400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Қиял әлемі " бөлімі бойынша тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа "Қиял әлемі" бөлімі бойынша тест тапсырмалары ІІІ тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

3-тоқсан бойынша қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары

  1. Қазақ тіліндегі сөздер мағынасына ,тұлғасына және сөйлемде атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді . Оны ____________ деп атайды .

  1. Сөйлем мүшелері

  2. Сөз таптары

  3. зат есім

  1. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар ?

  1. 9

  2. 5

  3. 4

3 . Заттың , құбылыстың , ұғымның атын білдіріп , кім? не ? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы қалай аталады ?

  1. Сын есім

  2. Сан есім

  3. Зат есім

4 .Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді , қалай аталады ?

  1. 2 -ге ,негізгі зат есім және туынды зат есім

  2. 2-ге , дара зат есім және күрделі зат есім

  3. 2-ге , жалқы зат есім және жалпы зат есім

5 . Негізгі зат есімдерді көрсет .

  1. Ақыл , кітап , дала , жаңбыр , күй ;

  2. Оқушы , күрек , күйші , сөмке , той ;

  3. Ойын , сары , биік , қазына , далалық .

6. Мына сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім жасаңыз .

Біл , оқы , күре , таза , адал , дос , үй , соқ , ән , би.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________

7. Мына зат есімдерді құрамына қарай ажыратып ,бағандарға жазыңыз .

Қиял ,бала-шаға , қайшы , кітапхана , кемпірқосақ , ата-ана , мәдениет үйі ,балабақша ,арман , талап , қорғасын , педсовет, Бөрібасар, Тайбурыл.

Дара зат есім

Күрделі зат есім







8. Біркелкі заттардың жалпы атауы .............. деп аталады , бір ғана затқа берілген жеке атау .............. деп аталады. Тиісті сөздерді қойып жазыңыз , бұл қандай зат есімдер ?

9 . Мына сөйлемдердегі жалқы зат есімдерді тауып , астын сызыңыздар.

Ақбөкен –шөлге төзімді әрі жүйрік,ақылды жануар. Алматы – әдемі қала. Қаныш Сәтбаев –қазақтың біртуар азаматы. «Қайрат» командасы жеңіске жетті . Қаныбек «Балдырған» журналын үнемі үзбей оқып тұрады .

10 . Айналадағы заттар мен құбылыстардың адамға танылуы әрқалай .Олардың бірін қолмен ұстап , көзбен көруге болады , ал енді бірін оймен , ақылмен ғана сезіп білеміз . Осындай ерекшелігіне байланысты зат есімдерді нешеге бөлеміз және қалай аталады?

  1. Дара зат есім және күрделі зат есім

  2. Жалпы зат есім және жалқы зат есім

  3. Деректі зат есім және дерексіз зат есім

11 . Өлеңді мәнерлеп оқы . Дерексіз зат есімдерді тауып ,астын сызыңыз.

Қасыңда жүйрік қиял сонда серік,

Басыңда , әсіресі , болмаса ерік .

Қаулаған қалың үміт көзге елестеп ,

Біресе ауыр қайғы қаптар келіп .

12 . « Қиял – шығармашылық бастауы » тақырыбында өз ой – тұжырымыңды жинақтап, «ПОПС формуласы» әдісімен жазыңыз .

«ПОПС формуласы»

*Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, … »



*Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »



*Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен,

мысалдармен дәлелдей аламын … »



*Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім … »



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.02.2026
12
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі