400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Рахмет, анашым қамқорыңа! »

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға тәрбие сағатын өткізуде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ой толғау

« Рахмет, анашым қамқорыңа! »

Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Жанұядағы қадірлі жанның бірі – ана.

Ана – өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының маздаған оты, баланың тәрбиешісі,

ақылшысы, қамқоршысы.

Біздің халық бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген.Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына,алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке – жеке әдет –ғұрпымыз, жол – жоралғымыз бар. Халқымыз бала тәрбиесіндегі ананың рөлін өте жоғары бағалаған.Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.

Әрбір ана сәбиінің дені сау, жақсы азамат болып өскенін қалайды.Ана шынында да өмірдің гүлі,күннің нұры екен.Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет.Ол үшін біз жақсы болып, үлгілі тәртібімізбен, өнердегі жетістігімізбен көзге түсуіміз керек.

Мен өз анамды сыйлаймын,жақсы көремін. Ол қайратты, жігерлі жан. Жүрегі кең, қолы жомарт адам.Менің анам қандай жағдай болмасын «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп, әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жан.

Ана барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі,оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтімен дариды.

Ана – ұлы адам, Ана – құдіретті жан.

Мына жарық дүниеге әкелгені үшін анамызға бас иеміз.

«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе,екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылап айтқан ой десеңші... Шынында аналарсыз мына әлемді елестету мүмкін емес.

Біздің бойымызға ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды. Ананың – нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы – бізді әлдилеп, жұбатады.

Ана – үйдің берекесі,қыз баланың өнегесі,шаруаның несібесі.Ана, осы сөз адам жүрегінің түбін жарып шығып, керемет аялы сезімге жетелері аян. Өмірге шыр етіп келген күннен бастап, бізді мәпелеп өсіретін, өмірде жетелейтін, жақсы –жаманды үйрететін ең асыл қасиетті жандар ол ата – ана.

Әрдайым ата-ананы қадірлейік, достарым!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі