400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Seasons and weather »

Материал туралы қысқаша түсінік
« Seasons and weather »
Материалдың қысқаша нұсқасы


Аннотация


Жоба әдісімен жұмыс істеу әрбір оқушының жұмысқа деген жауапкершілігін арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады. Оқытудың түпкі мақсаты: білім сапасын жақсартуға үлкен ықпалын тигізу. Жоба әдісі арқылы оқушының тіл байлығы, зерттеушілік, логикалық қабілеті дамиды. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.


Работа с проектным методом повышает ответственность каждого ученика за работу и развитие их творческих способностей. Конечная цель обучения - оказать большое влияние на качество образования. Благодаря методу проекта студент развивает язык, исследовательных и логических навыков. Навыки для самостоятельной работ


Жобалау әдісін қолдану арқылы орта буын оқушыларының ынтасын ағылшын тілі сабақтарында арттыру

XXI ғасыр — озық технологияларды меңгеріп, білім алу мен ізденіс ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін оқыту және үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Осы шет тілін оқыту жолында көптеген жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдер ғылымға көптеген өзгерістер әкелді. Олар қазірде жаңартылған оқыту мазмұнына енді. Жаңаша оқыту технологияларының бірі —ағылшын тілін оқытуда жобалау әдісін қолдану. Бұл әдіс ерекшелігі мол, құнды технология. Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс - әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс - әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс - жүзінде пайдалануы.
Жобалау әдісінің басты идеясы:
балалардың танымдық қызығушылығын дамыту,
өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата - анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.
Жобалармен жұмыс істеу оқушыларға дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын, білім алуға мүмкіндік бере отырып,  жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады.  Бұлай болуы мүмкін, өйткені оқушылар өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның: -тәжірибелік құндылықтары болуы; -оқушылардың  өзіндік зерттеулерін жүргізуінің  болжауы болуы ; -онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы; -оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы; өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы; -оқушыға өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі; -кең спектрлі тапсырмаларды шешуде оқушылардың қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы; -оқушылардың  арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс. Жобалау әдісі – ағылшын тілін оқытуда тиімді әдістердің бірі боп саналады. Мұнда оқушылар жеке немесе топпен бірлесіп белгілі бір бағытта  әрекет етеді, ізденіс жүргізеді, еңбектенуді үйренеді, өз пікірін дәлелдей алады, білімін, күшін сынайды. Оқытушының мақсаты – тақырыпты шығармашылық түрде меңгерту, логикалық ойлауын жетілдіру. Әр жоба ауызша бір тақырыпқа байланысты болады. Мұнда оқушы тек 1 ғана пәннен алған білімін ғана емес басқа пәндерден алған білімін де көрсете алады. Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды қабылдай отырып, оны әрі қарай дамыту жұмыстарын жүргізеді.
Егерде Жалпы Орта Білім Беретін мектептердегі орта табында ағылшын тілі сабақтарында жоба әдісін кеңінен қолданса, оқушылар әдісті толық меңгеріп қоймай, әр тақырыпқа өздігінен анализ жасай біледі. Жоба әдісі ойлау қабілеті мен ойлау жылдамдығын арттыруда үлесі зор. Мысалы: тілдік, сөз қорын байытуға, сөйлеу қабілетінің дамуына, жеке тұлғалық индивид ретінде қалыптасуына, дербес тәуелсіз тұлға болуына , алға қойған тапсырмалардың нәтижелі шешім табуына септігін тигізеді. Мысалы, жаңа тақырыпты өткенде мұғалім қосымша дайындалады. Әр түрлі сілтемелер, программалық материалдар әзірлеп әкеледі. Сол тақырып аясында оқушылар мағлұмат алып қана қоймайды, өздері айтқан пікірдің дұрыстығына көз жеткізіп, өз ойларын дәлелдеу мақсатында оларда қосымша ізденеді. Оқушылар алдымен пікірлерін терең ойланып, жан-жақты саралап барып айтады.
Оқушылардан жаңа мағлұмат алу арқылы мұғалім де білімін толықтырады.
Мысалы, 6-сыныптағы «Welcome to Disneyland» тақырыбын түсіндіру барысында мынадай тапсырмалар арқылы оқушыларға зерттеу-саралау жұмыстарын беруге болады: І тапсырма.
(тақырыпты ашу,оқушылар өз бетімен «Disneyland» паркі туралы мәлімет жинақтайды). І-топ «park» тақырыбына қатысты сөздер айтады. ІІ топ  осы сөздерден сөз тіркестерін жасайды. ІII топ сөйлем құрайды. ІІ тапсырма мәтінмен жұмыс. ІІІ топ мәтінді оқиды. ІІ топ аударады. І топ сұраққа жауап береді.

ІІІ тапсырма. Тапқан материалдарынан сұрақтар құрайды, тест тапсырмаларын құрастырып, бір-бірімен алмасады. IV тапсырма тақырыпты қорытындылап, жаңа сөздерді теріп алады. Бірін-бірі бағалайды. Бағалау бөліміне де бағалау критериилерін әзірлей алады:

Өздік бағалауы
-Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетінше дайындығым:төмен,орта, жоғары;
-Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім : төмен, орташа, жоғары;
-Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен,орта, жоғары;
-(Топтың өзара бағалауы топтар бірін бірі бағалайды)Топ ұжымының татулығы, белсендігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу
-Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра айтуы: төмен,орта, жоғары; Осы тапсырмалар барысында оқушылар жеке жұмыста, топтық, екеуара жұмыста жасайды. Өз бетімен ізденіс арқасында, жаңа тақырыпты түсіну барысында жоспар құрады, тапсырма әзірлеп дағдыланады.

Қорыта айтқанда, Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру əрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Мектептердегі ағылшын тілі пəні мұғалімдердің мақсаты — оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытуда орта буын оқушыларына жобалау әдісін қолдану — үлкен істің бастамасы.







ӘДЕБИЕТТЕР


1. Зимняя И.А., Сахарова Т.Е. Проектная методика обучения английскому языку. // Иностранный язык в школе. 1991. №3.

2. Кузьмичева Т.Н. Технические средства в обучений английскому языку. – М. Просвещение, 2001.

3. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологий // Иностранный язык в школе. 2004. №3.

4. Ишанғалиева А.М. Құзыреттілік — білім мен мүмкіндіктің бірігуі // Шетел тілін оқыту əдістемесі. — — № 2




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
438
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі