« Қош келдің Жаңа жыл! »

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Қош келдің Жаңа жыл! »

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу . Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Caspion Children SMART ilim» мектеп-гимназиясы.











Тәрбие сағаты

« Қош келдің Жаңа жыл! »


Өткізген: Арунова Жайнасын


4 «В» сыныбы






2023-2024


Тақырыбы: Қош келдің Жаңа жыл!

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу . Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.


Жүргізуші:

Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Құрметті қонақтар қош келіпсіздер! Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын!

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

Жаңа жылға арналған құттықтаулар

Бүгін сізге жырдан алқ тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

*

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

*

Жырмен өтсін күнің,

Таусылмасын сырың.

Батқан күнмен кетсін,

Мұңың болса бұрын.

Атқан таңмен атсын,

Ақ арманың гүлің.

Жүзің жарық болып,

Шалқып шықсын нұрың!

Жаңа жылдық тілек,

Осы болсын бүгін!

*

Кейде көңілің калған,

Кейде тәтті балдан –

Дүние бұл жалған,

Қарап көзің талған.

Бақыт нұрын шашсын,

Ататын таң алдан.

Таусылмасын нәсіп,

Толып ақсын арнаң.

Ақталсын пәк үміт,

Жаңа қауыз жарған.

Баянды боп келсін,

Орындалсын арман!

*

Мезгілдері жаңарған,

Ескіргенін елейтін,

Алдағы жыл – ақ арман,

Ассалаума-ғалейкум!



Басталарда жаңа әлем,

Құйылады жаңа нұр.

Жүрекке арман бөлеген,

Қош келіпсіз, жаңа жыл!



Жаңа жылым – әсемсің,

Гүл өндірер түзге де.

Әр сәті Бақ әкелсің,

Достар, достар бізге де!



*

Жаңа Жыл көркейіп-көбею, өсіп-өну, мақсат-мұраттарға жету жылы болсын!

*

Аппақ қар,

Аппақ дүние,

Аппақ ғалам,

Қойғандай сұлулығын сақтап маған.

Атайық ақ шампанды ырым жасап,

Шалқысын көңіліміз асқақтаған.

Жаңа жыл – жаңа ниет, жаңа күнсің,

Ғаламға ғашық болған жанарымсың.

Қалсыншы ескі жылда бар қиындық,

Шаттықтың шарайнасы бола білгін!

Би: Jingle bells әніне сынып қыздарынан б



Жұмбақтар

Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата)




Қыста жерді жауып кетті,

Ал көктемде ағып кетті. (Қар)



Көкке қарап наздана

Қолын созар күнімен.

Күз, Қыс, Көктем, Жазда да

Өзгермес бір түрінен. (Шырша)



Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)



Терезені өрнектеп,

Әдемі сурет салыпты.

Кім екенін табайық,

Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз)



Бет-аузыңнан сүйеді,

Ерні суық тиеді. (Аяз)




Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау)



Айналып жүріп шыршаны,

Барлық адам ән салды.

Барлығы да шаттанып,

Қай мезгілді қарсы алды? (Қыс)




Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Ойын ортаға 5 оқушы шығады 4 орындық бар соны айналып оырндықа отыру керек тек билеп.

Жеңіліп қалған жаңдайда 1 оқушы шығады және 1 орындық алып тасталды ұтқан адамға сыйлық беріледі



Әсем әуен: Жаңа жыл

Жүргізуші: Міне, жаңа 2024 да келді. Ал 2023 жылы елімізге тыныштық болып, ырыс - құтымыз арылмасын!Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын! Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау болайық! Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2023
298
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі