қабат тоны бар. (орамжапырақ)
6. Бір анадан жүз бала
Жүзі де боз бала. (жүзім)

ІІІ. Жаңа сабақ – белгісіз әлемге саяхат.
Ұраны:
Білгенің тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Мақсаты: Гүлдің тұқыммен көбею мүшесі екендігін ұрықтану мен тозаңданудың көбеюдегі маңызын ұғыну.
Сабақ жоспарлы тірек - сызбалары арқылы түсіндіріледі.
1. Тозаңдану
Бунақдене (шие, шай)
Өздігінен Айқас Жел (жүгері, емен)
(бетеге, тары)
2. Ұрықтану.
Тозаңдану
ұрықтану.
Гүлді өсімдік – қосарынан ұрықтану.
(Навашин)
3. Қосымша мәлімет.
4. Гамета. Зигота. Спермин.
5. Жұмыртқа жасуша. Орнитофилия.
6. 5 дәптермен жұмыс. 1) Жаңа ұғым.
2) а) жынысты көбею
ә) тозаңдану оның түрлері.
б) ұрықтану.

ІҮ. Қорытынды.
«Оқығаныңды айтпа – тоқығаныңды айт»
А) Тозаңдану – ұрықтану – жеміс – тұқым.
Ә) Венн диаграммасы.

Ү. Бекіту. Жеміс пен тұқым өнімнің алтын қоры.
(Сөзжұмбақтар шешу арқылы) «Зигота», «Тұқымбастама» сөзжұмбағы

1. Тозаңдануға қажетті тозаңқапта жиналатын түйіршік. (тозаң).
2. Аталық гамета. (спермия).
3. Жыныс клеткасы. (гамета).
4. Тұқымбастама ұшындағы жіңішке өзек. (тозаңтүтік).
5. Екі жыныс клеткасының қосылуы. (ұрықтану).
6. Аналық гамета. (жұмыртқажасуша).

1. Гүлдің жыныс мүшесінің бірі. (Аталық).
2. Тұқымбастамадан дамитын, жеміс ішінде болатын өсімдік негізі. (Тұқым).
3. Гүлдің жыныс мүшесі. (Аналық)
4. Аталығы да, аналығы да бар гүл. (Қосжынысты).
5. Аналықтың екінші бөлімі. (Мойны).
6. Аталық және аналық гүлдері бар өсімдік. (Бірүйлі).
7. Гүлдің мүшелері орналасатын бөлімі. (Гүлтабан).
8. Жіңішке гүл дамып жетілетін гүл бөлігі. (Гүлсағақ).
9. Аналықтың жеміс дамитын бөлігі. (Түйін).
10. Тозаң жиналатын орын. (Тозаңқап).
11. Түйіннен пайда болатын өсімдік негізі. (Жеміс).
12. Аналықтың бірінші бөлімі. (Аузы).

ҮІ. Үйге тапсырма.
«Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану» тақырыбын оқып, біліп келу. Сөзжұмбақтар дайындау.
Еліміз дәулетті, еліміз сәулетті болсын!
ҮІІ. Бағалау.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!