400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

.« Шексіз математика» факультативтік курс бағдарламасы 3 сыныптарға арналған.

Материал туралы қысқаша түсінік
.« Шексіз математика» факультативтік курс бағдарламасы 3 сыныптарға арналған. Баланың абстрактілі ойлау деңгей-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қарағанды облысы, Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің

Әдістемелік кабинеті



«Шексіз математика»

Факультатив курс бағдарламасы







«Біздің айналамыздағы математика» жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралы











Жаңаарқа ауданы 2018





Қарағанды облысы, Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің

Әдістемелік кабинеті



Хаттама №1 20.09.18.



Құрастырған:

К.М.Ашикбекова– Атасу кенті, Жаңаарқа ауданы, Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек (РО) КММ


Пікір жазғандар: Боранбаева Ш.С. – Жаңаарқа АБББ –нің әдіскері

Аханова Г.Р. - Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебі базасындағы тірек мектебі (РО) КММ оқу ісінің меңгерушісі


Бұл бағдарлама бастауыш білім беру деңгейінің Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты негізінде әзірленді.« Шексіз математика» факультативтік курс бағдарламасы 3 сыныптарға арналған. Баланың абстрактілі ойлау деңгей-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Бағдарлама мазмұны күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарларының үлгілерінен тұрады.Бағдарлама бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша білім беруде әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.











Мазмұны


І. Түсінік хат --------- 3-7 бет


II. Күнтізбелік жоспар


1. 3-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар----8- 10 бет


III. Пайдаланылған әдебиеттер--------- 11 бет





































Түсінік хат

3 сыныпқа арналған «Шексіз математика» факультативтік курс бағдарламасы төмендегі негізде әзірленген:

-ҚР білім беру заңына сәйкес;

-3 бап, баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

-білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

-әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық –физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;

-жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

-оқу бағдарламасына сәйкес;

Аталған жұмыс бағдарлама нұсқасы 3 сыныпта «Математика сыры» атты факультативтік курс үшін құрастырылған.

        Бүгінгі таңда 12 жылдық білім беру сатысына көшу бағыты мұғалім мен оқушы алдына үлкен міндеттер мен жауапкершілікті жүктейді. Төменгі сыныптан бастап балаларды өздерінің қабілеті бар салаға бағыттау, сол салаға деген қызығушылығы мен ізденісін қалыптастыру өзекті мәселе. Жалпы білім беретін оқу орнының бастауыш сатысында «Шексіз математика » таңдау курсы оқытылады. Бұл курс математика пәнін тереңдетіп оқытуға негізделген.Таңдау курсы оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығуын қалыптастыру үшін, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады.


Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің Орта білім берудің (бастауыш) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Жас ұрпаққа сапалы да тиянақты білім беріп, имандылыққа, инабаттылыққа, адамгешілікке,ізгілікке, тәрбиелеу және оларды белгілі бір пән саласына икемдеу қазіргі таңдағы ұстаздар қауымының маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын есте сақтау емес, осы материалды шығармашылықпен өмірде қолдану шеберлігін қалыптастыурға көп көңіл бөлінеді. 3

        Сол себептен танымдық тапсырмалар арқылы баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру керек. Оқушыны ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдыратын ақыл-ой деңгейін ұштау үшін «Шексіз математика» бағдарламасын ұсынып отырмын.

   Бағдарламаның мақсаты:

-  математикалық білімді игеру;

-  танымдық іс-әрекетке, өздігінен ізденуге бейімдеу;

-  пәнге қызығушылығын арттыру;

-  қисынды ойлауын дамытып, тұлға ретінде    қалыптастыру;

-  игерілген білімдерін өмірде іс-әрекет барысында   қолдана білуге дайындау;

- есептің шығару жолын ауызша талқылау ойлау мен тіл қабілетін дамыту

Бағдарламаның міндеті:

- мемлекеттік стандарттан тыс нақты математикалық білімді меңгерту

- ақыл ой іс әрекетінің мән мағынасын түсіндіре отырып тұлғаның шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;

- кеңістік пен уақытты бағдарлай білу біліктерін жетілдіру;

- практикалық әрекеттерді орындау машықтарын арттыру;

-есептерді шешудің дәстүрлі емес тәсілдерін таба білу, стандарт емес есептерді шешу тәсілдерін таба білу іскерліктерін дамыту;

Күтілетін нәтиже:

- Өз ойын дәлелдей білуге жаттығады

- Оқу іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлауды, бақылауды орынды қолдануға үйренеді

- Әртүрлі кесте бойынша есеп құрастыруға жаттығады

- Шамаларды салыстыра білуге үйренеді

- Есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттері дамиды, іскерлік білімдері мен дағдылары қалыптасады;

- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша шығаруға дағдыланады

- Проблемалық жағдаятты шеше алады

-оқушылардың еркін ойлауына жол ашады;

-құрбы-құрдастарымен еркін пікір бөлісетін болады;

-енжарлықты жоюға көмектеседі:

4 

Білуі тиіс:

-миллиард көлеміндегі сандарды разрядтық құрамға жіктеу;

-геометриялық фигуралардың атауы: конус, параллелограмм, цилиндр, шар;

-ерте кездің өлшем бірліктері;

-басқатырғыштар, шарадалар, ребустарды шешудің алгоритмін;

-жобалау жасау алгоритмін;

-бөлшек: оқу,жазу, бөлшектерді қосу мен азайтудың қарапайым тәсілдерін; 

Үйренуі тиіс:

-есептерді шығару жолдарының ең тиімді тәсілін таңдай білуді;

- тұсаукесер безендіруді;

- берілген тапсырмалар бойынша жазықтықта геометриялық фигуралар құрастыру және өзінің фигураларын құрастыруды;

-жазықтықта көлемі үлкен фигураларды бейнелеуді, құрастыруды;

-басқатырғыштар, шарадалар, ребустарды шешу және сараптауды;

-өз бетімен шешім қабылдауды;

- математикалық терминдерді пайдалана білуі;

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 


Факультативтік сабақтардың оқушы беретін көмегі:

-математика пәні бойынша негізгі базалық мазмұны мен оны түсінудің

кілтін үйрену;

-зерттеушілік іс-әрекетінің тәсілдерімен қаруландыру; 5



-шығармашылықпен ойлауды қалыптастыру;

-әртүрлі деңгейдегі есептерді шығару қасиетін төсілдіру;

-олимпиадалар, ойындарда, сайыстарда табандылықпен орындау; 
Білуі тиіс:

-көптаңбалы сандар қатарын разрядтарға жіктей білуін;

-ерте заманның өлшем бірліктерін;

-басқатырғыштар, шарадалар, ребустарды шешудің алгоритімін;

-жобалар жасау алгоритмін;

-бөлшек: оқу, жазу, бөлшектерді қосу мен азайтудың қарапайым тәсілдерін; 
Үйренуі тиіс:

-ауызша есептеу тәсілдерді;

-есептерді шығаруда өз білімін қолдана білуді;

-геометриялық пішіндерді тану және бейнелеуді;

- симметрия осін сызықтар арқылы аталған фигураны құрастыруды;

-басқатырғыштар, шарадалар, ребустарды шешу және сараптауды;

- өз бетімен шешім қабылдауды;

- есептерді шығару жолдарының ең тиімді тәсілін таңдай білуді;

-геометриялық фигуралар құрастыруды;

-жазықтықта көлемі үлкен фигураларды бейнелейді, құрастыруды;

-есептерді шығару жолдарының ең тиімді тәсілін таңдай білуді;

-жазықтықта көлемі үлкен фигураларды бейнелейді, құрастыруды;

-есептерді шығару жолдарының ең тиімді тәсілін таңдай білуді;

-тұсаукесер безендіруді; 6

-берілген тапсырмалар бойынша жазықтықта геометриялық фигуралар құрастыру және өзінің фигураларын құрастыруды;

-басқатырғыштар, шарадалар, ребустарды шешу және сараптауды;
-математикалық терминдерді пайдалануды; 

     Оқу материалының мазмұны:

Математика пәні бойынша сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру арқылы қабілетті (дарынды) оқшылармен жұмысты жандандыруға болады.

     Берілген тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайды. Тапсырмалар баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа , ойын дәлелдеуге де үйретеді. Әрі оны жалықтырмайды.

      Ұсынылып отырған авторлық бағдарлама бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша әдістемелік құрал бола алады.

 





















7

«Шексіз математитка» бағдарламасы

3 сыныпқа арналған бағдарлама аптасына 1 сағат,

жыл бойы 34 сағатқа жоспарланған

№

Тақырыбы:

Сағат саны

Өтілетін уақыты

Теория

Практика

Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары

1

«Қанатты сөздер» саны бар мақал –

мәтелдер айту.

1




Ізденіс сабақ

2-3

Математикалық бас қатырғылар шешу.

2




Шолу сабақ

4-5

Қызықты әзіл -есептер

2




Дәріс сабақ

6

Арифметикалық домино       

1




Ұжымдық сабақ

7

«Иә-жоқ» математи-калық диктант

1




Ұжымдық сабақ

8

Математикалық сөзжұмбақтар

1




Ізденіс сабақ

9

№1 сынақ

1




Практикалық сабақ

10-11

Санның үлесін табу

2




Ізденіс сабақ

12-13

Дидактикалық ойын есептер.

2




Бақылау сабақ

14

Ауызша көбейту тәсілдері

1




Шығармашылық сабақ

15

Ауызша бөлу тәсілдері

1




Ұжымдық сабақ

16

№2 сынақ

1




Практикалық сабақ

17

Математикалық ребус шешу,

құрастыру.

1




Шығармашылық сабақ

18

Тапқырлыққа есептер шығарту.

1




Шығармашылық сабақ

19

Қызықты дөңгелектер

1




Ізденіс сабақ

20

Сан тізбектері

1




Ұжымдық сабақ

21

Логикалық есептер

1




Ұжымдық сабақ

22

Математикалық жұмбақтар

1




Ұжымдық сабақ

23-

Амалдардың орындалу тәртібі

1




Практикалық сабақ

24

 Қызықты көпбұрыштар

1




Ізденіс сабақ

25

№3 сынақ

1




Практикалық сабақ

26

Математикалық викторина

1




Ізденіс сабақ

27

Сандардың римдік жүйесіндегі жазылуы

1




Дәріс сабақ

28

Сандар сыры

1




Ұжымдық сабақ

29

Микрокалькулятормен жұмыс

1




Дәріс сабақ

30

«Математика—ғылымдар патшасы» сайыс

1




Шығармашылық сабақ

31

№4 қорытынды сынақ

1




Практикалық сабақ

32

а ∙ 0; 0 : а түріндегі көбейту

1




Дәріс сабақ

33

0 және 1 сандарына көбейту және бөлу

1




Дәріс сабақ

34

Тест тапсырмалары. Білімді қорытындылау

1




Практикалық сабақ









Shape1

1. Математика еліне саяхат  Б.М.Қосанов  Алматы-2012ж


2. Математика оқулығы 3-сынып, Т.Қ.Оспанов, Ш.Қ.Құрманалиева,

Ж.Т.Қайыңбаев Атамұра-2014ж

3. Ерешева Күләнда,Әденова Гүлбағда,Сәлімқанова Гүлнәр, Логика әлемі – 3 – сынып, Алматы « Өлке» баспасы, 2014

4. Логикалық  есеппен математикалық олимпиадаға З.Ш.Ерназарова П.А.Құсаинова,М.З.Ермағанбетова ,Қызылорда – 2010ж
























11









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі