Материалдар / « Өз құқыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің » тәрбие сағаты.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

« Өз құқыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің » тәрбие сағаты.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2018
2922
10 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат

















Тәрбие сағаты



Тақырыбы: « Өз құқыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің »























Орындаған: Нуралина С.С













2018-2019 оқу жылы

«Өз құқыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің»

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі. (сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру)

Тренинг: "Сәлем – сөздің анасы" Ал, балалар жаңа сабақты бастамас бұрын орындарымыздан тұрып бір - бірімізбен амандасып алайық. Яғни дүниежүзіндегі сан алуан ұлт өкілдері бір-бірімен қалай амандасады екен? Мысалы, қазақ елі ( қол алып амандасады; Орыс халқы; Ағылшын халқы; Жапон халқы (қолын алдымен беліне , одан кейін иіліп тізесіне дейін апарады); Ауған халқы (қолын маңдайына тигізіп иіліп сәлем береді), Латын америкасы (бір-бірімен құшақтасып сәлемдеседі),Үнді халқы(екі қолын кеуде тұсына апарып, иіледі)

Тақырыпты ашу: видео көрсетіледі.
  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, қай жасқа дейін азамат бала болып саналады?
  • Бала құқықтары туралы заңда 18 жасқа дейінгі азаматтарды бала деп есептейді. (кәмелетке толмаған)
  • Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім?
  • Әрине, баланың қызығушылығы мен құқығын қорғайтын, тәрбиесіне, білім алуына қамқорлықты қамтамасыз ететін адамдар: ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы.
3. Жастар арасындағы қылмысты азайту үшін не істеу керек?

4. Егер сіздер болашақта заң саласында қызмет етсеңдер қандай заң ұсынар едіңдер



II. Сабақтың тақырыбы: «Өз құқыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің»



III. Сабақтың мақсаты:а) білімділігі: оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ә) тәрбиілігі: Оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру;б) дамытушылығы: ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту;IV.Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Қазақстан Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы видеороликтер т.б нақыл сөздер,

Кіріспе сөз.

Мұғалім:  Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз, яғни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білу керек. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек.
  • Адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.
  • Конституция дегеніміз не?
Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
  • Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді? /30 тамыз/
  • Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз? /азаматтар/
  • Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар.
Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты Конвенция деп аталады. Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі. Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20-қарашада қабылданды. Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау.Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң бар. Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды.Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқықтарын атап өтейікші. Слайдпен құқықтарды көрсету.
  • Өмір сүруге
  • Ата-тегін алуға
  • Отбасында тәрбиеленуге
  • Жеке бас бостандығына
  • Азаматтық алуға
  • Білім алуға
  • Баспана алуға
  • Дүние мүлікке
  • Демалуға
  • Денсаулықты сақтауға
  • Сөз бостандығына
  • Қоғамдық жұмыстарға араласуға


-Сонымен қатар, балалар, әрбір адамның міндеттері де болады.. Білім алуға ·        Тәртіп сақтауға ·        Мектеп мүлкін сақтауға ·        Үлкендерді сыйлауға ·        Ана тілдің тазалығын сақтауға ·        Әрдайым таза, ұқыпты жүруге ·        Темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге, т.б. Мұғалім: оқушыларға мектеп ережесі, қоғамдық көлікте, емханада, қоғамдық көпшілік жерлерде. Кітапханадағы және тағы басқа ережелерді айтып өтуі.-Балалар, мысалы біз көп баратын жеріміз- кітапхана. Кітапханаға байланысты біздің құқығымыз сен міндеттеріміз қандай деп ойлайсыңдар? Соны ашып алайық.1.Кітапхананың оқу залында әрі-бері жүріп жүрсің, өйткені сен еркіндік кұқығым бар деп есептейсің.Жауабы:Еркін тұрып жүру құқығымыз бар, кітапханадағы тәртіпті бұзбау міндетіміз де бар. Құқық кітапхана ережесімен шектелген.2.Оқырман залында досыңмен әңгімелесіп отырсың, өйткені сен өз бостандығыңа құқығым бар деп есептейсің.Құқығым бар ма, әлде жоқ па?Жауабы: Сенің сөз бостандығыңа құқығың бар.Бірақ кітапхана қызметкерлерін сыйлау, оқырмандарға кедергің келтірмеу міндетін ұмытпауымыз керек.3.Кітапханада ұялы телефон арқылы музыка тыңдап отырдың, өйткені мәдениет жетістіктерін пайдалану құқықтары бар деп есептейсің. Ол – Туу туралы куәлік (Осы құжат сендердің тұлғаларыңды растайды).
  • Біз қай елдің азаматтарымыз? (Қазақстан Республикасының азаматтарымыз).
  • Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқықтарын атап өтейікші.


V.Сергіту сәті. (интерактивті тақтадан адам билейді. Оқушылар қимылын қайталайды.)

VІ. Қорытынды. -Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!