« Тәуелсіздік тұғыры биікте»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Тәуелсіздік тұғыры биікте»

Материал туралы қысқаша түсінік
тарбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

« Тәуелсіздік тұғыры биікте»

Сынып сағатының

-Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. Жылдар бойы жеткен ҚР жетістіктері. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

  • Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру

Бағалау критерийлері:

  • Елін,жерін сүюге,туған тарихын білуге,құрмет көрсетуге деген саналы көзқарас қалыптасады;

Сынып сағатының түрі:

-танымдық сабақ

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Сыныпты пазл құрау арқылы үш топқа бөлу.

Сынып жетекші: Армысыздар, әріптестер, қонақтар және шәкірттерім! "Тәуелсіздік тұғыры биікте!" атты сынып сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жок. Бұл күнге қаншама қандастарымыз өз өмірлерін қиды. Әсіресе Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететініне енді ешқандай күмән жоқ. 1991 жылы иісі қазақ Тәуелсіздікке қолы жетіп шаттыққа бөленді.

Туымен тұғырлы, Елтанбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты

Жыр ғұмыр, жан азығым, әнұраным,

Мен сені естімесем сағынамын.

Алтынға айырбастамас ата - анамдай.

Туғалы сенсің менің танығаным.

Шексіз көк аспанды жамылады,

Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі.

Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын

Әнұран — Мемлекеттің халық әні.

Әнұран орындалады

Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! 

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады.

Тәуелсіздік! Бұл неге соншама қастерлі сөз?! Неге соншама қастерлі ұғым?! Әдетте әр халық, дәлірек айтқанда әр ұлт өз елін өзгеге билетпеуге күш салады. Өзі мекендейтін жерді жаудан жанын сала қорғайды.Бұл — атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр.

Жұмагелді Жандаулет шығарған өлеңін оқиды

«Ой ашар» сұрақ – жауап әдісі.Топтарға тапсырма
– Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
– Біздің Отанымыз -….
– Біз қай ұлтпыз?
– Қандай Республикамыз?
– Біздің ана тіліміз қандай тіл?
– Елбасымыз кім?
– Балалар, біз қандай елміз?
– Қай жылы тәуелсіздік алдық?
– Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
– Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)


- Өз біліміміздітексеріп, қаншалықты білетіндігімізді байқау үшін «Додекаэдр» әдісі оқушылар дөңгелене тұрады. Сұрақтарға жылдам жауап береді .

Слайд. Тәуелсіздік шежіресі. «Сандар сөйлейді» ойыны.

1) 1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16 - желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.

2) 1991 жылы 10 - қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

3) 1992жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ - на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.

4) 1993 жыл қарашаның 15күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.

5) 1994жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.

Екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

6) 1995жыл тамыздың 30да Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.

7) 1996жыл 30қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.

8) 1997жыл қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.

9) 1997жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.

10) 1997жылы Тіл туралы Заң қабылданды.

11) 1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6 - мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті

12) 1999жыл 10қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 7 - жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

13) 2000жыл Мәдениетті қолдау жылы. Шежірелі Түркістанның 1500жылдығы тойланды.

14) 2001жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21 - ғасырды зор сеніммен қарсы алды.

Ақпан айының алғашқы жетісінде Тәуелсіз Қазақстан мұғалімдерінің ІІсъезі өтті.

Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев 2001жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады. «Туған өлкем» өлеңін оқиды.

15) 2006жыл! Желтоқсан оқиғасының 20жылдығы аталып өтті. 2006 - 2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды.

16) 2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді..

17) 2010жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды

18. 2011жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н. Ә. Назарбаев болды.19. 2019 жылдың 20-наурызынан бастап әрекет етуші Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы. 2022 жылдың 5-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.

Үш топтан бір бірден оқушы шығады.«Тарси» әдісі арылы тапсырма орындау.

Қорытынды.

Міне, оқушылар, бүгін сендер Тәуелсіздік мерекесі күні өз еліміздің тарихы жайлы, Тәуелсіздік жолындағы күресі, Желтоқсан құрбандары туралы көп нәрсені ортаға салдыңдар, үлкен сабақ алдыңдар деп ойлаймын.

Ендігі сендерге айтарым: осы Тәуелсіз еліміздің туын әр кез биік ұстауға тырысыңдар. Ел бейбітшілігін, ел тыныштығын сақтау жолында күресе біліңдер. Әрине, ол күрес бейбіт күрес болуға тиіс. Еліміздің болашағы өздерің. Сондықтан да сендер осындай Қазақстан атты бейбіт, Тәуелсіз елдің азаматы екендеріңді әрқашан естен шығармай, іштей мақтан тұтып жүріңдер. Сендерге сәттілік, ақ жол тілеймін!

Мұғалім:

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз

Кері байланыс.

Не білдім? Не үйрендім?

«Жақсы тілек» оқушылар тілектерін білдіреді



















Алғашқы сөз (кезең)






































Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі




























































Соңы (бекіту)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.12.2023
392
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі