Материалдар / " С.Жұмабекова-ғасырдың батыр анасы."эссе

" С.Жұмабекова-ғасырдың батыр анасы."эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні мұғаліміне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сәлима Жұмабекова – ғасырдың батыр анасы»

Біздің жерлесіміз, қармақшылық күріш өсіруші диқан Сәлима Жұмабекованың есімі республикаға танымал. Сәлима апамыз – ғасырдың батыр анасы атағын алған үш адамның бірі. Социалистік Еңбек Ері, Батыр Ана, Халық депутаты болған қайраткер анамыздың өмір жолы – барлығымызға өнеге, тағылым мен тәрбие. С.Жұмабекова Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, «Ақжар» кеңшарында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Оның 11 баласы, 37 немересі, 49 шөбересі бар. 1971-1973 жылдары егістіктен жоғары өнім алған. Содан соң облыс, республика көлемінде аты белгілі болды.

Сәлима апай 1962 жылға дейін құрылысшы болып істеп, бұл кәсіпті шебер меңгеріп, сылақшылық, тас қалаушылық өнерінің қыр-сырын игерген кәнігі маман болып қалыптасады. Сыр күрішін, Сырдың ақмаржанын өсіруге жан-тәнімен ден қойған.

Сәлима апай еңбектен рахат тап­қан, жастарға қам­қоршы болып, еңбекке баулып, білгенін үйретуден жалықпаған тәлімгер екенін, сол арқылы ауылдастары тарапынан әрдайым ризашылық пен құрметке бө­ленген сыйлы кісі бол­ғанын Сәлима Жұмабекқызының өмір жолы туралы жазылған шығар­маларда жазылған.

Сәлима апай бес қызды, бес ұлды қатарынан қал­дыр­май, жақсы тәрбиелеп өсірген. Бар өмірін, адал еңбегін балаларына арнады, бес ұлын ұяға, бес қызын қияға қондырған ардақты да асыл Ана болды. Сәлима апайдан төзімді, шыдамды, адал, таза, қазақ әйелінің жарқын келбетін танимыз. Қиын кезеңде жасымады, жүн­жімеді. Қиындыққа қарсы тұра білді, өзін де, өзгелерді де үлгілі істерімен риза етті. Сәлима апайға қарап, біздің қазақтың аналары қандай болғанын мақтанышпен айта аламыз. Сәлима апай отбасының ғана емес, елінің де мерейін тасытты, абыройын асқақтатты.

Адал еңбек, өнегелі өмір тәжірибесі оны биік абыройға, мәртебелі зор атақ­қа жеткізді. Еңбектегі ерен жетістіктері үшін бесжылдықтың қорытындысы бо­йынша Сәлима Жұмабековаға 1980 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

2000 жылы «Ғасырдың батыр анасы» атағын алып, келер жылы Астанада Ел­басының қа­былдауында болды.

Біздер, Сәлима апамыздың аналық, еңбеккерлік ерлігін, даналық қасиеттерін қастерлей білейік!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