Тақырыбы: « Қазақстан- туған елім,ұлы
өлкем!»
Мереке: 25 қазан – Республика
күні
Мақсаты
-
Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,
патриоттық сезімін тәрбиелеу.
-
Қазақстан Республикасының рәміздері мен
мерекелерін танып-білуге үйрету.
-
Ән
айту, би билеу арқылы шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиеші:
– Армысыздар, балалар!
Бүгін біз барлығымыз үшін ерекше мереке – Республика күнін атап
өтеміз.
Бұл күн – біздің Отанымыздың еркіндігін, тәуелсіздігін білдіретін
күн.
1-бөлім: Әнұран
Тақпақтар
Балалар кезекпен сахнаға шығып, жаттаған
шумақтарын айтады.
Айдын:
Республика – елімнің,
Жарқыраған жұлдызы.
Бейбіт өмір тілеймін,
Барша елдің ұл-қызы!
Еркеназ:
Мен қазақпын, мақтанам,
Бейбіт елде шаттанам.
Республика – ел күні,
Ар-ожданым, жан шуағым!
Әбу
Бакр:
Елтаңбамыз – шаңырақ,
Бірлік үшін қаланған.
Республика – нұр мекен,
Берекемен жаралған!
Аяла:
Қазақстан – туған ел,
Желбірейді Ту – Көк Бел!
Республика күні бұл –
Бейбіт өмір, тыныш бел!
Ахмед:
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз де жарық болсын.
Республика – ардағым,
Болашаққа бағыт болсын!
Саида:
Тыныштықпен таң атсын,
Жас балдырған шаттықсын.
Республика – мерекем,
Бар әлемге жарқ етсін!
Атанияз:
Тәуелсізбін – дербеспін,
Республика – елбесігім.
Жас ұрпақпын, өсемін,
Отанымды сүйемін!
Айбат:
Жаса, жаса, Қазақстан,
Республика – нұрлы таң.
Бейбіт өмір сыйлаған,
Қазағыммен мақтанам!
Үстел үсті
ойыны «Дұрыс сәйкестендір,
Пазл».
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды, балалар жауап
береді:
-
«Көк түсті, күн мен қыран бейнеленген – не?»
→ Ту
-
«Шаңырақ бейнесі бар – не?»
→ Елтаңба
-
«Мемлекеттік тіліміз?»
→ Қазақ тілі
-
«Астанамыз қалай аталады?»
→ Астана
Би: Қыздар
Би: Ұлдар
Ән
Балалар бірге
шырқайды: «Қазақстаным
Отаным!»
Қорытынды
Жүргізуші:
– Бүгін біз Республика күнін атап өттік. Бұл мереке – тәуелсіз
еліміздің нышаны.
Балалар, Қазақстан әрқашан бейбіт, бақытты, берекелі ел болып, көк
байрағымыз биік желбірей берсін!
Балалар қолдарын жоғары көтеріп, хормен
айтады:
«Қазақстан
жасасын!»

«Балаби» балабақшасы
ЖШС
Тақырыбы:
«Қазақстан- туған
елім,
ұлы
өлкем!»
«Сұңқар» мектепалды
тобы

Өткізген:Жұматаева
Г.Қ
2025-2026 оқу
жылы