жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
" Шалқан" ертегісі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Түркістан облысы
Отырар ауданы.
«Ғ. Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
АШЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ
Тақырыбы: Шалқан ертегісі
Дайындаған: Медетбаева Гүлназ
Қостерек ауылы 2019жыл
Күні:23.12.2019жыл Білім саласы: «Қатынас»
Оқу іс—әрекеті: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: « Шалқан ертегісі»
Мақсаты: Осы тақырыпты түсіндіре, үйрете отырып меңгерту.Сабақта балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру. Өздері білетін ертегілердің кейіпкерлерінің аттарын атау арқылы сөздік қорын, тілін дамыту. Ойлау қабілетін арттыру. Тазалыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу.
Көрнекілік: Суреттер, ертегі кітаптар, хаттама.
Әдіс-тәсілі: үйрету, әңгімелеу,сұрақ- жауап, ойын.
Әрекет негізі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру
Ұйымдастыру
|
I Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер -Балалар сендермен көріскеніме өте қуаныштымын. Бүгін ерекше күн бізге қонақтар келді, кәне бәріміз орнымыздан тұрып, бас иеміз деп мына өлең шумағын айтамыз. -Үлкенге де сіз, -Кішіге де сіз. -Құрметпенен қонақтарға , -Бас иеміз біз -деп сәлемдесіп отырғызамын. -Бізде неше мезгіл бар? -4 мезгіл -Қазір қай мезгіл? -Қыс -Бір аптада неше күн бар? - 7күн
-Бүгінгі іс- әрекетке көңілдерін аудартамын. Қане, балалар дегенде қалай отырамыз?-деген сұрақ қоямын. Сол кезде сергіту сәтін орындайды. Тоқ, тоқ тоқылдақ Жерден дәнді шоқып ап Бөтегеміз бұлтиып, Отырамыз томпиып. Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз Көркем әдебиет сабағы. -Көркем әдебиет сабағында нелер үйренеміз? -Ертегілер, оқулар, әріптер, тақпақтар, жұмбақ шешуді, мақал-мәтел айтуды үйренеміз. -Бізде неше әріп бар? - 42 әріп бар. -Неше дыбыс бар? -Екі дыбыс бар. Дауысты, дауыссыз -Өткен тақырып жайында әңгімелеймін. - Ондағы сөздердің мағынасын сұрақ-жауап арқылы пысықтаймын. Қазір қыс мезгілі.Қыс мезгілінде қандай мереке тойлаймыз? -Жаңа жыл туралы кім тақпақ айтады?- деп білетін тақпақтарын сұраймын.
-Жасыл желек жамылған -асыл моншақ тағылған -Міне сұлу шыршамыз -Көптен күтіп сағынған
-Жүзімізге күлкі ойнап -Қанаттанып жанамыз -Жаңа жылды біз тойлап -Шаттанамыз бәріміз Жұмбақ -Қыста ғана болады Ұстасаң қолың тоңады (ҚАР) -Тісі жоқ істеп алады -Қолы жоқ сурет салады (Аяз)
Мақал-мәтел, тыйым сөздер сұраймын. «Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен» «Үйге қарай жүгірме» «Малды теппе, Суға түкірме» «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей» «Ақты төкпе» Сергіту сәті -Бір, екі, үш, -Бойға жинап күш. -Жалқаулықты тастаймыз, -Жаңа сабақ бастаймыз. -Енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Шалқан» ертегісі деп аталады. Өткен сабақта қандай ертегілермен танысқан едік?
-Балалар мына суретке қараңдаршы ,қай ертегі бейнеленген? -Шалқан кейіпкерлерін атайды. -Шалқан ертегісі туралы түсіндіріп мағұлмат беремін. -Рөлде ойнауға үйретемін. Сергіту сәті Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық -Ауладан ата не көреді? - Шалқан -Атай кімді көмекке шақырады? -Апаны шақырады -Апасы кімді көмекке шақырады? -Қызын шақырады -Қызы кімді көмекке шақырады? -Итін шақырады -Иті кімді көмекке шақырады? -Мысықты көмекке шақырады. -Мысық кімді көмекке шақырады? -Тышқанды көмекке шақырады. Тышқан келіп тартқанда шалқан жерден шығып кетеді. Ролде жақсы ойнаған балаларды ауызша бағалап, мадақтаймын. Қорытынды: -Сұрақтар арқылы сабақты пысықтаймын. -Қәне, балалар сабақты аяқтаймыз қонақтарды сау болыңыздар деп шығарып саламыз деп іс- әрекетті аяқтаймыз.
Балалар ертегі туралы білді. Ролде ойнап үйренді. Ертегіні толық меңгерді.
Бүгінгі іс –әрекетті балалар жақсы орындап шықты.
|
Балалар ынталарын іс- әрекетке аударады. Қонақтарды бас иіп қарсы алады.
Сұраққа жауап береді
Бүгінгі күннің қай күні екенін біледі
Сергіту сәтін орындайды
Сұрақтарға жауап береді
Жаңа жыл мерекесін
Жұмбақ шешті
Сергіту сәтін орындады
Жаңа сабақтың тақырыбен танысты
Жақсы меңгерген балаларды ауызша мадақтаймыз
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген