Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Сыйынар ем - Ана деген тәңірге »

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Сыйынар ем - Ана деген тәңірге »

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шарлар,

Кіріспе:

Мейірман: Кеш жарық, қымбатты аналар, ұстаздар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Бірге:  Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Данияр: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз!

Айдар:  Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын… Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Бектурганова Гульбаршин Бексултановнаға беріледі.

 

Рүстем: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар.

Мейірман: Рүстем сенмен толық келісемін.  «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.

Айдар: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне біздің сыныптың арландай  «Жігіттер» квартетінің орындауындағы «аяулы Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.

 

Рүстем: Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген.

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген –  дей отырып келесі кезекті біздің биші қыздарымыздың орындауындағы «Наурыз» биіне береміз.

 

Мейірман: Ия, қыздар жарайсыңдар. Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры , аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем ән сіздерге арналады. Талантты Томирис, Мәдениетті Мадина,  нәзік Нұршуақ, ақылды Аружан әдепті Әдия және жарқын Жазираның орындауындағы «Әлемнің жарығы» әнін қабыл алыңыздар.

 

Айдар: Бүгіңгі біздің әсем қыздарымызға  қошемет көрсетейік! Аналар адамды бесігімен баулиды… Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

Мейірман: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда біздің ару қыздарымыздың флешмоб биі

 

Данияр: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

Рүстем: Данияр, осы сөздер жүрегімнен шығып жатыр. Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда 5-сынып оқушыларының сомданудағы  «Келін таңдау» көрінісі. Қабыл алыңыздар!

 

Мейірман: Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды.

Олай болса балаларымыздың аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. (5-сынып оқушыларының жыр шашуы)

 

Айдар: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Мейірман:  Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Рүстем: ия дұрыс айтасын Мейірман. Осындай мерекеде анамызға сыйлық сыйламаған дұрыс болмас, сондықтан өз қолымыздан шын жүректен жасалған сыйлығымызды сыйлауға рұқсат етіңіздер!

 

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Айдар: Барша ана, құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Рүстем: Құрметті қонақтар ,біздің «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Сіздерді сыныппен дайындаған ақ дастархан басына шақырамыз!

Сау-саламатта болыңыздар!





« Теміртау қаласы №2 жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Shape1





Дайындаған: Бахиева К.М.





2015\2016 оқу жылы

« Сыйынар ем - Ана деген тәңірге »

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Picture 13

Picture 14

2015\16ж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
534
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12