Материалдар / : Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

: Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Біз қазақ тілінің түркі тілдері тобына жататынын білеміз. ХІҮ-ХҮ ғасырларда қазақ ұлысы болып қалыптаса бастаған қазақ елі өз тілі мен өнері, мәдениетін де тарих сахнасына алып шықты. Тіл - мемлекеттік нышан ретінде танылатын басты құндылық. Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Тіл құдіретін танып, «Өнер алды - қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген. Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тіл деп аялаған. Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген. Қазақ тілі - әуезді де бай тіл. Неше ғасырлық тарихы бар, ауызша да, жазбаша да мол мұрасымен танылған тілімізді бабаларымыз қасиетті деп қастерлеп, ұрпақтарына аманаттаған. Қазақ халқының әдеби мұралары ауызша таралып, ғасыр белестерінен, тағдыр сыны мен елегінен өтіп, уақытпен бірге жасап келеді. Халқымыздың жазба мәдениетінің де тарихына да назар аударайық. Түркі тілдеріне ортақ тарихи жазба мұралар негізінен үш дәуірді қамтиды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
308
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9 Сабақтың тақырыбы : Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі Сабақтың мақсаты : а)Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі екенін түсіндіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету; ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру; б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттерПәнаралық байланыс : әдебиет,тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. Біз қазақ тілінің түркі тілдері тобына жататынын білеміз. ХІҮ-ХҮ ғасырларда қазақ ұлысы болып қалыптаса бастаған қазақ елі өз тілі мен өнері, мәдениетін де тарих сахнасына алып шықты. Тіл - мемлекеттік нышан ретінде танылатын басты құндылық. Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Тіл құдіретін танып, «Өнер алды - қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген. Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тіл деп аялаған. Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген.Қазақ тілі - әуезді де бай тіл. Неше ғасырлық тарихы бар, ауызша да, жазбаша да мол мұрасымен танылған тілімізді бабаларымыз қасиетті деп қастерлеп, ұрпақтарына аманаттаған.Қазақ халқының әдеби мұралары ауызша таралып, ғасыр белестерінен, тағдыр сыны мен елегінен өтіп, уақытпен бірге жасап келеді. Халқымыздың жазба мәдениетінің де тарихына да назар аударайық. Түркі тілдеріне ортақ тарихи жазба мұралар негізінен үш дәуірді қамтиды
Көне түркі дәуіріОрта түркі дәуіріЖаңа түркі дәуірі
III, V - VIII ғасырларға тән Талас, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері - түркітану ғылымында тілдік, әдеби, мәдени маңызы ерекше жазба мұралар. Бұл ескерткіштер - сол кезеңдегі түркілер мәдениетінің биік деңгейін көрсетумен бірге, бүгінгі қазақ тілінің тарихынан мол мағлұмат беретін мөлдір бастауы мен қайнар көзі. Екі кезеңнен тұрады. 1. Қараханид кезеңі. Ислам мәдениетінің түркіәлеміне ықпал еткен кезеңі. Түркі әлемі кемеңгерлері әл-Фараби, Ж.Баласағұни («Құтадғу білік»), М.Қашқари ( « Диуани-лүғати-ат- түрк»), А.Йүгінеки ( « Һибат-уль-хакаик » ), А.Йасауидың («Диу- ани хикмет») әйгілішығармалары. 2. Алтын Орда кезеңі. ХІІ-ХҮ ғасырларды қамтитын Хорезмидің « Мұхаббатнамесі » , Құтба ақынның «Хұсрау - Шырыны», Сайф Сарайидың « Гүлістан-би-түркиі » , Рабғузидің «Қиссасул әнбиясы», қыпшақ жазбаларының бірі -«Кодекс куманикус» сөздігі жатады. Бұл кезеңдегі жазба туын- дылар араб әліпбиіне негізделген ескіше жазба тілдің қалыптасуына игі әсерін тигізді. XV ғасырдан , қазірге дейінгі кезең. Өзге түркі этностары сияқты қазақ елі де жеке ұлт ретінде мемлекеттік қалыптаса бастады, қазақ тілінің де ұлт тілі ретіндегі болмысы айқындалып, дами бастады. Жаңа дәуірдің бастапқы кезеңінде ескі қазақ жазба тілі есебінде араб жазуы қолданылды. Қазақ тілі қазіргі кириллица жазуын белгілі кезеңдерде төте жазу аталған (А.Байтұрсынов ұсынған) араб, кейін латын графикаларымен ауыстырған да тұстары болған.







Жиырмасыншы ғасыр ғылым мен техниканың дамуы, қоғамдағы ірі саяси-әлеуметтік өзгерістерімен өзге тілдер сияқты қазақ тілінің дамуына да айрықша әсер етті. Ана тіліміз жан-жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ әдеби тілінің даму белестері айқындалды. Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілрін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда.Жаттығумен жұмыс: 5-жаттығу. Төмендегі үлгі бойынша берілген сөздерге сатылай кешенді морфологиялық талдау жасаңдар.Білімді бекіту : Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : 6-жаттығу

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!