400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

" Отбасы "

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы Отбасы Отбасы
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №19 бөбекжай бақшасы»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны









Ашық оқу қызметі

«Отбасы»

№9 «Ботақан» ересек тобы









Тәрбиеші: Ниязова А.Б.











Білім саласы: «Таным», «Шығармашылық», «Денсаулық»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Отбасы»

Мақсаты:

- Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз отбасы туралы әңгімелеуге үйрету.

- Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

- Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Әңгімелеу, жұмбақ, мақал-мәтел, тақпақ айту, ойын, сұрақ-жауап.

Белингвальды сыңар: Отбасы-семья-family

Көрнекілік: Отбасы, суреттер, слайд

Инновациялық технология: ойын технологиясы



Әрекет түрі



Тәрбиешінің қызметі


Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасым мыналар.

Ең жақын адамдар.

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар.

Бір туған апам бар,

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін еремін


Балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдастыру кезеңі

Жұмбақ

Онсыз қызық жоқ маған,

Онсыз бақыт жоқ маған.

Ол әр баланың панасы,

Ол не екен, балалар?

Кіріспе әңгіме.

- Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

- Кім отбасы туралы айтып береді?


Сергіту сәті

Бас бармағым-атам,үйдің данасы,

Балаң үйрек-әжем, ошақ анасы,

Ортан терек –әкем, отау панасы

Шылдыр шүмек-шешем, шаңырақ ажары.

Титтей бөбек-мен, бәрінің базары.




Тақпақтар.

1. Анаң-үнің, жүрегің,

Әкең-өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

2. Әжең-асыл ардағың,

Атаң-дана, қорғаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!


Санамақ.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Атам, әжем, әкем,

Анам және мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.


Мақал-мәтел.

1. Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі баласын жұмсағым дер.

2. Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

3. Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.


Дидактикалық ойын:

«Кім жылдам?»

Шығармашылық жұмыс: «Менің отбасым»






Жұмбақтың жауабы:Отбасы

Отбасын көріп тұрмыз.

Ата,әже, әке, ана,мен, әпке, аға т.с.с



Балалар өлең жолдарына сай қимыл-қозғалыстар жасайды.








Балалар отбасы туралы тақпақтар айтады.







Балалар санамақты қайталайды.









Балалар отбасы туралы мақал-мәтелдер айтады.






Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Балалар өз отбасының суреттерін жабыстырады

Рефлексивті-түзету кезеңі

Билингвальды сыңар: Отбасы-семья-family

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Билингвальды сыңар: Отбасы-семья-family


Балалар өлең жолдарын қайталайды.


Күтілетін нәтиже.

Біледі: Отбасы мүшелерінің алатын орнын

Игереді: Бірлескен әрекет отбасы мүшелерін жақындастыратынын.

Дағдыланады: Отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау қажеттігін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі