Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
" СҮЙІСПЕНШІЛІК - ӨМІР НЕГІЗІ "
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түркістан облысы
Шардара ауданы
Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі
Тақырыбы:
«Сүйіспеншіліктен – өмір негізі!»
Орындаған: Г.Абуева
2021-2022 оқу жылы
Өзін - өзі тану бойынша сабақ жоспары
Тексерілді: _______________Л.Қалиева
«____»____________________2022 жыл
Мұғалімнің аты-жөні, тегі |
Абуева Г.Е |
|
Мерзімі: |
11.02.2022 жыл |
|
Класс: 3 б |
Оқушылар саны: 12 |
Қатыспаған оқушылар: |
Сабақтың тақырыбы |
« Сүйіспеншіліктен – өмір негізі» |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
Сүйіспеншілік – рухани құндылық. Сүйіспеншілік адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде.Адамдық сезім мен эмоциялардың көрінуін ажырата алады, қайырымдылық, жомарттық, кеңпейілділік таныта алады. |
|
Құндылық |
Сүйіспеншілік |
|
Қасиеттер: |
Жақсылық жасау,қамқорлық, мейірімділік. |
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға бәрі де сүйіспеншіліктен басталатындығының маңыздылығын түсіндіру арқылы жалпыадамзаттық Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. |
|
Сабақтың міндеттері |
|
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері / Уақыт |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) 1. Жағымды көңіл күй (1-3 мин) |
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді. 5 «Т» ережесін еске түсіру. «Жылылық шеңбері» жаттығуын өткізеді. Мұғалім балаларға шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруін ұйымдастырады.«Жылылық шеңберін» құра отырып, жанында тұрған досы,сыныптасының жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізуін сұрайды. Қайырымды жандар айнала , Шеңберге келсін жайлана. Жалықпастан қайта біз, Сүйіспеншілікпен жылы сөз айтамыз, – деп лебіздер тізбегін бастап береді. Мұғалім оқушыларға ризашылығын білдіреді. |
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді. Оқушыларжылы сөздерді бір-біріне күлімдеп кезекпен айтып шығады.Жылы сөз айту арқылы, жағымды күйге келіп, жақсы сөз арнауға, бейімделеді. |
Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, Ф. Шопеннің "Мечта" аудиожазбасы |
2.Үй тапсырма-сын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин) |
Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды «риясыз сүйіспеншілік» ұғымының маңыздылығын түсінуге ұмтылдырады. Сұрақтар:
|
Оқушылар әңгіме мазмұнын айтады. Сұрақтардың көмегімен оқушылар Адамзаттың жүрегі сүйіспеншілікке,жаны жақсылыққа толы екендігін топшылайды. Ойдағы,сөздегі, іс-әрекеттегі сүйіспеншіліктің тұтастығын ұғынады. Адамдардың бір-біріне жақсы тілек тілеуі,жылы сөз айтуы, қамқорлық көрсетуі,жақсылық жасауы арқылы адамдардың бәрін жақсы көруге болатындығын түсінеді. |
|
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин) |
«Табиғаттағы барлық жылу – күннен, Өмірдегі барлық жылу– адамнан» М.Пришвин -Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? -Адам жылулығын қалай сезуге болады? Мұғалім дәйексөзбен таныстырады. Дәйексөзді дауыстап оқып береді Оқушыларға дәйексөзді қайталап, дәптерге жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды. |
Оқушылар нақыл сөздің мағынасын талқылайды, оны 2-3 рет қайталайды және дәптерге жазады. Адамдарғариясыз сүйіспеншілік таныту айналаға жылулық таратып,жарыққа шығарумен астасып жатқандығы туралы ой түйіндейді. Кез келген адам жүрегінен жылулық бере алатындына көз жеткізеді. |
Презентация,слайд. Жұмыс дәптерлері. |
4. Оқиғалар айту (әңгімелесу) (3-7 мин) |
