Материалдар / " Салт- дәстүр асыл қазына"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

" Салт- дәстүр асыл қазына"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2018
658
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Салт- дәстүр асыл қазына


«Қара жорға» биімен ашылады.


Шашу шашылады

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық!

Бұл мереке бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

Жүргізуіші: армысыздар құрметті қонақтар! Ата-аналар. Бәріміздің де асыға күткен Наурыз тойымызда келіп жетті. Наурыз шығыс елдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. Наурыз қазақ тілінде тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағына білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурыз табиғаттың жаңаруының, малдың төлдеп, ақтық молаюының белгісі деп білген қазағымыз. Қазақ халқы бұл күнді, салт-дәстүр бойынша тазару, жаңару күні деп қарсы алған.

Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз,

Үлкен, кіші жасымызбен кәріміз

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап біздің мына төріміз дей келе.

Балабақшамыздың бір топ қыздарымыздың жетіген аспабымен орындалатын ән шашуын қабыл алыңыздар.


Ән. «Айым болып тудыңба»


Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған

Тәлімді ой сынағы тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді артақтайық ағайын,

Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.


Ән: «Әйел бақыты»


Көрініс

Автор: Ерте заманда қазақ халқының ұлттық қазыналары қасиетті нан бауырсақ, қазақтың ұлттық аспабы домбыра, қазақы сусыны қымыз сонымен қатар ұлттық ойынның бірі асық бір дастарқан басында жолығып қалатын көрінеді. Дастархан шетінде тұрған газетті көрген ұлттық тағамның бірі Құрт былай дейді.

Құрт: Газетке жазыпты 2017 жылы Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді екен көрмеге әр елдің брендтерін шығарады екен. Бренд деген әр елдің ең танымалы затын айтады.

Асық: Олай болса қазақтың мақтанышы мен боламын, мен ұлттық ойыннның бірімін ежелгі ата-бабаларымыз менімен ойап өскен.

Домбыры: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» қазақтың мақтанышы мен боламын

Бауырсақ: Мені айтсаңшы мен қазақтың ең сүйікті нанымын мені әрбір қазақ дастарханына қояды. Қазақтың мақтанышына мен лайықтымын.

Қымыз: Мен адамға күш қуат беремін бренд болуға мен лайықтымын.

Құрт: Ал мені айтсаң мен ешқашан ескірмейтін күшті азықпын брендке мен лайықпын (таласып отқанда құс ұшып келеді)

Қыран құс: Сендер неге таласып жатырсыңдар

Құрт: Қыран құс айтыңызшы қайсымыз қазақтың мақтанышы бола аламыз

Қыран құс: Менде қазақтың көк туында бейнеленгенмін кім қазақтың мақтанышы болатынын көп жасаған бәйтерек атадан сұрайық.

Ата ағаш: Қазақтың игі жақсылары жиналып қалыпсыңдар ғой. Ааал айта отырңдар құлағым сендерде.

Қыран құс: Айтсақ алдыңызға ақиғат іздеп келдік арамызда қайсымыз қазақ халқының мақтанышы болатын бендке лайықтымыз соны айтыңызшы.

Ата ағаш: Ааааай балаларым-ай мен қай бір билік айтар дейсіңдер негізі көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра деген. Ол үшін Астана төрінде орналасқан жаңа заманның бәйтерегінен сұрау керек. Бұл сұрақтың жауабын берсе сол ғана бере алады.

Бауырсақ: Қыран құс сенде көпті көрген құссың ғой бізді бәйтерекке алып баршы.

(Ұшып келіп бәйтерекке келеді.)

Асық: Қандай алып Ассалаумағаликумм

Бәйтерек: Уағаликумасслам. Өңшең қазақтың мықтылары жиналыпсыңдарғой

Құрт: Біз өзара кім қазақтың берндті бола алады деп таласып жатырмыз. Көпті көрген бәйтерек сізге келдік төрелігіңізді айтыңыз.

Бәйтерек: Бұларың дұрыс болған екен бүгінде бүкіл әлем таныған Қазақстанның ел ортасына қош келдіңіздер. Қазақтың брендтіне кім лайық десеңдер менің айтарым барлығыңда лайықтысыңдар ата-бабаларымыздың өмірін бүгінгі ұрпаққа жалғап отырған қасиеттеріңе бас иеп құрметпен қараймын. Сол үшін елеміздің мәртебесін көтеру үшін бәріміз бірге ат салысайық. Менің төрелігім осы болсын – деп Қара жорға биі.

Жүргізуші: Ата салтым - асыл мұрам ардағым

Бабалардың жалғастарар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзпас қадірін,

Өтенімді бүгінменен жалғадым.

