: Сатық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

: Сатық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды саптық тұрысты қабылдау пәрмендеріне үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

_____________

Оқу –далалық жиыныңың басшысы:


Сабақтың тақырыбы: Сатық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал» пәрмендерін орындау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды саптық тұрысты қабылдау пәрмендеріне үйрету.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: 10 сынып, Саптық алаң.

Көрнекілік ұүралдар: Саптық жарғы, АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу тарихын қысқаша айтып беріңдер.

Егемен Қазақстанның даму бағдары қандай?


б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тіктел!»,

«Еркін тұр!», «Жинақтал!» пәрмендерін орындау.

Саптық тұрыс «Саптал!» немесе «Тіктел!» пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек; иықтарды жазып, ішті тартып, кеудені тік ұстап, денені біршама алға ұмсыну керек; саусақтарды жартылай бүгіп жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары және тік ұстап иекті алға шығармай ұстау керек.

«Еркін тұр! » пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, сөйлеспей еркін тұру керек.

«Жинақтал!» пәрмені бойынша саптағы әз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін, жабдықтарын түзеу керек. жинақталу бас киімнен басталады.

«Жинақтал!» пәрменінің алдында «Еркін тұр! » пәрмені беріледі.

Бас киімдерді шешу немесе кию үшін «Бас киімді шеш», «Бас киімді ки» пәрмендері беріледі.

Шешілген бас киім күнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады.

Қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң, ал қарумен «бауға», «кеудеге», «аяққа» күйінде сол қолмен шешіледі.

Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде, карабин алдын ала аяққа түсіріледі.

Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, «Саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.

Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға – саптал».

Бұл пәрмен бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына белгіленген аралықты және арақашықтықты сақтап, саптық тұрысты қабылдайды.


в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?

саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?


Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: Мырзабаев К.О.

Қарашатау орта мектебі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.11.2025
18
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі