400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Сөйлеуді дамыту сабағындағы ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Технологиялық карта
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші Ахметова Динара Абдуалиевна

«Шұғыла» бөбекжай-бақшасы»

Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Байқадам ауылы


Сабақтың тақырыбы: «Сөйлеуді дамыту сабағы ойындар»

Сабақтың мақсаты:көпшілік алдында сөйлей білуге,ертегі желісі бойынша сөздік қорларын байыту,есте сақау қабілеттерін жетілдіру. Сұрақтарға жауап беруге,ойын арқылы балалардың ойлау жүйесімен тілін дамыту.

Сабақтың барысы:

Күлімдеп күн бүгін(қолдарын көтереді)

Қарады мағанда(қолдарын кеудесіне қояды)

Күлімдеп күн бүгін(қолындағы бағаға қарайды)

Қарады саған шуақпен төгіп нұр

(Сахнада орман бейнесі бейнеленген. Ориаға екі саңырауқұлақ шығады)

Бала-бақша есігін,

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз

Тағы,тағы,тағы да,

Бала-бақша көбейсін

Анамыздың бағына,

Бәрі де бар дегейсің

(Саңырауқұлақтар тақпақтарын айтып болып,шырша жанына отыра қалады)

Тәрбиеші:Баяғы өткен заманда әже мен атаның пісіріп қойған бауырсағы орманға қарай қашып кетіпті. Қашып,домалап келе жптқан кезде,бауырсақ үш саңырауқұлақты көріп, шошып кетеді

Бауырсақ:

-Ой,сендер кімсіңдер?

Саңырауқұлақтар:

-Біз саңырауқұлақтармыз

Бауырсақ:

-Сендер нешеусіңдер?

Саңырауқұлақтар:

-Сен санау білмейсің бе?

Бауырсақ:

-Жоқ

Саңырауқұлақ:

-Онда саған санап үйретейік 1,2,3

Бауырсақ 1,2,3 деп қайталайды да,әрі қарай домалап кете береді

Бауырсақ:

-Мен әжеденде қащтым атадан да қаштым,санауды да үйрендім

(алдынан қоян шыға келеді)

Қоян:

-Бауырсақ мен сені жеймін

Бауырсақ:

-Жемеші мен саған өлең айтып беремін

Қоян:

-Сен оданда менің айтқанымды қайтала

Сергіту сәті

Жел уледі-у-у

Құйын келіп биледі –зу-зу

Қатты-қатты жел соқты-гу-гу

Жапырақтар қол соқты-ду-ду


Бауырсақ:

-Мен әжеденде қащтым атадан да қаштым,санауды да үйрендім(осы кезде алдынан аю шығады)

Аю:

-Бауырсақ ,бауырсақ мен сені жеймін

Бауырсақ:

-Жемеші мен саған өлең айтып беремін

Аю:

-сенің өлеңіңді білмеймін. Одан да маған Ұқсас сөздерді тап.

Асық-қасық

Өрік-Бөрік

Есік-бесік

(Аю өз жөніне кетеді,бауырсақ домалап келе жатып,алдында жатқан)

Бауырсақ:

-Ой сен кімсің

Түлкі:

-Мен түлкімін,сен менің сұрақтарыма жауап бермесең мен сені жемеймін:

1.Бұл қай құс?

2. Бұл қай аң?(аю)

3.Суретте нені көріп тұрсыңдар ?.Түсі қандай? (Шар. Түсі көк)

4. Суретте адамның қай мүшесі бейнеленген?(көз)

5.Мынау қандай ыдыс?(шәйнек)

(Бауырсақ әрі қарай домала кете береді)


Бауырсақ:

--Мен әжеденде қащтым атадан да қаштым,санауды дабілмеймін

(Өзімен-өзі сойлеп келе жатқан бауырсақ тоқтай қалып, жан-жағына қарайды)

-Ой мен балабалабақшаға келіп қалыппын ғой

Қорытынды:

-Балалар біз қайда бардық?

-орманға

-Қандай ертегімен таныс болдыңдар?

-Бауырсақ

-Қандай тапсырмалар орындадыңдар?

-Ұқсас сөздерді таптық,сұрақтарға жауап бердік, тақпақ айттық

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскеше күн жақсы

Сау саламат болайық!










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі