жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
" Сенім менін серігім"
Сабақтың тақырыбы; «Сенім сенің серігің
Мақсаты: Мектеп түлектерінің сенімділіктерін, мінез-құлқын, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру. Өз-өздеріне деген сенімділіктерін арттыру.
Көрнекілігі : жүрекшелер , қалам, жұмсақ ойыншықтар, маркер, майшам сіріңке.
Сабақ әдісі: әңгімелесу, талдау, сұрақ қою , пікір алмасу.
Түрі: тренинг –сабақ
Тренинг сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Саламатсыңдар ма оқушылар сендерді көргеніме қуанышытымын. Бір –бірімізге жылы шырай танытып ,жылы жүзбен бір-бірімізге жақындап амандасайықшы. Барлық оқушылар бір –бірімен амандасады.
Есім коплимент жаттығуы
Балалар ,сіздер білесіздерме өз-өзіне сенімді адам өзі туралы көп жақсы нәрселер айта алады, мақтай алады.Өз-өзімізге деген сенімділіктерімізді осы жаттығу арқылы арттыруды ұсынамын.
Әр қатысушы өз есімін айтып, өзі туралы жағымды ақпарат береді.
Әңгімелесу
Сенімділік деген сөзді қалай түсінесіздер? Жалпы сенімділік деген не?
Өз –өзіне деген сенімділік біздің өміріміз үшін маңызды ма?
Неліктен?
(Кейбір жаңдайлар да қорқыныш адамды билейді: ұтылу, жеңіліп қалу қорқыныш адамды билейді : ұтылу ,жеңіліп қалу қорқынышы араласып , кедергі келтіреді. Егер де сенімділіктеріміз тұрақты болмаса , осындай жағдайда сенімділіктеріміз азайып , сенімсіздік пайда болады. Өз сенімділіктерімізбен біздер әрқашан да жұмыстануымыз керекпіз)
Адамның өз-өзіне деген сенімділігі тұлға ретінде өте маңызды болып келеді, өзінің жеке пікірі болады , өзінің сеніміне сене алады. Балалар үлкендермен , өз замандастарымен тілдесі арқылы басқа адамдармен өмір сүруді үйренеді, қоғамдағы тәртіп ережелерін меңгереді.
Өз-өзіне деген сенімділік –адамның дене –бітімімен қоса ой санасының да түзу және дұрыс дамуының нәтижесі. Адам бойындағы сенімділіктің қарым-қатынаста және дербес шешім қабылдауда зор әсері бар. Өзіне сенімді адам айнаға қарағанда , сүйіспеншілікке , қамқорлыққ пен көңіл бөлуге лайықты адамды көреді.
«Құмыра» жаттығуы
Қатысушыларға ақ таза парақ беріледі. Таза параққа құмыраның суретін салу тапсырмасы беріледі. Әр оқушыға өз-өзіне сенімділік пен өз-өзін бағалау деңгейі айтылады.
(Неғұрлым құмыраның суреті парақтың жоғары жағына салынса, соғұрлым өз-өзін бағалау деңгейі жоғары. Неғұрлым құмыраның суреті үлкен болса, соғұрлым өз-өзіне деген сенімділік жоғары, Неғұрлым құмыраның аузы ашық болса , соғұрлым сурет салушы адамның қолы да ашық болады.
«Мұнара » жаттығуы
Қатысушылар шеңберге тұрады. Шеңбердің ортасына бір оқушы шығып , мұнара секілді артқа қарай құлау керек .Ал айналасындағы қатысушылар оны құлатып алмай ұстап қалу керек . Ортадағы оқушы ауысып тұрады .
Мәлімет беру: Психологтар не дейді?
Өз-өзіне сенімді адамдар әрқашан өзі қалаған нәрсені тез арада бастап кете алады. Сонымен қатар , олар өз-өзіне сенімсіз жандарға қарағанда шешімді , қандай іске болса да тиянақты әрі өте сенімді болады. Олар өз-өздеріне сенімді болатындықтары соншалықты істегелі отырған әрбір істерінен еш қателеспейді.
Бұл жайлы АҚШ психологтары сенімді және сенімсіз адамдарды түрлі әдістермен , мәселен бір ғана гипнозбен адамның өзіне деген қорқынышы мен қаншалықты батыл екендігін анықтаған. Өзіне сенімді адамдар тәуелсіз болып келеді және олар алдағы жоспарларын өздері талдап ,өзгелерден бұрын жемісін көреді.
Адамның сырт келбетінің қзі адамның қандай екенін байқатады.Өз-өзіне деген сенімдідігі күшті дамыған адамдардың сөйлеу мәнері де ерекше болатынын анықтаған. Олар нық , орынды , әрбір сөзді өз мәнерімен сөйлей алады. Сенімді адамдар айғайлап сөйлемейді, олар сөйлегенде денеңді шыбын шаққандай әсер қалдырып, сондай бір керемет сезімге бөлей отырып сөйлеседі. Оның ішкі таласы «мен бәрінен де жақсырақпын!» деп тұрады.
Ұялу , өзіне өзі сенбеу жақсы қасиеттер емес.Ең бастысы өз білгеніңше іс баста . Өзгелерге өтірік айтпа , ұрыс –керістерден қорықпа . Басқалар секілді сенің де қателесуің мүмкін екенін ұмытпа. Адамның сенімділігінің басты кепілі- үнемі күліп жүру екенін жадыңнан шығарма.
«Майшам тілегі» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбермен тұрып , тілектерін айтады.
Қортынды сөз:
Егер де сіз денсаулығы мықты адам болғыңыз келсе , дерт немесе ауру туралы емес , денсаулық туралы ойлаңыз. Сіздің санаңыздың орнын не басса , сол ойлар соқыр сезімге қосылады, ақыры сіздің өміріңіздің жартысына айналады.Сол үшін де тек жақсы ойлар керек. Жақсы ойлар ойласаңыздар , аз кемшіліктер жасап , бақыттырақ боласыздар.Өз-өзіне деген сенімділікті сезінудің өзі күш береді деп , өз сабағымды аяқтаймын.
шағым қалдыра аласыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген