
БҚО Бөрлі ауданы білім беру бөлімі «Бекітілді»_______________
Ақсай қаласының № 7 мектепке дейінгі № 7 МДҰ директоры Ж Ж Юнусова
балалар ұйымы МҚҚК»
1- Наурыз алғыс айту күні!
Тақырыбы: «Ризашылық пен алғыс»
«Әлихан» ІІ кіші тобы.
Тәрбиешілер: Төресаева Ұ Б
Ақпан айы 2016 о ж

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 1.03.2016ж
Тақырыбы: «Ризашылық пен алғыс»
Мақсаты: Балалардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық пен
алғыс туралы түсінік беру, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын
дамыту. Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: ризашылық пен алғыс туралы айту
Әдіс- тәсілдері: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, Фребель әдісі
Көрнекіліктер: гүлдер, ашық хаттар, қоржын
Билингвалдық компонент: ризашылық, алғыс - благодарность
Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Ынталандыру,
сезімін ояту
Шаттық шеңбері:
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын, ризамын,
Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Балалар шаттық шеңберін
педагогпен бірге қайталап
орындайды.
Іздену-
ұйымдастыру
-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? Балалар мен сендерге
алғыс, ризашылық жөнінде шағын мәлімет ьбере кетейін.
Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген
жақсылығы,көмегі,көңілі үшін қанағаттанушылық
және алғыс білдірушілік сезімі.
-Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы,
көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның
ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Балалар енді сендерге алғыс , ризашылық жайында әңгіме
оқып берейін.
Қасым мен Хасен.
Қасым мен Хасен бір отбасында дүниеге келегн
ағайынды бауырлар. Қасым 4 сыныпта, ал Хасен 5
сыныпта оқиды. 1- наурыз алғыс айту күніне балалары
аналарына жәнге отбасына өз ризашылықтарын білдіреді.
Қасым және Хасен аналарын келе жатқан 8-наурыз
халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, алғыстарын
білдіреді. Аналарына деген сый- құрметтерін білдіріп,
өздеріне жарқын әрі жарық өмір сыйлағандары үшін
алғысын айтады.
- Міне балалар сендерге әңгіме ұнады ма?
-Балалар ендеше осылай аналарымызға алғыс айтайық.
«Өмірге риза болып,алғыс айт » “Адам өз ісіне
қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге
бөленеді. Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық
білдіруді алғыс дейміз.”
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып,риза болады.
Қолындағы барын қанағат тұтып,осының да бар
болғанына рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен
Балалар алғыс пен
ризашылық жөнінде толық
мағлұмат алғандарын
айтады.
Балалар әңгіменің
ұнағанын айтып, аналарын
өте қатты жақсы
көретіндерін де айтып
өтті.
Балалар өз аналарына
алғыстарын айтады.

ризашылық білдіру өзіңді,өмірді,өмірде барды
бағалаудан басталады.
Аналарына деген балалардың алғысы.
Ана туралы жыр (Ш.Қалдаяков)
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе арнаған.
Балалар аналарына деген
ризашылықтарын,
алғыстарын білдіреді және
сыйлықтарын сыйлайды.
Рефлексивті
коррекцияла
Қ/О: «Гүл құрастырамыз»
Балалар,жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой,кіршіксіз
сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет»
деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен
ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп
тұратынын есте сақтаңдар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай
білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні
үшін ,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ ақ ұлпа
бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен
риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Балалар ойынды
қызығушылықпен
ойнайды.
Балалар өз ойларын
білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: 1-наурыз алғыс айту күні екенін білу;
Қандай түсініктерді игерді: 1- наурызда аналарымызға деген ризашылықтарын білдіру;
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: 1- наурызда айналамызға алғыс айтып,
ризашалақтарымызды білдіріп жүруді;
Әдіскер_________ Тәрбиеші: Төресаева Ұ Б