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың сыйы ретінде «Ана махаббаты» әңгімесін тыңдауға шақырамын. «Ана махаббаты» аңыз әңгіме Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды: -Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз? Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді: -Мынау- шырақ, ол — мен! Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты. -Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма? - Жоқ! -Менің шырағымның жалыны бір қалыпты. Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді… Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер! Сұрақтар: 1.Балалар не себепті келісімге келе алмады? 2.Ана өз сүйіспеншілігін қалай көрсетті? 3. Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер? -Сендер шыр етіп дүниеге келгенде ата-анаңның қуанышында шек болмады. Ал сендер алғаш рет сәби жүректеріңмен анаңның аялы алақанын, мейірленген риясыз сүйіспеншілігін сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы риясыз сүйіспеншіліктен басталып, адам жанын нұрға , көңілін қуанышқа бөлейді |
Оқушылар арасында оқиғаға талдау жасайды.Шығарманы талдау барысында мұғалімнің рухани тұрғыда қойылған сұрақтарына жауап береді. Айналасындағы қоршаған әлемге риясыз сүйіспеншілік таныту: жақсылық жасау, қамқорлық көрсету асыл қасиеттер екенін ұғынады. Мейірімділік таныту адамдарды бақытқа бөлейтінін, шаттыққа кенелтетінін түсінеді. Сол арқылы басқа жандардың (жан-жануарлардың, құстардың) жан дүниесін түсіну,сезімтал болу,өз сүйіспеншілігін білдіру түсінігі мол адамның ісіекендігіне көз жеткізеді. Өз бойындағы биік адамгершіліктің белгісі екенін ұғады. |
|
5. Шығармашылық жұмыс (12-15 мин) |
Мұғалім оқушыларды 3 топқа біріктіреді және әр топта жұмыс ұйымдастырады. Сабақтағы алған білімдерін іс жүзінде қолдануға бағыттайды. 1-топ. «Омар атайға хат» жазу . Әңгімелеу кезеңіндегі Ананың махаббаты арнап хат жазу тапсырылады. 2-топ. «Сүйіспеншілік тамшылары» Оқушыларға алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қима қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерінің суретін салып немесе жазып жеткізуін тапсырады. 3-топ. «Сүйіспеншілік» сөзіне ребус құрастыру. Топтағы әр оқушы өзі жақсы көретін адамдардың есіміндегі алғашқы әріптеріненнемесе буындарынан «Сүйіспеншілік» сөзін құрастыруды тапсырады. |
Омар атаға өз жанынан хат жазу арқылы айналаға мейірімділік танытудың маңызын терең түсінеді.Омар атай бойынан табылған қасиеттерді өзіне үлгі етеді. Тақтадағы ақ қағазға тамшыларды іледі.Тамшы ілініп жатқанда, әр бала өзгелерге,айналасына өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді.Әрқайсысының тамшыдай жасаған жақсылықтарын қосқанда үлкен дарияға айналатындығын ұғынады. Жақсы көретін адамдарды еске түсіру барысында сүйіспеншілік қуатын сезіне алады. |
Флипчарт-тар, баяу әуен қойылады.
|
6. Үй тапсырмасы (1-2 мин) |
Сүйіспеншілік- өзін-өзі , өзгелерді тануға жетелеп, өзгелерді сыйлауға негіз болады. Сүйіспеншілік – Отанды, елді құрметтеуге үйретеді, табиғаттың сұлулығын сезіндіреді. |
Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады. |
|
7. Топпен ән айту (2-3 мин) |
Мұғалім оқушылармен бірге Асел Бекежанның «Ай дидарлы анашым»әнін орындайды. 1.Еркелетіп
өсірген, |
Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды. |
Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі. https://youtu.be/8co-kbJx0RA?list=PLaPMiIMhJv_7dU9132VI-4B8M4eY2leLX |
8. Сабақтың қортынды сәті (1 мин) |
Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді еске түсіріп, оны жүрегіне сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға әр кез сүйіспеншілік жасауға шақырып, бүгінгі сабақ үшін рақмет айтады. |
Оқушылар рефлексия жасайды. |
Баяу композиция қойылады. |