жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
: Ризашылық пен алғыс
Сабақ тақырыбы: Ризашылық пен алғыс
Мақсаты: Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекіліктері: слайдтар, жұмбақтар, тақырып, шарлар
Барысы:
І. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері
«Ризашылық әнін» орындау
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады.
ІІ. Кіріспе.
«Орынын тап» ойыны
Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.
Шаңырақ – күн,
Уықтары - нұр, шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Елтаңба)
***
Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде,
Адам оны жоғалтқан. (Отан)
***
Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,
Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең,
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)
***
Егіз қайың,
Бой - бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес - бестен. (Қол)
***
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап - жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе)
***
Тұмсығымен ояды,
Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ)
***
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)
***
Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр. (карта)
***
Емес ол кітап та, дәптер де,
Жүреді бірақ та портфельде.
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың ағаңды. (күнделік)
***
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз)
***
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
***
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі. (қарындаш)
***
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (бор)
***
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)
Әңгімелесу
Ризашылық дегеніміз не?
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
/Екі бейнесюжет көрсетіледі. «Алғыс айту күні» және «Алғыс айту күнін тойлау не үшін қажет?» /
Биылдан бастап 1 наурыз күнi жаныңызға жылулық сыйлайтын қасыңыздағы жақындарыңызға алғысыңызды бiлдiресiз. Бұл күн ендi «Алғыс айту күнi» деп аталады. Яғни, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Сондай-ақ, құжатта «Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап, яғни қаңтардың 14-iнен бастап қолданысқа енгiзiледi» делiнген.
2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент.
Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.
Бұл күні адамдар бір-біріне қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі, бір-біріне алғысын айтады. Біз де бүгінгі алғыс айту күнінде Қазақстанды қазіргі таңда дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, мойындайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз және сол үшін де алғыс айтамыз.
Мадина:
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді қүтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүния кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,
Халықтың арман, тілек, бақытынан.
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлы,
Ұлт үшін аямаған күш-дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Проблемалық сұрақ: «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»
Көрініс. «Алғыс» Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Қасым мен Хасен шешесіне:Апа, дәмді қызанақ бергеніңіз үшін сізге рақмет!-деді.
Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, жақсы қызанақ өсіргені үшін бақшаға айтыңдар!Балалар бақшаға жүгіріп келді де, қызанақ өсіп тұрған сабақтарға бас иіп, алғыс жаудырды. Қызанақ жапырақтары былай деп сыбырлады:Ол алғыстарыңды бізге айтпаңдар, құнарлы, қара топырақты жерге айтыңдар!Қасым мен Хасен жерге басын иіп, еңкейіп тұрып алғыс айтты:Мейірімді жер, дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп-көп рақмет!Жер жұмсақ майда қара топырағын бүлк еткізіп:Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Жаңбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейді,-деді!Қасым мен Хасен ауыл сыртындағы таудың басына шықты да, бұлт жақындаған кезде:-Рақмет саған, жомарт бұлт!
Сенің мейіріңе сусындаған қызанақты жеп, бір рақаттандық!- деп айқайлады. Бұл игі еңбекті бағалай білетін балаларға бұлт былай деді:-Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге тіршілік себетін құдіретті күнге айтыңдар!Екі бала қара көзілдіріктерін киіп алып, күнге қарады да, бар дауыспен:Уа, әлемге тіршілік, бұлтқа жаңбыр берген мейірімді күн! Сенің сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай тәтті еді! Сол үшін саған көпкөп рақмет! – десті. Ол алғыстарыңды маған айтпандар, - деді күн күлімдеп тұрып.Қызанақты отыпғызып, дамылсыз баптаған адамға алғыс айтыңдар!
Қызыанақты дәмді еткен – адамның еңбегі!Қасым мен Хасен бақшаны баптап жүрген шешесіне жүгіріп келді. Екеуі жарыса алғыстарын айтып шықты. Шешесі күлімдеп тұрып:Менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рақмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей - жалықпай күтіңдер. Ол өсіп өнім береді. Еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге де алғыс айтатын болады, - деді."
Топпен жұмыс
І - топ: Мұғалімнің және сыныптастарының баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау
ІІ-топ: Досыңа өзіңе жасалған жақсылыққа ризашылық білдіріп, алғыс айт.
Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу...
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін...
Осы тізімді әрі қарай жалғастыруға болады. Одан бұрын біз өз достарымыздың туғандарына алғыс айта отырып жазған шағын әңгімелеріне кезек берейік!
Тоғжан:
АНА... Осы үш қана әріптен құралған сөзге
әлемдегі барлық жылулық, барлық бақыт пен махаббат сыйып
кеткендей...
Аналарға қанша жылы сөздер мен дүниенің
барлық асылын әкеп қойсаң да, ақ сүтін өтей
алмайсың.
Менің де аяулы екі анам бар. Олар:
асыл әжем мен аяулы анам. Дүние есігін ашқаннан бері асыл анамның
аялы алақаны мен жылы құшағының арқасында ешқандай қиындықты
сезінбей өсіп келемін. Менен басқа отбасымда тағы да інім бар. Әкем
мен анам біздің болашағымыз үшін еңбек етуде. Бізді қатарымыздан
қалмай, білім алып, еліміздің елеулі азаматтары болса екен деп
тілейді. Біз үшін түн ұйқысын төрт бөлген анамның қасымызда екеніне
мен қуанамын. Оның таңертең еркелетіп оятқаны, кейде көңілсіз
болсам, келіп жып-жылы алақанымен маңдайымды сипап, ауыра қалсам,
қасымнан кетпей қинала қарайтыны – бәрі маған ерекше күш беретін
сияқты.
Менің аяулы апам – Мәрзия. Ол - әкемнің
әпкесі. Ол кісі де мені өз баласындай көріп, еркелетіп, барын беріп
келеді. Біз де ол кісіні құрмет тұтамыз, сыйлаймыз. Ол кісіден үлгі
аламыз. Аяулы аналарымыз әрқашан қасымызда болса деп
тілейміз.
Кейде анам бір-екі күнге қыдырып кетсе, үй
іші де жылусыз қалған сияқты болады. Анам есікті ашып кіріп
келгенде, күннің нұры құйылып кеткендей, бәріміз жадырап сала
береміз.
Аяулы Анам! Саған деген жүрегімдегі ризашылық
сезімімді қаншама жылы сөз терсем де, жеткізе алмаспын. Бұл дүниеде
сенімен ғана бақытты екенімді білемін.
Әрқашан қасымда болыңыз. Дүниеде өзіңдей
жанның болғанына ризамын. Мен үшін түн ұйқыңды төрт бөлгенің үшін,
маған деген аялы алақаның мен жылы құшағың үшін, мейірім толы
жүрегің үшін мың алғыс саған,
Анашым!
Ән «Анамызға мың алғыс!» /хор/
Сая: Ұстаз- ұлағатты есім.
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі- ұстаз. Адамның адам болып
қалыптасуына ата-анамен бірге мұғалімнің де рөлі зор деп ойлаймын.
Бізге ата- анамыздан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік
қасиеттерді сіңіруші адам - мұғалім. Ең алғаш осы мектепке келген
мұғаліміміз Оразханова Айгүл Қабашқызы болды. Ол кісі маған 1
сыныптан 4-сыныпқа дейін білім беріп келеді. Ол кісі шәкірттеріне
аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, еңбекқор ұстаздардың
бірі . Өмірде өз анаңнан кейінгі тағы бір адам ол - алғашқы ұстаз
емес пе?! Айгүл Қабашқызы менің сүйікті мұғалімім болып мәңгілікке
жүрегімде қалады.
Сабақ үстінде өзінің білгенін оқушыға үйретуге ерінбейді,
балалармен тез тіл табысады, ата-аналармен де жақын
қарым-қатынаста. Мен өзімнің ұстазымды мақтан тұтамын. Одан үлгі
аламын. Сол кісіге қарап өсемін. Осы ұстаздың көңіліне ешқашанда
қаяу түспесе екен деймін, ол бақытты болса мен де өзімді бақыттымын
деп санаймын. Ұстазым, мен сізге мәңгілік қарыздармын, сізге мың
алғыс!!!
Өркен: Ұстаздар, қандай ғажап халықсыздар,
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Жәнібек: Біздер әлі өтелмеген парызбыз.
Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз
Аттары да аталмаған ұстаздар
Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз.
Айбол: Келешекке алтын бақ.
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқырап
Ұстаз атты ұлы есім - дей отырып, біздің атымыздан ұстаздар қауымына Мың алғыс!!!
Алан: Мен алғаш есігіңді ашқанымда.
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма
Гүлің болып төгілдім асқарыңа.
Тоғжан: Көп рахмет мектептейін үйіме
Сен себепші қуанышты күйіме.
Жүз жетістік, мың қуаныш тілеймін
Қолдан келсе сыйлар едім сый үме.
Өмір мәні - татулық пен тірлікте
Бақыт нұры шалқып тұрсын түндікте. Ендеше өз аяулы мектебімізге де Мың алғыс!!!
Ән: «Аяулы мектебім»
Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Енді екі топ балалары постер құрайық! І топ: туған-туысқа алғыс яғни рахмет айтамыз, ал ІІ топ табиғат-анамызға және оны құрайтын айнала дүниеге алғысымызды айтамыз.
Постер қорғау.
Қорытындылау
- Балалар, бүгінгі мерекелік сабағымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылайық:
Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар;
Әлемде Егемен Қазақстан бар;
Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар;
Ең бастысы — бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.
Сол күнге берік сенім бар!
«Біздің тілек!» ойынын ойнату. Әр оқушыға шар беріледі. Осы шарларға тілектерін, айтар алғыстарын жазуы қажет. Соңынан оқып, ұшырып жібереді.
Бастай бақ, шаштай дәулет берсін!
• Тілегіңді берсін!
• Өмірің ұзақ болсын!
• Несібелі бол!
• Жаныңа жамандық бермесін!
• Көңіліңді кір шалмасын!
• Күлкіден айырмасын!
• Ауызбіршілік болсын!
• Талабың өссін!
• Ел-жұрт аман болсын!
• Мұратыңа жет!
• Ғұмырлы-бақытты бол!
• Қыдыр ата жолдасың болсын!
• Аспаның ашық болсын!
• Нұр жаусын!
• Бақытты бол!
• Жұлдызың жансын!
• Талабыңа нұр жаусын!
• Өнерің өрге жүзгей!
• Бармақтай бақ, шаш-етектен дәулет берсін!
• Айың оңыңнан, күнің солыңнан тусын! • Көйлегің көк, көңілің тоқ болсын!
• Мерейің үстем болсын!
• Құдай күлкіден айырмасын! •
Тоғжан:
АНА... Осы үш қана әріптен
құралған сөзге әлемдегі барлық жылулық, барлық бақыт пен махаббат
сыйып кеткендей...
Аналарға қанша жылы сөздер мен дүниенің
барлық асылын әкеп қойсаң да, ақ сүтін өтей
алмайсың.
Менің де аяулы екі анам бар. Олар:
асыл әжем мен аяулы анам. Дүние есігін ашқаннан бері асыл анамның
аялы алақаны мен жылы құшағының арқасында ешқандай қиындықты
сезінбей өсіп келемін. Менен басқа отбасымда тағы да інім бар. Әкем
мен анам біздің болашағымыз үшін еңбек етуде. Бізді қатарымыздан
қалмай, білім алып, еліміздің елеулі азаматтары болса екен деп
тілейді. Біз үшін түн ұйқысын төрт бөлген анамның қасымызда екеніне
мен қуанамын. Оның таңертең еркелетіп оятқаны, кейде көңілсіз
болсам, келіп жып-жылы алақанымен маңдайымды сипап, ауыра қалсам,
қасымнан кетпей қинала қарайтыны – бәрі маған ерекше күш беретін
сияқты.
Менің аяулы апам – Мәрзия. Ол - әкемнің
әпкесі. Ол кісі де мені өз баласындай көріп, еркелетіп, барын беріп
келеді. Біз де ол кісіні құрмет тұтамыз, сыйлаймыз. Ол кісіден үлгі
аламыз. Аяулы аналарымыз әрқашан қасымызда болса деп
тілейміз.
Кейде анам бір-екі күнге қыдырып кетсе, үй
іші де жылусыз қалған сияқты болады. Анам есікті ашып кіріп
келгенде, күннің нұры құйылып кеткендей, бәріміз жадырап сала
береміз.
Аяулы Анам! Саған деген жүрегімдегі ризашылық
сезімімді қаншама жылы сөз терсем де, жеткізе алмаспын. Бұл дүниеде
сенімен ғана бақытты екенімді білемін.
Әрқашан қасымда болыңыз. Дүниеде өзіңдей
жанның болғанына ризамын. Мен үшін түн ұйқыңды төрт бөлгенің үшін,
маған деген аялы алақаның мен жылы құшағың үшін, мейірім толы
жүрегің үшін мың алғыс саған,
Анашым!
Сая: Ұстаз- ұлағатты есім.
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі- ұстаз. Адамның адам болып
қалыптасуына ата-анамен бірге мұғалімнің де рөлі зор деп ойлаймын.
Бізге ата- анамыздан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік
қасиеттерді сіңіруші адам - мұғалім. Ең алғаш осы мектепке келген
мұғаліміміз Оразханова Айгүл Қабашқызы болды. Ол кісі маған 1
сыныптан 4-сыныпқа дейін білім беріп келеді. Ол кісі шәкірттеріне
аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, еңбекқор ұстаздардың
бірі . Өмірде өз анаңнан кейінгі тағы бір адам ол - алғашқы ұстаз
емес пе?! Айгүл Қабашқызы менің сүйікті мұғалімім болып мәңгілікке
жүрегімде қалады.
Сабақ үстінде өзінің білгенін оқушыға үйретуге ерінбейді,
балалармен тез тіл табысады, ата-аналармен де жақын
қарым-қатынаста. Мен өзімнің ұстазымды мақтан тұтамын. Одан үлгі
аламын. Сол кісіге қарап өсемін. Осы ұстаздың көңіліне ешқашанда
қаяу түспесе екен деймін, ол бақытты болса мен де өзімді бақыттымын
деп санаймын. Ұстазым, мен сізге мәңгілік қарыздармын, сізге мың
алғыс!!!
Елтаңба
Отан
киіз үй
қол
түйе
тоқылдақ
жер
карта
күнделік
ұстаз
кітап
қарындаш
мектеп
бор
Шаңырақ – күн,
Уықтары - нұр, шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан!
Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде,
Адам оны жоғалтқан.
Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,
Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең,
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды.
***
Егіз қайың,
Бой - бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес - бестен.
***
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап - жылдап түспестен күн кешеді.
***
Тұмсығымен ояды,
Ағаш құртын жояды.
***
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты.
***
Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр.
***
Емес ол кітап та, дәптер де,
Жүреді бірақ та портфельде.
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың ағаңды.
***
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
***
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
***
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
***
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген