400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

: Қаратпа сөз" Ашық сабақ 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қаратпа сөз туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету; Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту; Оқушыларды таза, сауатты жазуға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қаратпа сөз туралы түсінік бере отырып,

жаттығулар орындау арқылы сөйлем ішінен оларды

таба білуге үйрету;

Оқушылардың ойлау және шығармашылық

қабілеттерін дамыту;

Оқушыларды таза, сауатты жазуға, ұйымшылдыққа,

ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Сұрақ – жауап, талдау, ойын

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызба, тест.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару (Күн жадын сұрау).

ІІ. Психологиялық дайындық.

Мұғалім: Балалар, біз кімбіз?

Оқушылар: Жарқын болса күніміз,

Жарқын шығар үніміз

Елін сүйіп ер жетер

Біз болашақ гүліміз.

Иә, балалар, сендер еліміздің болашақ иесісіңдер. Ендеше бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр, сол қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

5-жаттығу. Оқушыларға оқытып, соңғы сөйлемді талдау.

Несі? Қашан? Қандай? несін? Не істейді?

Жидектері де қыс мезгілінде қызыл түсін сақтайды.

  1. Сұрақ – жауап.

  • Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

  • Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

  • Тұрлаулы мүшелер неден тұрады, тұрлаусыз мүшелер неден тұрады?

  • Бастауыш пен баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

  • Жалаң сөйлем неден жасалады? (бастауыш, баяндауыш)

  • Жайылма сөйлем неден жасалады? (кімге? неге?)



СShape2 Shape1 өйлем мүшелері


Тұрлаулы Тұрлаусыз

Shape4 Shape3

Shape6 Shape5 Жалаң Жайылма


Бастауыш, баяндауыш кімге? неге? кімнің? ненің?

кімнен? неден? т.б.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту. Ребус шешу.

Қарға, сағат, балапан, сиыр, көз.

«Қаратпа сөз».

1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, салыстыру. Мағыналарын айырып, тыныс белгілеріндегі айырмашылықты табу.


  1. Бағдат ертегі оқыды.

  2. Оқушылар мектепте тәртіп сақтауға міндетті.

  3. Әжем кесте тігуді үйретті.


  1. Бағдат, ертегі оқы.

  2. Оқушылар, мектепте тәртіп сақтаңдар.

  3. Әже, кесте тігуді үйретші.


Сөйлегенде біреудің назарын өзіне аудару үшін айтылатын сөздер болады. Ондай сөздер қаратпа сөз деп аталады. Мыс: Балам, дәптеріңді таза ұста.


2. Оқулықпен жұмыс.

2-жаттығу.

  1. Өлеңді көшіріп жазып, қаратпа сөздің астын сыз.

  2. Қаратпа сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылған?

  3. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен рөлге бөліп оқы.

Ү. Сергіту сәті.

Аяқпенен топ – топ – топ,

Ал, қолменен хлоп – хлоп – хлоп

Бір оңға, бір солға,

Айналайық, кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп, басымызды шайқайық

Бір оңға, бір солға,

Ойнайықшы кел мұнда.

3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.

5-жаттығу. Суретке қарап отырып ертегі құрау. Сөйлемнен қаратпа сөздерді табу.


Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Шарты: Берілген сөйлемдерді қаратпа сөздермен толықтыру.

  1. Саған мектептің туған күні ұнады ма?

  2. Алақай, терезеге қарашы, қар жауып тұр!

  3. Тәуелсіздік күніне арнап концерт қоятын болдық.

  4. Жарайсың, деді – әкем.

  5. Ертегі айтып берші.

ҮІ. Қорытынды.

1. Тест

  1. Қарағым, қайдан келдің? Қарамен жазылған сөз:

А) қыстырма сөз

Ә) одағай сөз

Б) қаратпа сөз

  1. Сөйлемдердің ішінен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді табыңдар:

А) Алыста Рим деген қала бар

Ә) Әлтай нанға тоймаушы еді

Б) Апа, отырыңыз, - деп шанасын көлденең тартты.

  1. Сара, сен сабақ оқыдың ба? Мына сөйлемде қаратпа сөз:

А) айна

Ә) Сара

Б) сабақ

  1. Көп нүктенің орнына қаратпа сөз жазыңдар: Құстың жемін әкелші...

А) қорада

Ә) қызым

Б) үйге

  1. Тілде біреудің назарын өзіне аудару үшін қандай сөз қолданылады?

а) одағай сөз

ә) ыстырма сөз

б) қаратпа сөз

2. Кесте.

Сөйлем

Сөйлемдегі орны

Балам, мына лебізің қандай жақсы еді.

...

Кел, балалар, оқылық!

...

Айтыңыз, әке.

...

ҮІІ. Үйге тапсырма.

4-жаттығу. Ереже жаттау.

ҮІІІ. Бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі