жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
" Қош келдің жаңа жыл еліме"
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Қатысушылар: 2 жүргізуші, Аяз Ата, ақшақар, мыстан, ескі жыл әтеш, жаңа ит жылы, қарақшылар
Сценарий барысы: музыка ойнап тұрады.
1 Жүргізуші: Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар,
Басталады Жаңа жылдық карнавал.
Маска да бар, би де бар, асығыңдар,
Шарша жанында қонақтарды қарсы алындар.
2 жүргізуші:
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал!
Карнавалдың иелерін қарсы алайық.
Жаңа жылдық костюм киген балалар билеп ортаға шығады. Шығыс костюм киген қыздар,қарақшылар билеп шығады.
1жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан
үн,
Бақытты боп бастады жыл
дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа
жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт
достарым.
2
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Жаңа жыл
мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді
бастауға рұқсат етіңіздер.
Құтты болсын жаңа жыл, барша
халық,
Қуанышқа, шаттыққа
тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек
тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар
салайық!
1.Жүргізуші:
Балалар, ортамыздағы әсем не?
-
Шырша!
Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп. Ал кім бізге шыршаға арналған өлендерін айтып берер екен?
Балалардың тақпақтары: Әминә,Ажар,Т.Әділжан
1
Жүргізуші:
Жаңа күнде ән
қылып,
Тек жүрмеңіз сән
құрып.
Көңілдердей
қартаймай,
Шырша тұрар
мәңгілік
Ән «Ала,ала қар»
2 Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақ! (шыршаның жанына жақындап келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша» келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен әтеш атып шығады)
Әтеш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен сендермен қоштасқым келмейді,кеткім келмейді. Тағыда бір жыл қалуға болама? (Жылайды)
Жүргізуші: жоқ әтешжан сен ренжіме оз кезегынды келер жылға беруін тиіс. Сенің жылын өте тамаша болды біз бәріміз саған ризамыз. Ойымызда,бойымызда өсті. Көп нәрсені үйрендік.
Біздің балалардың өнерлерің тамашала.
Тақпақтар: Нурали,Ибраһим,Мансур.
Әтеш: бәрекелді,жарайсыңдар. Көңілім көтеріліп қалды. Ал енді менің мен ойын ойнайсыңдар ма.
Ойын «қар тасу»
Жүргізуші: әтеш ойын өте қызықты екен,байқаймын көңілің көтеріліп қалған сияқты.
Әтеш: ия,дұрыс айтасыңдар көңілім көтерілді,сендермен қоштасатын кез келді,жаңа жыл жақындап келеді.
(Әтеш қоштасып кетеді)
Қатты муз.әуені шығады. Қарақшыларды олардың сонынан мыстан айқалап келеді.
Мыстан: әкеліңдер менің сиқырлы таяқшамды,әкеліңдер..(ортаға отыра қалып жылайды)
Жүргізуші: Тоқтаңдар.тоқтаңдар мынау не шу,не болды.
Мыстан: (орнына атып тұрып) Мыналар қарақшылар менің сиқырлы таяқшамды тартып алды.
Жүргізуші: (Қарақшыларға қарап) Олай ыстеуге бола ма екен ренжітуге бола ма?
Қарақшылыр: болады, бізге болады өйткені біз мықтымыз,күштіміз бізді сыйлау керек.
Жүргізуші: жоқ,жоқ тоқтаңдар шуламаңдар. Біз мында жаңа жылды қарсы алып жатырмыз,аяз атамен ақша қарды күтіп отырмыз. Ал сендер болсаңдар шулап жатырсыңдар.
Мыстан: аяз ата,ақша қар олар кімдер не үшін келеді.
Жүргізуші: аяз атаға біз өнерімізді көрсетеміз.ол бізге сыйлық әкеледі.
(Қарақшылар мыстанға жақындап міне сенің таяқшаң,сыбырласады берге орманға барып анау аяз атаны тауып алып сыйлықтарың тартып алайық)
Мыстан: (өтірік жымиып күліп) балалар қазір біз тез барып аяз аталарыңды тауып әкелейік. (қарақшылармен шығып кетеді)
Жүргізуші: балалар ал біз тақпақтарымызды айтайық. Мүмкін біздің дауысымызды естіп аяз ата келеді.
Тақпақтар: Раяна,Нурислам,Надия.
Қатты музыка,желдің дауысы. Қарақшылар, мыстан жүгіріп шығады.
Бәрі: таптық,таптық келе жатыр қошемет қарсы алыңдар. Аяз ата,ақша қар, жаңа жыл.
Көңілді муз.әуенімен атпен шыр айналып аяз ата,ақша қар, ит келеді.
Құттықтау сөздері.
1
Жүргізуші:
Келді жылым
бақытым,
Кемелденді
уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа
жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа
жыр
2 жүргізуші Кел,Жаңа Жыл!Төрле-төрле жеріме,
Құт-береке боп келгейсің еліме
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығына бөлегейсің бізді
-сіздерді күтіп қалдық аяз ата балаларыңды өнерлері тасып тұр.
Аяз ата: адасып қалып едік,мына мыстан мен қарақшыларға рахмет.бүгін сондай мейрімді еш жамандық жасамай бізге көметесті.
Жүргізуші.Жарайсыңдар, сендерге рахмет. Сендерде қалыңдар жаңа жыл тойын бірге тойлайық.
Балалар тақпақтары: Аиша,Амиржан,Мөлдір,Мерей,Ескендір.
Жүргізуші:
Би билейік
бұралып,
Қыздар тұр
сұранып.
Мен де тұрмын құр
қалып,
Шаттанайық
қуанып
«Шығыс»биін қошеметпен қарсы алайық.
Муз.әуенімен Мэри попинс келеді.Құттықтайды.
Ағылшын тілінді тақпақтар ән айтады.
Жүргізуші:
Дөңгеленіп
тұрайық,
Ойын сауық
құрайық.
Ән шашуы
шашылсын,
ақша қарға арнап ән
шырқайық.
Ән «Сен сұлу»
Ақша қар: Аяз ата жаңа ән айтып жүріп байқасам шыршамыз көңілсіз,шамдары жаңбай тұр,сиқырлы таяқшамен шырша шамың жақсаңыз қалай болар екен.
Аяз ата: дұрыс,дұрыс қызым. Ол үшін маған барлықтарының көмектерің керек,алақандарынды жайып жылы демдеріңді шырша қарай үрлеңдер сосын 1,2,3 үш деп таяғымен соғамын сонда шырша шамдары жанады.
Балалардың тақпақтары:Б.Әділжан,Али,Шолпан, Дияр
Жүргізуші:Жүзімізде күлкі ойнап
Естіледі әніміз
Жаңа жылды қарсы алып
Би билейді қарақшылар.
«Қарақшылар» биін қошеметпен қарсы алыңыздар.
Аяз ата: жарайсыңдар, балалар қандай керемет би. Ақша қар қызым балалармен бір ойын ойнасақ қайтеді.
Ойын:
Балалардың тақпақтары; Әбілмансур,Ақерке,Демерей,Беққожа,Жарқын,Аделя.
Би «Жаңа жыл»
Аяз ата: қандай керемет көңілім толды,Сондай өнерлі балалар екен. кеткім де келмей тұр. Бірақ басқа да балаларға бару керек. (Кетіп бара жатады. Қатты сигналды дауысы естіледі.аяз ата тоқтап қатып қалады )
Ақша қар: аяз атаға не болды.(жылайды.) неге шығуға рұқсат жоқ. Мыстан сен қулық жасап тұрсыңба.
Мыстан: жооқ,жоқ.
Жүргізуші: ал мен білемін неге аяз ата шыға алмай қатып қалғанын.
Бәрі: Неге?
Жүргізуші: балалар тақпақ,ән айты,би биледі ойын ойнады. Бар өнерлерің ортаға салды. Аяз атадан не күтті.
Мыстан: Не керек оларға?
Ит: Мен білемін, Аяз атаның балаларға деген сыйлықтары қайда?
Аяз ата (сигнал беріледі аяз ата ақырын бұрылып) Ақша қар қызым сыйлық қайда?
Ақша қар: былмеймын сізде болды ғой?
(қарақшылар, мыстан шырша артына тығыла бастайды)
Аяз ата: ааа,мен түсіндім осы қарақшылар мен мыстан неге бізге көметесті десем,олар бізді алдап, бізден сыйлықтарды алып қойыпты.(Айқайлайды) мында келіңдер сыйлықтар қайда,тез айтыңдар.
Ит шыршаны шыр айналып бөренені домалатып алып келеді.
Ит: гав,гав,сыйлықтар мына бөрене ышынде гав,гав.
Аяз ата: қарақшылар, мында келыңдер бөрене ышыне сыйлықтарды қалай салдыңдар, солай алып шығыңдар,Ақша қар қызым бер оларға араны бөренені кесіп сыйлықтарды алып шықсың.
Екі қарақшы бөренені кесе бастайды муз.әуені ойналып тұрады.
Бөрене ішінен сыйлықтарды алып шығып аяз атаға беріп кешірім сұрайды.
Барлығы қоштасып кетеді.
Жүргізуші: Әнші де құс үні
бар,
Кірсең кештің сәні
бар.
Салайықшы
шарықтап.
Жаңа жылдың
әніне
Ән «Жаңа жыл»
1
Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық
отбасыларымызға жаңа нұр,жаңа шуақ, бақыт пен шаттық әкелсін.
Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, көңілді болайық.Жылы
жүздеріңізден нұр
кетпесін
2
Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын!Жаңа жыл
баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын. Келесі кездескенше сау –
саламатта болыңыздар!
Жаңа жыл құтты болсын !

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген