Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: «Қоршаған орта»
Тақырыбы: Су мен ауа.
Мақсаты: су мен ауаның қасиеттерімен танысу
арқылы тәжірибе жасай отырып, ойлау белсенділіктерін
арттыру.
Жылулық шеңбер:
Сәлеметсіңдерме балалар, мен сендерді жылулық
шеңберіне шақырамын.
Табиғат біздің анамыз ,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз
әдепті баламыз.
-Балалар, табиғат нешеге
бөлінеді?
-Екіге
-Қандай болып?
-Өлі және тірі.
-Тірі табиғатты кім атап
береді?
-Өлі табиғатты кім атап береді?
-Жарайсыңдар!
Жұмбақ жасыру.
-
Жылт-жылт еткен, жылғадан
өткен.
-
Көзге көрінбейді, жұтсақ
білінбейді.
- Ендеше, біз сендермен бүгінгі оқу қызметімізде
су мен ауаның қасиеттерін зерттеп, бақылайтын
боламыз.
- Ол үшін зерттеу орталығына саяхатқа
шығамыз.
(Судың дыбысына назар аудару)
-Ой
балалар, бұл ненің дыбысы?
-Біз қайда келдік?
-
Су орталығының есігіне су перісі сендерге арнап сұрақ жасырыпты.
Сұраққа жауап берсек қана Зерттеу орталығына кіре аламыз. Су
перісінің сұрағын мұқият тыңдаңдар.
-
Су не үшін қажет, ол туралы не білесіңдер?
1.Су деген өмір көзі,
Тіршіліктің нәрі бұл.
2.Су болмаса оянбайды
Табиғаттың барлығы.
3.
Болмас еді шөп – шалаң
Болмас еді тірі жан
4.Сол себепті балалар,
Ысырап қылмайық суды.
-Жарайсыңдар, су перісі сендерге риза
болды.
Тәжірибе жасау және оны
дәлелдеу.
1.Су сұйық (Суды екінші ыдысқа құю
арқылы)
2.Пішіні болмайды (Әр түрлі көлемдегі ыдыстарды
пайдалану арқылы дәлелдеу)
3.Дәмі және иісі жоқ ( Суға қант, тұз салу және
шырын мен суды салыстыру)
4.Мөлдір, таза (Екі қағазға сурет салып, оны сүт
және су құйылған ыдыс арқылы көруге мүмкіндік жасау ) Суреттер
арқылы тақтаға іліп отыру.
Сергіту сәті:
Күн
сәуле шашқаның үшін рахмет
Бұлт жаңбыр сепкенің үшін
рахмет
Аспан таза ауаң үшін рахмет
Ағаш көлеңкең үшін рахмет
Табиғат бәрі үшін рахмет
-Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шарлар, өздері
көңілді сияқты!
-Бір-ақ , ішіндегі бір шар солып,көңілсіз
сияқты.Бұл шардың көңілді, әдемі болуы үшін не істей аламыз
балалар?
-Дқрыс айтасыңдар, кәне бәріміз шарларды үрлеп
көңілді шарлар жасайық.
-Үрлегенде шардың ішінде не пайда болды, қалай
ойлайсыңдар?
-Ауа
-Ауа барлық жерде кездеседі. Өйткені біз ауасыз
өмір сүре алмаймыз. Оны біз шарды үрлеу арқылы білдік. Үрлегенде
ішіміздегі ауа шардың ішіне барып, ол үлкен, әдемі болды. Егер біз
тыныстамасақ онда ауаның жоқтығынан өліп кетеміз.
-Сонымен Ауа бізге не үшін
қажет?
-Ауаны кім көрді, ол көріне ме?
-Оң
жағымызға қараймыз, сол жағымызға, жоғары, төмен қарайық, ұстап
көрейік, көріне ме?
-Иісі бар ма?
-Дәмі ше?
Тәжірибе жасау және дәлелдеу
Ойын ойнату:
1.Қалтаны алып кім көп ауа ұстайды? (Ауа түссіз
көрінбейді)
2.Ауа барлық жерде бар. (Түтікшемен суға
үрлеу)
3.Ауа жеңіл.(Көпіршіктер ұшыру)
4.Банканың ішіндегі ауаны анықтау.(Ыдыстың
ішіндегі қағаздың құрғақтығын тәжірибе арқылы
дәлелдеу)
5.Қағаз желпуіш арқылы желді анықтау (Жел ауаның
қозғалысы екенін дәлдеу
Ойын: Жер-жүру
Су-малтау
Ауа-ұшу
Қорытындылау: Бейне таспа көрсету арқылы
оқу қызыметін аяқтау.