|
Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінде
қызмет ету – патриотизм мен интернационализм
мектебі.
Патриотизм
– азаматтардың, әсіресе
жастардың өз Отанын қалтқысыз сүюі мен оны қорғауға әрқашанда дайын
болуы, туған жерге деген терең перзенттік махаббат. Шынайы
патриотизмді қалыптастыру – жеке тұлғаның нық саяси тұрғыда өзін -
өзі нақты айқындау деген сөз. Оны мемлекет туына, елтаңбасына,
әнұранына құрметпен қарауға, заңға бағынуға, үкіметті сыйлауға
тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала жасынан: «Қазақстан –
менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін
жауаптымын» деген қарапайым ойды меңгеруі
керек.
Патриотизмнің адамгершілік сипаты – керек уақытта
адамның өзіне «керек» деп бұйрық беріп, ауыр сын сәтінде «істей
алмаймын» дегенді жеңе білуі.
Қазір патриот болу
дегеніміз – республиканың экономикалық,
қорғаныстық әлеуетін нығайту, оны кез келген сыртқы қастандықтан
қорғауға дайын болу, әскери міндетке жауапкершілікпен қарау деген
сөз.
Патриотизм сезімі мен Отанның жауларына деген жек
көрушілік – қасиетті, жалынды, өшпейтін сезім. Қазіргі жауынгер
үшін патриот болу дегеніміз - өзінің білімі мен мүмкіндігін, бар
күшін ҚР ҚК-нің жауынгерлік қуатын нығайтуға жұмсау мен қашан да
оны қорғауға дайын болу.
Жауынгердің патриотизмі, сонымен қатар оның өз
бөліміне деген сүіспеншілігінен, бөлімінің жауынгерлік туына
адалдығынан, оларды ұрыста табандылықпен қорғауға дайындығынан,
халықтың, жауынгерлік дәстүрлеріне адалдығынан, өздерінің
күнделікті еңбегі мен даңқты ерліктері арқылы біздің қаруымыздың
жауынгерлік даңқын арттырудан көрінеді.
Әрбір жауынгердің патриоттық және
интернационалдық міндеті, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан
үлесі – бөлімшелерді жауынгерлік дайындықта, жоғары деңгейде ұстау,
жауынгерлік шеберлігін жетілдіру, тәртіп пен реттілікті нығайту
болып табылады.
Тек
қана нағыз патриот пен интернационалист қана бейбіт уақыттағы
төтенше жағдайлар мен ұрыс жағдайында әскери борышын табандылықпен,
ержүректілікпен орындауға қабілетті.
Кейде кейбір жауынгерлердің, әдейі, немесе
еріксіз интернационализмге жат идеяларды насихаттайтын жағдайлар да
кездесіп жатады. Ол әскери қызметшілер арасында жарғыға жат қарым –
қатынастар туғызады. Адамның дене немесе моральдық жағынан
кемсітілуінің өзі адамгершілікке жат, ал егер ол ұлттық сезімді
қозғаса, оның қиратушы күші бірнеше өседі. Сондықтан ұлттық
артықшылыққа байланысты талаптарға кез келген ұжымда жол берілмеуі
және әшекерленуі тиіс.
Патриотизмге және
интернационализмге тәрбиелеудің негізгі формалары мен әдістері
мыналар болып саналады:
-
жауынгерлерді идеялық сеніммен, тәрбие
жұмыстарымен саяси саналыққа тәрбиелеу;
-
қоғамдық – гуманитарлық жүйесі жеке құрамның
жауынгерлік оқуын іске асыру;
-
жауынгерлерді патритизм мен интернационализм
идеяларымен қаруландыру;
-
республика аумағында, ТМД мемлекеттерінде тұратын
барлық халықтардың достығын насихаттау;
-
азаматтар мен жауынгерлерді республиканың Қарулы
Күштері, халықтың еңбек және жауынгерлік дәстүрлері арқылы
тәрбиелеу;
-
жеке қасиеттерін жетілдіру, өзін қазақстандық
патриотизм рухында тәрбиелеу;
-
әскери мәселеге, мемлекеттің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге байланысты республикада қабылданған заң ережелері
мен талаптарын білу;
Сөйтіп әскери патриоттық
тәрбие дегеніміз:
-
адамдардың Отанға деген сүйіспеншілігін
тәрбиелеу;
-
өзінің азаматтық парызын терең түсінуді
дайындау;
-
халықтың жауынгерлік дәстүрі мен оның қарулы
күштеріне деген адалдық;
-
әскери және әскери – техникалық білім мен
дағдыларды меңгеру;
Әскери – патриоттық тәрбие халықтың жасына,
кәсібіне және де басқа ерекшеліктеріне қарай әр түрлі деңгейде
жүргізіледі.
в) Қорытынды бөлім
– 10
минут.
Сұрақтар мен
тапсырмалар:
|