Материалдар / " Қыс қызығы"

" Қыс қызығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз мезгіліндегі спорттық шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2023
304
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты;Спорттық ойындар арқылы дене-тұлғасының дамуын,балалардың қимыл-қозғалыс қорын кеңейтіп жаттығуларды орындауға мүмкіндік туғызу.Ойын арқылы зеректікке,білгірлікке баулып,батылдыққа,өжеттікке тәрбиелеу.Жыл мезгілінне байланысты спорттық спорттық ойындар ұйымдастыру. 

Керекті құралдар; Жалауша, доп,  қар,  хоккей, арқан,  кегли.


Жүргізуші: Құрметті ата – аналар,ұстаздар және де кішкентай бүлдіршіндер, бүгінгі мектепке дейінгі ұйым арсында ұйымдастырылған «Қыс қызығы» атты спорттық эстафетамызға қош келдіңіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, жұмыстарыңызға табыс тілей отырып бүгінгі эстафетамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жасыл емес жайнаған,
Ақ мамық қар айналам.
Сырғанақты ойнайсың,
Қызыққа енді тоймайсың,
Алақай - ау, алақай,
Қыс келіп тұр, балақай!
Жүргізуші: Міне балалар, аппақ қыста келді. Бірақ қыстың өзі көрінбейді ғой. Кәне, орманға барып қысты іздеп келейік.
Бірақ, алдыменен сұраққа жауап берейік.
Қыста қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауаптары).

Аққала: Ойбай, ойбай маған көмектесіңдерші мені орман аңдары қуып келеді

Аққала: ма мында не болып жатыр уррра менің достарым көп мен енді орман аңдарынан еш қорықпаймын алақаййййй?

Осы кезде қонаққа орман аңдары келеді арыстан, қоян, маймыл, түлкі, аю т.б

Аңдар: Аққала,аққала қайда қашып барасың біз сендермен дос болуға келе жатырмыз қашпа, қашпа....

Ақ қоян: Ма мында не болып жатыр?

Аққала: Атамекен балабақшасында «Қыс қызығы» атты спорттық жарыс болып жатыр қатысасыңдар ма

Аңдар: Ия әрине қатысамыз

Аққала: Олай болса Балаларды ортаға алып шынығу жаттығуларын жасап, бір билеп алайық. Нұсқау бойынша жүру,жүгіру ,шашырап жүгіру жаттығуларын орындайды.

Би: «Спорт-спорт»
Аққала: Енді менімен бірге ойындар ойнайсыңдар ма балалар?
Жүргізуші: Әрине.

Жүргізуші: сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Мектекп директоры: Б.Ж Иргалиева

Тәрбие ісінің орынбасары: А.Ш Калмурзина

Қосымша білім беру педагогі: А.И Муханбетова

Дене тәрбиесінің мұғалімі: С.Р Динмухаметов


Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз:


1 топ: Даулетовтар отбасы

2 топ: Жиеналиевтар отбасы

3 топ: Шагировтар отбасы

4 топ: Дарменовтар отбасы


Жарыстың шарттарымен таныстыру:


1.Таныстыру.(топтың аты, ұраны)

2. «Хоккей» 

3. «Қане, шаңғы теуіп көр»

4. «Кім шапшаң»

5. «Кенгру»


Жүргізуші:Құрметті сайыскерлер,сіздерге сәттілік тілеймін!

1-бөлім. Таныстыру (әр топ ұрандарын айтып таныстырады )

2-бөлім: «Хоккей» Кегли арасымен жыланша хоккеймен допты домалатып жүріп ,орнына жылдам жүріп келу.

3-бөлім. «Қане, шаңғы теуіп көр» кегли арасымен ата – аналары шаңғымен айналады, ал балалары қоянша секіріп сәбіз жинайды.

4-бөлім. «Кім шапшаң» баланы шанаға отырғызып кеглилер арасымен жүгіріп өту.

5-бөлім. «Кенгру» Ата-аналары балаларын ортаға алып кегли айналып жүгіреді. 

Жүргізуші:Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы ел сенген,

Сайысқа баға беріңіз!

Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып , жеңімпазды жариялай отырып , марапаттау рәсімін өткізу.

Жүргізуші: Біз өте ризамыз! Бүгін жақсы көңіл көтердік. Балалармен бірге би билейік, ойындар ойнадық. Сіздерге көп рахмет! Сау болыңдар, балалар!























1 - ші ойын: «Мұздатам». Ойынның шарты: Боран борайды - 1,
Боран борайды - 2,
Боран борайды - 3,
Түрлі фигура боп қат.

2 - ші ойын: «Мұрынды аққалаға тос». Ойынның шарты:
Балалар қолдарын артқа тығып, мұрындарын тосады.
3 - ші ойын: «Шана тартысу». Ойынның шарты: Екі шананың артынан
байлау. Екі бала отырып шаналарды тартады. Кім бірінші шеңбердің ішінен тартып шығады, сол жеңеді.
Жүргізуші: Енді бізге жолды көрсетесіз бе?

Мыстан: Жарайсыңдар, балалар! Міне мына жолмен барасыңдар да
Қысты кездестіресіңдер. Сау болыңдар, адасып қалмаңдар.
Жүргізуші: Балалар кәне ән салайық
Сол кезде алдымыздан Қыс шығады.
Қыс: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады - қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жақсы жаусын ақша қар.
Мариям: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр - мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы – Ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Қыс жұмбақтар жасырады.
Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді. (Мұз)
Зулап түсті төменге.
Шықпас менен төбеге. (Коньки)
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте. (Шырша)
Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып. (Шана)
Қыста айна,
Көктемде су. (Мұз)

Қыс: Жарайсыңдар, балалар! Сендер ойнауға дайынсыңдар ма?
1 - ші ойын: «Бір шаңғымен жүріп көр». Ойынның шарты: Екі команданың балалары
бір - бір шаңғы киіп жүреді. Кімнің командасы бірінші жалауға дейін келеді.
2 - ші ойын: «Әділ қол». Ойынның шарты: Мына таяқтарды қарлы тауға лақтырып қадау.
Жүргізуші: Рахмет, саған Қыс! Біз өте ризамыз! Бүгін біз жақсы көңіл
көтердік. Балалармен бірге би билейік «Биші үйректер».
Қыс: Сендерге көп рахмет, көңілім көтерілді! Мына тәтті ұлпалар
менің сыйлығым. Сау болыңдар, балалар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