400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

" РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ "

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру. Президент жолдауы туралы қысқаша мәлемет.
Материалдың қысқаша нұсқасы







Рухани жаңғыру



Рухани жаңғырудың негізі - халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы - ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты.

Рухани жаңғырудың бірнеше бағыттарын атап өтсек:

1. Ұлттық бірегейілікті сақтау.

Ұлттық жаңғыру - ұлттық сананың кемелденуі. Бірінші, Елбасымыз айтқандай "жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу."  Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі - ұлттық болмыстың өзегін сақтау, өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту.

2. Бәсекелік қабілет

Ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықтағы бағасы, өзгелерден сапасымен ұтымды дүние ұсынуға қабілеті. Заман талабына сай тұтас халық қана емес,жеке адамның өзі бәсекелік қабілетін арттырып, табысқа жетуге мүмкіндік алады.

3. Прагматизм

Өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, сол байлықты үнемдей отыра қолдана білу. Болашақты жоспарлай отыра, ысырапшылдық пен даңғойлық қасиеттерге жол бермеу. Білім алуға, мақсатқа жетуге, кәсіби тұрғыдан жетілуге деген ынта ықылас, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану мінездің прагматизмі. Заманауи әлемдегі бірден-бір үлгі.

4. Білімнің салтанат құруы

Біздің қанымызда бар қасиет - білімді болуға ұмтылу. Табысты болудың басты факторы - білім. Жыл өткен сайын, біз жүрісі жылдам дамыған дәуірге аяқ басып келеміз. Сондықтан, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт БИІК ТАБЫСТАРҒА ЖЕТЕДІ.

Қорыта айтқанда, бұл Елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген асыл үндеу өсиеті. Рухани жаңғыру - адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі өзгерісті қабылдай білуі. Тарлан тарихтың, жасампаз бүгіні мен жарқын болашағын үйлесімді үйлестіретін ұлт жадының тұғырнамасы. Осы тұғырнамадан ауытқымай, елбасымыз ұрпаққа мензеген дара жолымен биік-биік шыңдарды бағындыратынымызға сенімдімін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.05.2018
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі