Материалдар / « Отбасы басты құндылықтары»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

« Отбасы басты құндылықтары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Отбасы басты құндылықтары»


Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: слайд, видео – ролик

Барысы:

І. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. 
Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Толық отбасында толыққанды тәрбие алған баланың келешегі кемел, болашағы жарқын болары айдан анық.

IІ. Оқушылар біздер қазіргі таңда өз сыныбымызда кішігірім отбасымыз, осы отбасының бақытты екендігін білдіру мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізді жылы лебізбен таныстырып өтейік
Оқушылар қолындағы жүректі бір – біріне атының бас әрпінен басталатын жылы сөздермен атап жалғастырады.
Мысалы: мейірімді Мөлдірмін, ізетті Інжумін, ақылды Ақжарқынмын т. б.

ІІІ. Отбасының қоғам мен мемлекет тіпті, күллі адамзат алдындағы орны тым бөлек.
«Отан –от басынан басталады», «Отбасы– шағын мемлекет» деген сөздер де бекер айтылмаса керек. Сонымен сіздерге сұрақ : Сіздің үйде отбасы мүшелерінің орны қандай, соларға лайықты көңіл аударып жүрміз бе? 

(Сұрақ –жауап).

ІV. «Адамгершілік» (Видеоролик)
Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды.

VІ. «Сызат» (Видеоролик)
Бала тәрбиелеуде асқан тәлімгер ата-бабаларымыз «Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет» деп талап қояды. Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі жол-жөнекей айтылған ақыл бала көңіліне керекті із қалдыра алмайды. 5 саусақ бірдей емес, ол баланың жаратылысы «көршінің баласынан» мүлдем өзгеше. «Көршінің баласында» жоқ жақсы қасиеттер мүмкін сіздің балаңызда бар болар. «Дәл сондай бол !»,- деген шектен шыққан талап. «Балаңыз қандай, сол қалпында қабылдаған оңайырақ»,- деп кеңес береді психолог ғалымдар.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар: (ата – ана рөлінде)

Қазір сіздерге сұрақтар қойылады. Сіздер жауаптарыңызды алдарыңыздағы «келісемін», « келіспеймін» деген карточкалар арқылы берулеріңізге болады.

1. Бала сағат 10-нан кейін ұйқыға жатуы керек.
2. Бала қандай жағдайда болса да ата-ана тапсырмасын мүлтіксіз орындауға міндетті.
3. Таңертең тамақ ішіп үлгермесе де, сабақтан кешікпеуі керек.
4. Балаға өз жағдайыңды, жұмысыңдағы қиыншылықтарды айтып, шағыну артық нәрсе.
5. Баланы қатарынан қалдырмау үшін қалағанын сатып әперу керек.
6. Бала кіммен дос болып, кіммен бірге жүретінін өзі шешеді.
7. Отбасында өз ойын толық айтуға құқылы.
8. Өтпелі кезеңде баламен мүлде сөйлеспеген жөн.
9. Үйде сабағын қадағалаған дұрыс.
10. Сынып жетекшісіне жиі хабарласып тұрған дұрыс.

Мұғалім: Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.
Қорытынды: Мен бүгінгі тәрбиелік іс-шарамызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен аяқтағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен. Аман-сау болыңыздар!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!