Өнер халық – өмір шең халық, қазақтың әдет ғұрпына, салт-дәстүрлеріне бағытталған. Салт-дәстүр асыл қазына» атты ата аналар арасындағы сайысты бастаймыз. Құрметті ата-аналар, қонақтар бүгінгі сайысымыздың мақсаты заман өзгерседе ұлттық салт дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі сайысымызда өздеріңіз куә болатындай дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп ласаңыздар артық болмас. Бүгінгі сайысымыз екі кезеңнен тұрады.

І-ші кезең. Қазақтың мақал-мәтелдері салт дәстүрлеріннен ауызша сұрақтар қою

ІІ-ші кезең Қазақтың ұлттың ойындарынан құралған (спорттық сайыс)


Сайысқа қатысушы ата-аналарымызды ортамызға шақырамыз.

1._____________________________________________________


2._____________________________________________________


Сайысымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болсақ.

1.__________________________________________________________


2.__________________________________________________________


3.__________________________________________________________


Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз, орындарыңызға жайғасыңыздар.

І-ші сайысымыздың 3 кезеңімен таныстырып өтейін.


  1. Салт дәстүрлердің атаулары. ( 3-5 жеребілерді алу)

«___________» тобына

1-сұрақ Үш мақсатты ата.

Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту.

Үш арсыз.

Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз.

2-сұрақ Үш алыс

Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.


Үш арыс

Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин, ілияс жансүгіров.

3-сұрақ Үш жүзді атаңыз.

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

Үш сауап

Шөлге құдық қазған.

Өзенге көпір салған.

Жолға ағаш еккен.

4-сұрақ Төрт түліктің пірін атаңыз.

Түйе пірі-Ойсыл қара,

Жылқы пірі- Қамбар ата,

Сиыр пірі-Зеңгір баба,

Қой пірі-Шопан ата,

Ешкі пірі-Шекшек ата.

Төрт қымбат не?

Алтын ұя Отан қымбат,

Құт- береке атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.


«______________» тобына

1-сұрақ Бес дұшпан

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.

Бес асыл

Талап еңбек, терең ой, қанағат .

2-сұрақ Бес байлық

Әуелі баайлық- денсаулық.

Екінші байлық-еркіндік.

Үшінші байлық- тіл байлық

Төртінші байлық –қайрат-күш,ақ жаулық.

Бесінші байлық-балаңыз.

Бес қаруға нелер жатады?

Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.

3-сұрақ Бес қатер

От, жау, борыш,ауру, сөз.

Бес жақын кімдер?

Тату болса- ағайын жақын.

Ақылшы болса-апайың жақын.

Бауырмал болса-інің жақын.

Инабатты болса-келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын

Қимас жақын қарындасың.

4-сұрақ Жеті қазынаны атаңыз.

Ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран

бүркіт,берен мылтық.

Жеті жұт

Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс,жер сілкіну, сел (тасқын)


  1. Ою-өрнектің атаулары

Құсқанат оюы Қошқар мүйіз оюы


Түйе табан оюы Сынық мүйіз ойы


Ит құйрық оюя Тарақ оюы


Су өрнегі Құрықмүйіз оюы



  1. Көрсетілген мақал-мәтелдерді. Сөйлемей тақтаға суретпен ымдап көрсету.

1. Үяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

2 Ата — бәйтерек, бала жапырақ

3. Ер бір өледі, семіз мың өледі

4. Өле жегенше бөле же

5. Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.

6. Мал бақандікі, жер жыртқандікі

7. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді

8. Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер

1.Тентек… акыл…

(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді)

2.Сүйіндіреді… күйіндіреді…

(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді)

3.Мысык… тышқан…

(Мысыққа ойын керек, тышқанга өлім керек)

4. Мектеп… білім…

(Мектеп — кеме, білім — теңіз)

5.Халыққа ......- ағысқа .....

(Халыққа қарсы жүру - ағысқа қарсы жүзу)

6. Су жүрген ....... Ел жүрген .........

(Су жүрген жер береке,. Ел жүрген жер мереке)

7. Бірлік....... тірлік

(Бірлік түбі – тірлік)

8. Сыйлап берген......, сатып алған ........артық

(Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық)



Жүргізуші:

Өлкеме наурыз келді, көктем келді

Құлпырып гүлге орап көк пен жерді

Халқымның салт-дәстүрін аялаған

Арманы асқақтады көптен бергі


Би: «Адай» биі


Жүргізуші: Сайысымыздың екінші кезеңі ұлттық ойындардан тұратын спорттық сайыс. Сайысқа ата-аналардан құралған екі топ қатысады. Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Сайыскерлер өз топтарын таныстырып өтеді.


Жүргізуші:

Спорттық сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

  1. Теңге алу

  2. Қанталапай

  3. Көкпар

  4. Кім жылдам (наурыз көже жеу )

  5. Қол күрес



Әділ қазы алқасы сайысымыздың қортынды бағасын айтқанша біздің балаларымыздың арқан тартыс ойынына ат салысайық.


Би: «Шашу» қыздар биі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!