400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

 Қазақстанның климатын түзуші факторлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы климат қалыптастырушы факторларды біледі,климат картасын құрастырады,факторларды сәйкестендіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тексерілді»

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары: А.Тулегенова

Бөлім

Атмосфера

Педагогтың аты-жөні

Ж.Букенбаева

Күні

3.11.2025

Сынып:9 «В»

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

  • Қазақстанның климатын түзуші факторлар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.3.2.1 Қазақстан климатын түзуші факторларды талдайды

Сабақтың мақсаты


  • Климатты қалыптастырушы факторларды талдай алады

  • Антропогендік климаттық факторлардың әсерінен Қазақстанның климаты  өзгерісін тұжырымдап және оның алдын алу шараларына ғылыми болжам жасай алады

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

10мин

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Миға шабуыл. «Бір қадам алға...» әдісі. Мұғалім өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды.Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім үстеліне жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.

-Климат деген сөздің мағынасы нені білдіреді?

-Климатты зерттейтін ғылым қалай аталады?

-Экватордан полюстерге қарай ауа температурасы қалай өзгереді?

-Ауа қозғалысының себебі не?

-Ауа райын зерттеуде қолданатын құралдар?

М: Сабақтың мақсатын талқылау және топтастыру. ЖАДА арқылы реттік сандар үлестіру.

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ Құндылықтармен байланыс

- Отанға құрмет: табиғатты тану арқылы экологиялық және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу; Еңбек пен ынтымақтастық: топтық, жұптық жұмыста бірлесіп шешім қабылдау, зерттеу жүргізу; Ашықтық пен өмір бойы оқу: ақпаратты талдап, өзіндік қорытынды жасау.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

ҚБ өзін өзі бағалау











дидактикалық материалдар





Интерактивті тақ


Ортасы 25 мин

; Ой шақыру»

Климат дегеніміз не? Ол қандай климат құрушы факторларға тәуелді? Климаттың қалыптасуына географиялық ендік пен жер бедерінің ролі қандай?
Оқушыларға сұрақ қояды: Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің қандай ролі бар? Күн радиациясы ұғымына анықтама беріп, өлшем бірлігін айтады: Радиация дегеніміз не?
Оқушылар Қазақстан климатына негізгі 3 фактор: күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, жердің төсеніш бетінің әсер етуінен қалыптасатынын анықтайды.
Күн радиациясы Қазақстандағы ашық және бұлтты күндердің таралу заңдылықтарына байланысты. Солтүстікте жылына орта есеппен 120 үдайы ашық күн болса, оңтүстікте 260 күн. Ашық күндер саны Қазақстанда Қырымның оңтүстік жағалауы мен Кавказдың Қара теңіз жағалауынан артық. Бұлтты күндер саны орта есеппен солтүстікте 60 күн болса, оңтүстікте (Балқаш маңында)-10-ақ күн.
Ауа райының көп жылдар бойы кайталанып отыратын белгілі бір типтерін климат деп атайтынын білесіңдер. Климаттың пайда болуы оның себептеріне байланысты.
2) Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? Қазақстан аумағының мұхиттардан алыс орналасуы оның климатына қалай әсер етеді? 1) Климат дегеніміз ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратын типі. Ол жер бедерінің сипаты, мұхиттардың ықпалы, географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысы және адам әрекетіне байланысты қалыптасады.
2) Қазақстан қоңыржай климаттық белдеуінің оңтүстігінде орналасқан. Қазақстанның 4 мұхиттан алшақ жатуы оның континенттік климатының басым болуына әкеледі.



1. «Климат картасын құрастыру»

Тапсырма: Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, климаттық аймақтарды бояу және әр аймаққа тән климаттық сипаттамаларды жазу.

Дескриптор:

- Климаттық аймақтарды дұрыс анықтайды 1б

- Әр аймақтың климаттық ерекшелігін сипаттайды 1б

- Картамен жұмыс жасай алады 1б

2. «Факторларды сәйкестендір»

Тапсырма: Климат түзуші факторларды олардың сипаттамаларымен сәйкестендір (drag-and-drop немесе кесте толтыру).

Дескриптор:

- Негізгі климат түзуші факторларды атайды 1б

- Әр фактордың сипаттамасын дұрыс сәйкестендіреді 1б

- Терминдерді дұрыс қолданады 1б

3. «Салыстыру диаграммасы»

Тапсырма: Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

Дескриптор:

- Аймақтар арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды 1б

- Диаграмманы дұрыс толтырады 1б

- Климаттық деректерді талдайды 1б

Кестені толтыру. Дескриптор:

- Күн радиациясының түрлерін анықтайды және кестеге толтырады 1б

Тақырыптың қорытындысы:

  1. Қазақстанның климаты климат түзуші факторлардың – күн сәулесінің құлау бұрышы, атмосфера циркуляциясы мен жердің беткі қабатының әсерінен қалыптасады.

  2. Қазақстанның солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатуына байланысты күн радиациясының мөлшері ауытқып отырады. Солтүстікте 100 ккал, оңтүстікте

155 ккал-ға дейін

  1. Теңіздер мен мұхиттардың алшақтығы, жер бедерінің алуан түрлілігі мемлекетіміздің көптеген жерінде континентті және шұғыл континенті климат типін қалыптастырады.

  2. Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруға арналған тапсырмалар:

  1. Өздерінің тұрған жер климатына қандай факторлар әсер ететінін анықтаңдар.

Климаттық картаны пайдаланып, жергілікті жердің климатындағы басты ерекшелікті анықтаңдар.

Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды

Жұп бойынша

Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді




Оқушының әрекеті

Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды


Оқушының әрекеті

Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі












Оқушының әрекеті

Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды

Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады

Смайликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау









ҚБ Бағалау парақшасын толтырады.










ҚБ Бағдаршам Дескриптор:

- Климаттық аймақтарды дұрыс анықтайды 1б

- Әр аймақтың климаттық ерекшелігін сипаттайды1б

- Картамен жұмыс жасай алады 1б

Дескриптор- -Негізгі климат түзуші факторларды атайды 1б

- Әр фактордың сипаттамасын дұрыс сәйкестендіреді 1б

- Терминдерді дұрыс қолданады 1б

Дескриптор:

- Аймақтар арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды 1б

- Диаграмманы дұрыс толтырады 1б

- Климаттық деректерді талдайды 1б

Дескриптор:

- Күн радиациясының түрлерін анықтайды және кестеге толтырады 1б

http://ikitap.kz/audiobook/5189-kerqula_atty_kendebaj/5189-kerqula_atty_kendebaj

аудиокітап

Алты томдық «









Сабақтың соңы


Рефлексия

Оқушыларға үш түрлі суреттер көрсетіледі. Үш суреттен біреуін таңдап алып, бүгінгі сабақты түсінгендігін қолдарын көтеру арқылы білдіреді.



Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2025
21
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі