400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Құрақ көрпе "

Материал туралы қысқаша түсінік
" Құрақ көрпе "
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні, айы,жылы: 10.10.2018 ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:Құрастыру

Тақырыбы: «Құрақ көрпе»

Мақсаты:

Білімділік: Ұлттық тұтынатын бұйымдар жайында қарапайым түсінік беру,

Дамытушылық: Қиылған қағаздарды түсіне, көлеміне қарай үйлестіре орналастыра алуға дағдыландыру

Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: Құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың

қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші бірнеше құрақ көрпешелердің үлгісін көрсетіп балаларға оның пайдасы жайында әңгімелеп береді. Үлгіні талдау жасайды. Осындай құрақ көрпе жасау үшін біз бүгін қағазбен жұмыс жасаймыз деп оны қалай жасауға болатынын түсіндіреді.

Балалар үлгіге қарап, олардың түр-түсіне, пішініне назар аударады.

Ұйымдастыру-щы ізденуші

Тәрбиеші құрақ көрпе жасау үшін қызыл және сары түсті қиылған үшбұрышты қағаздарды әр балаға таратады. Оны пішініне және түстеріне сәйкестендіре бір-біріне үйлестіріп орналастырып, құрақ көрпе жасау жолдарын көрсетіп, түсіндіреді. Балалардың жазықтықты дұрыс пайдалана білуіне назар аударады, балаларға жеке нұсқау беріп, көмек көрсетеді, іс-әрекет барысында бақылау жасайды.

Балалар қиылған үшбұрыштарды бір-біріне жақындатып, үйлестіріп, сәнді өрнек құрап, көрпешенің құрағын жасайды. Үшбұрыштарды қалай дұрыс орналастыру қажет екеніне мән береді.

Рефлексивті коррекциялаушы

Тәрбиеші қағаз қиындыларын балалардың қалай жазықтықта дұрыс орналастырғанына баса назар аударады, түс, көлем, пішін үйлесілімдігіне мән бере отырып балалар жұмыстарын қорытындылап, мадақтайды.

Өздерінің қандай көрпеше жасағанын айтып береді, өз жұмыстарының нәтижесін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: қиылған үшбұрыш қағаздарды түс үйлесіміне қарай дұрыс

орналастыруды біледі

Нені игеру: «құрақ», «көрпе» ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді

Нені меңгереді: қағазбен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес жазықтықта дұрыс орналастыра білуге дағдылануды меңгерді




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
2918
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі