400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Қоршаған ортамен танысу үрдісінде балалардың танымдық-зерттеу әрекетін дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын барысында құммен бейнеленетін заттың өзіндік сипатын бере отырып мүсіндеуді үйрету. Құмның қасиеттерін бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 . «Зерттеу орталығына саяхат»

Мақсаты: Ойын барысында құммен бейнеленетін заттың өзіндік сипатын бере отырып мүсіндеуді үйрету. Қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Құмның қасиеттерін бекіту. Мүсіндеуге ынталы болуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: құм, майда тастар, қабыршықтар, майда ойыншықтар, тұқымдар, жапырақтар.

Балалар ойын алаңына шығады.

Шаттық шеңбер:

Күлімде күн күлімде

Күлсін барлық бала шат,

Берекелі бүгінде

Достығымыз жарасқан

Ойнауға біз барамыз

Досымызды табамыз

Сәлемет пе! Міне, мен!

Доспын енді сенімен.

Ойын: «Достық неден басталады?».

Ойынның шарты бойынша балаларға достықтың неден басталатыны туралы сөздер айтады. Балалар «Иә немесе жоқ» деп шапшаң жауап береді.

  • Татулықтан. (Иә)

  • Сыйластықтан. «Иә)

  • Төбелескеннен. (Жоқ)

  • Өтірік айтқаннан. (Жоқ)

  • Көмектесуден. (Иә)

  • Ренжісуден.(Иә)

  • Сыпайы болудан. (Иә)

  • Ойыншық, тәттілерді бөліспеуден. (Жоқ)

  • Жарайсындар балалар, достық дегенді түсіндік пе?

Ортаға Құм ханшайымы келеді.

Құм ханшайымы: - Балалар, сәлеметсіңдер ме! Мен Құм ханшайымы

боламын. Бүгін барлығымыз бірге «Құм еліне» саяхатқа барамыз.

Ол үшін барлығымыз көзімізді жұмып, мына сиқырлы өлеңді айтайық:

Достар бірге жүреміз

Бірге ойнаймыз, күлеміз

Бірге өлең айтамыз

«Құм еліне» саяхатқа шығамыз.

Құм ханшайымы: - Сендер құммен ойнағанды ұнатасындар ма? (балалардың жауабы)

  • Құммен ойнаған сендерге несімен ұнайды?

  • Балалар, сендер құммен ойнаудың ережесін білесіңдер ме?

  • Мен бұл ережелерді бір қызық кітаптан оқыдым. Ол кітапта былай айтылған:

  1. Құмда ойнағанда ешкімді ренжітуге, ұрысуға,төбелесуге және бір-бірімізге құм лақтыруға болмайды.

  2. Құм алаңында бәріміз дос болып, неше түрлі мүсіндер жасауға болады. Жасалған мүсіндерді сындырмау керек.

«Құм шеңбері» ойыны.

Ойынның шарты: Кез келген әдіспен шеңбер салып оны майда таспен және қабыршықтармен безендіреді. Жасаған құмды шеңберлеріне ат қойып қысқаша айтып береді.

  • Жарайсындар балалар! Бәрі қызықты және әдемі болды. Сендерге ойын ұнады ма? Олай болса келесі ойынды ойнайық.

«Құмда жасырынған ойыншықтар» ойыны.

Ойынның шарты: Балаларды екі топқа бөлу. Құм алаңын да екіге бөлу. Әр топта бірдей мөлшерде ойыншықтар жасырынған. Берілген уақытта қай топ көп ойыншық тауып жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

-Жарайсындар балалар! Сендер жылдам, тапқыр балалар екенсіңдер!

-Ал, балалар келесі ойынымыздың аты «Құм ғажайыбы»

Ойынның шарты: Ойын барысында балалар құмнан кез келген мүсін жасау керек. Ол мүсінді әдемілеп безендіру. Ойын соңында әр бала өзінің қандай мүсін жасағанын айтып беру керек.

Тәрбиеші: Ал, енді балалар, Құм ханшайымына алғысымызды білдірейік:

Кел балалар тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Құм ханшайымы балалармен қоштасып кетеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі