400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Сабақты зерттеу тәсілі-білім сапасының кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты зерттеу тәсілдері туралы эссе.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Сабақты зерттеу тәсілі-білім сапасының кепілі»

Қазіргі кезде мектептегі әр ұстаздың алдына қойған мақсаты – бұл өзінің кәсіби шеберлігін заман талабына сай арттыра отырып,өз білімін жетілдіру. Өзгеріске толы кезеңде уақыт талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді.

Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді тәсілі бұл «Сабақты зерттеу». Сабақты зерттеу  - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.  Сабақты зерттеу  жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобынан тұрады.  «Сабақты зерттеу» үрдісінің түйінді сипаты креативтілік пен ғылыми дәлдік болып табылады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі ең алдымен, мақсат міндеттерді дұрыс қоя білуден басталады.

Сабақты зерттеу, яғни Lesson Study әдісінің мазмұны бойынша құнды мәліметтер беріп, олардың тәжірибесінің жақсаруына көп пайдасын тигізеді. Сабаққа қатысушы басқа ұстаздар тек мұғалімнің әрекеттерін бақылап, олардың кем-кетік жерлерін тізбектеп, сабақ талқылауда сол кемшіліктерді тілге тиек етіп, мұғалімге ақыл айтып, нұсқау береді. Ал бүгінде Lesson Study әдісі бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, сабақты жақсартуға қолданады.

МҰҒАЛІМДЕР ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУДІҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗЕ АЛАДЫ?

Зерттеу циклі төмендегі мәселелерден басталады:

1) оқу мен терең түсіну аса маңызды екеніне назар аудару;

2) іс-әрекетті бастаудың ең тиімді жерін анықтау;

3) зерттеу жолын (бағытын) көрсету

4) табысты болғандығының көрсеткіштерін белгілеу;

5) жұмысты қалыптастырушы бағалау өлшемі ретінде қолдануға болады.

Зерттеу сұрағының негізгі екі санаты бар: зерттеушілік және іс-әрекетке бағытталған сұрақтар.

Сабақты зерттеу мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін зерттеу тобы бірнеше сабақ өткізіп,  бақылап, зерттеп,  соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетеді. 

Букурова Б.С.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.10.2025
36
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі