Материалдар / . Қош келдің, Әз-Наурыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

. Қош келдің, Әз-Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2018
1044
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы. Қош келдің, Әз-Наурыз!


Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе.

Мұғалім: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, оқушылар,қонақтар!Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты

болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді.

       НАУРЫЗ - бұл ежелгі түркі халықтарының  жаңа   жыл мейрамы.

Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі

халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап өтеді.

Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күніне сәйкес келеді. 

Наурыз кезінде наурыз-көже дайындалады.

Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

Ал,  балалар, тұрмайық

Әндетейік шырқайық

Ортамызды ашайық

Думандатып би билеп

Ән мен күйді төгітіп

Інжу – маржан шашайық. Олай болса, тойымызды «Қара жорға» биімен ашайық.
Би:«Қара жорға» оқушылар бір мезгілде билейді.

1-жүргізуші:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де арманда,

Көрмеген де арманда

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

 2-жүргізуші:

Армысыңдар ағайын!

Бармысыңдар ағайын!

Ұлыс оң  болсын!

Әр күніміз жақсы болсын!

1-жүргізуші:Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.
2-жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
Әже шашу шашады

1-жүргізуші: Шашу!Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір.
2-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Мәнерлеп оқу.

Ортада сынып оқушылары  бүгінгі мерекеге арналған өлең шумақтарын оқиды.

1- оқушы:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын, Наурыз!

2-оқушы:»

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

3-оқушы:

Ұлы күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа  ағытқан  қозыдай,

Жамырасып өсірген.

Наурыз той құтты болсын!

4-оқушы:

Сағынтып  келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарқанға елімнің

Береке, ырыс  сыйлашы.

5-оқушы:

Жыл басы – Наурыз, мереке!

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

Наурыз құтты болсын!
6-оқушы: Салт-дәстүрмен жарасса,
Жыр оқиық тамаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық жаңаша.
7-оқушы: Қыс өтіп, қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
8-оқушы: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр-аңыз.

9-оқушы: Көктем келді. Күн күліп арайланды,
Шын досыңның көктемдей арай жаны.
Күліп аспан, ал дала шаттанғанда
Жылуындай көктемнің тарайды әні.
Көктем! Күн нұрын көктен төккен.
Көктем! Бақыт дәнін сепкен.
Әлемнің көктем – шалқар мерекесі,
Танытар, ырыс – құтын берекесі.
Наурызда думанын ұластырып,
Мәпелеп аялаған ел еркесі.!

Би: «Қыздар биі». 10-оқушы: Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.
11-оқушы: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта ағы бар,
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.

Ән: «Анашым» Тилеубай Б

Мұғалім:

 Ата-аналарға сұрақтар

1.Бір жылда неше  күн бар?   (365күн бар)

2.Аптаның бесінші күні         (жұма)

3.Апта күндерін ата.    (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

4.Төрт түлікті ата.    (түйе,жылқы, сиыр, қой-ешкі)

5. Сүт тағамдарын ата.   (сүт, айран, қымыз, шұбат, ірімшік, май, қаймақ, құрт)

6. Ұлттық ойындарды атаңдар .( «Айгөлек», «Ақсүйек», «Тобық»,

            «Ханталапай», « Тоғызқұмалақ», « Теңге алу», «Қыз қуу», «Асық»,          

            «Көкпар», «Бес тас» тағы басқа.

             №7. Жұмбақ.

                    Онсыз астың дәмі жоқ,

                    Ассыз оның мәні жоқ.              (тұз)

 

«Сүйінші». Қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі «Жас нәресте дүниеге келгенде қуанышты хабар болғанда, туған-туыс, дос-жаран бір бірінен сүйінші тілеп, мәз-мейрам болып жатады.

«Ат қояр», Қазақ халқының салт-дәстүрінен көрініс.

Әжелер айналайын бақытты болсын! Бауы берік болсын ! деп тілектер айтады.

Ал, балам бақытты бол, үлкен азамат бол.

Баланың құлағына «Сенің атың - Наурызбай» 3 рет айтады. Бұл ат қою.

«Бесікке салар»

Наурыз айында мал төлдей бастайды. Оны ешкімге сыйға бермейді, сатпайды. «Наурыз төл» деп атайды.

Наурыз күні ұшып келетін көктем құсы – «Наурызкөк».

«Наурыз шешек» - өте бағалы өсімдік. «Қызыл кітапқа» енген.

Наурыз күні қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл жақсы болады, деп қуанған. «Наурызша» - деп атаған.

Бұл күні 7 түрлі дәмнен «Наурыз көже» пісіріледі

«Наурыз тілек.»  Әр адам өзіне, от басына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың

ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір бірінің үйіне кіріп дәм татады.

«Наурызнама»- шат шадыман ойын –сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға

келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты

тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.

«Наурыз бата.» - Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі- осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама

өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші

палуандарға бата беріледі.

Наурыз бата «Наурыз көжеге» шақырғандарға, жалпы жұртшылыққа, ауылға, көпшілікке беріледі.
Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың оңға, қызың қырға қонсын!
Айың тусын солыңнан,
Жұлдызың тусын оңыңнан,
Бақ берсін, қыдыр дарысын

«Дені саудың-тәні сау», «Спорт-денсаулық кепілі» демекші сыныбымыздың жас спортшыларын өз өнерлерімен ортаға шақырамыз

Мұғалім:

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – мереке.

Наурыз тойы – жыр – аңыз,

Қызық думан құрамыз.

Ұлттық ойындардан көрініс «Арқан тарту»

«Қол күрес»

«Асық ойын»

Мұғалім: Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште Қыдыр ата  келеді деп түсінген.Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман, тілек  ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады  деп ырым еткен.

Бізге ақ батасын, ақ тілегін беремін деп Қыдыр ата ортамызға келіп тұр. (Қыдыр ата кейпінде оқушы келеді)

Қыдыр ата: Армысыңдар, жәмиғат! (қолың жайып)

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ, жол болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын,

Қайғы уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин! (бетін сипап бата береді.)

Би «Шығыс биі» Аманкосова Жанерке

Қорытынды:

Мұғалім:

Ән қосылсын әніңе,

Сән қосылсын сәніңе!

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман –есен жетейік.

Келер Наурыз тойына!

Наурыз құтты болсын!!!  Қазақстанымыз гүлдей берсін!

Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!!!

Осымен 2«В» сынып оқушыларының дайындаған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты  ашық тәрбие сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 





































Мұнайлы

«№10жалпы білім беру орта мектебі»КММ-сі



Тәрбие сағаты


Тақырыбы: Қош келдің, Әз- Наурыз!








Сыныбы: 2 «В»

Мұғалім: Таласова А

Уақыты: .03.2017

2016-2017 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!